Байланысты: Жаңартылған оқу бағдарламасындағы әлем әдебиеті үлгілерін оқыту әдіс-тәсілдері
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқытуда түрлі инновациялық технологялар мен оқыту әдістемесімен қарулану керек. Яғни білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Әсіресе, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру, сол білімді өмірлік жағдаяттарда қолдануды үйрету. Бүгінгі таңда «дарынды оқушы», «дарындылық» деген ұғымдарға берілген анықтамалар бірізді емес. Бұның бір себебі, «дарындылық» ұғымын әр ғалымның әртүрлі аспектіде қарастыруы болса, екінші себеп аталмыш ұғымның кең ауқымдылығы. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі дамытуға, ұштауға, қоғамның беткеұстар азаматы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын үлкен жауапкершілік.
Орыс ғалымы С.В.Кузнецова «оқушы дарындылығы» деген ұғымға келесідей анықтама береді: «Оқушы дарындылығы — осы білімді кез-келген жағдайға қолдана алатын, білімнің кеңдігі, жас ерекшелігіне сәйкес жоғары белсенділігі, психикалық процестерінің дамуының жоғары деңгейлігі, дұрыс ой-түйіндерге сүйене отырып, жұмысты жемісті орындауды қамтамасыз ететін психикалық қасиеттерінің жиынтығы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – «азамат ретінде өз көзқарастарын қалыптастыруда және мінез ерекшеліктері мен құндылықтарын, жеке дағдыларын дамытуда, адамзатқа ортақ сұрақтарды зерттеуде әдебиеттің маңыздылығын айқындай білуді және түсінуді үйрету. Пән мазмұнында әдебиеттің тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен, тәрбиемен сабақтастықта меңгертілуі оқушының дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға оң ықпал етеді» деп кӛрсетілген.
Бағдарламаның мақсаты айқын болғанмен, тілі жұтаң, сөйлемдер шұбалаңқы. Тәжірибе барысында нәтижеге қол жеткізу оңай болмай тұр. Сондықтан аталған бағдарламаға айтылар сын да жетерлік.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескеріп, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді. Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 5-6 сыныптарда 90 минуттан, 7-9 сыныптарда 110 минуттан, 10-11 сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс. Бұл да оқушы жағдайын оңтайландыруға жасалған қадам.
Шетел әдебиеті – әлемдік мәдениеттің ең маңызды және құрамдас бөлігі. Ұлттық мәдениетімізге және әдебиетімізге үнемі орасан зор ықпал етіп отырады. Шетел әдебиеті гуманитарлық білім беруде әрқашан маңызды роль атқарады.Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін.
Қазіргі уақытта қазақ әдебиеттану ғылымы әдебиеттегі әдіс, бағыт, ағым мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауда. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік-идеялық бағыттарды әлемдік әдебиеттің шеңберінде қарастырып жүрміз. Солардың ішінде әлем әдебиетінде ғана емес өзіміздің ұлт әдебиетімізде де өзіндік із қалдырған «натурализм» деп айтар едік.
Француз әдебиетінде бұл тәсілді еңгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмның тууын ең алғаш байқаған – Теодор Фонтане. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа мектепті көріп, өздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің жағдайы қандай екен? Орыс жазушылары Достоевский, Тургенев, Толстой шығармаларында натурализм көрніс тапты. Орыс әдебиетінде «натуралдық мектептің» негізін қалаушы Гоголь, идеялық дем беруші Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор. Қазақ әдебиетіндегі натурализм – әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. Бұл ағым жөнінде осы кезге дейін жазылған еңбектер аз. Тек сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу түрінде берілген. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмның» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Зерттеуші З.Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гөрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады. Натурализм қазақ әдебиетіне қанатын жайып, тамыр тастаған құбылыс емес. Бұның себебі қазақ халқы жалаң табиғаттан гөрі әдемілік, арман-қиялға көп берілгендігінен болар. Романтизм халықтың арман-мақсатын, тілек-ниетін білдіріп аңыздар, қиял-ғажайып ертегілер бойынан көрініс берсе, натурализм адам өмірінің жалаң физиологиялық жақтарын көрсетуге талпынып, қазақ әдебиетіне «өзгешелеу» ағым ретінде ене бастады. Тамырын тереңге жая алмағанымен қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Қазақ баласы тумасынан романтик болғандықтан, романтизм құбылысы ұлттық әдебиетімізге сіңіп, етене жақын болып кетті. Қазақ әдебиетіндегі натурализм туралы елеулі пікір айтқан ғалымдарымыздың қатарына Е.Ысмайлов, М.Қаратаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғалиды, тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеуші ғалым С.Жұмағұлов, Ж.Жарылғаповты т.б. жатқызамыз. Академик М.Қаратаевтың мына ой-толғамынан көреміз: «Сәтсіздіктердің үлкен себебінің бірі- адам образын түюдегі жалаңдық, біржақтылық. Мұның арғы атасы натурализм – схема, штамп. Бұл тек сол кезеңнің ғана емес, соңғы онжылдықтың да әдеби даму процесінің дамуына, әдебиет саласының көтерілуіне кедергі жасап келе жатқан шырмау, шикілік» десе, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыншы-ғалым Е.С.Ысмайылов «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы» мақаласында натурализм элементтерін мысалға келтіре отырып, кемшіліктерді батыл сынға алады.
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде, автор баяндауын өзгертіп, мәтін мазмұны, негізгі айтар ойы өзгертілмейді. Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі. Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады, кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да, күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін, толғанысын да арқау етеді.
Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:
а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.
ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.
Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты – оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар, өрнектеу (моделирование), диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т.б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, лайдпро, кодоскоптар қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.
Рольдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекеті негізінде беріледі. Оның ойлауы мен іс-әрекеті қатар жүреді. Тіл үйренуші өткен материалдарды қайталау арқылы лексикалық та, грамматикалық та дағды қалыптастырады.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше бұрыннан бар дағды, әдістерді басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірибеде қолданады. Бұдан ұтатынымыз – тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға, қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас жасай білуіне ықпал етеміз.
Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процессті ұйымдастырудың ең тиімді жолы.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ ағылшын тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері түсіндіріледі.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі әрі жиі қолданылады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талаптарға сай әрі екі немесе үш түстен болуы керек. Бұл әдістің сөздік қорды дамытуда орны бөлек.
Келесі әдіс – сұрақ-жауап әдісі. Бұл - балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға қолайлы. Өте белгілі де тиімді әдіс.
Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады. Оқытушы ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. Оқушылармен түрлі әдеби-музыкалық ойындар өткізу – олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар сөйлемді оқығанда сөйлеу дикциясын дұрыс келтіріп үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.
Интерактивтік әдіс. Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін.
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны тарих, социология мәселелері қызықтырды, экономикалық, философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ саяхатшысы Дж. Кеннанның «Сібір және сүргін» (1906) атты кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә. Бөкейхановтың ақынға арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда И. В. Гетенің, Г. Ф. Шиллердің, Г. Гейненің, Э. М. Губер, П. И. Бейнберг, А. А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының ішінде «орыс немістері» Е. П. Михаэлис пен А. Л. Блек те бар еді. Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланған Семей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың Михаэлиспен және Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. Гете мен Абай шығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ көктемі» кітабына Абайдың патриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады. Абайдың Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың «Алатау аясындағы достар» деген очеркі мен «Катаринаға арналған раушан» (Берлин, 1971) жинағында айтылады. «Шетел жазушыларының лексикасында» Абай туралы өмірбаяндық деректер берілген. Мәдени-саяси «Зонтаг» апталығы оқушыларға Семей облысының Қарауыл қыстағында «Ақындар аллеясы» ашылып, Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда қазақ жазушысы Қ. Исабаев көп улес қосты. 1979 ж. оның тікелей қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар «Қазақтың Гете аудармашылары» планшетін, Мүрсейіт қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. Абай мұрасын Түпнұсқадан тікелей неміс тілінде тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда да Абайды негізінен М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары - Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг елеулі үлес қосып жүр. Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше ғылыми мақала және екі кітап жазды.
Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады. Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттары 1) «Түсіну және жауап беру», 2) «Анализ және интерпретация», 3) «Бағалау және салыстыру» деп, үш топқа бӛлініп жүйеленді. Бұлардың алғашқы сыңарлары Блумның таксономиясындағы басты құрамдастар, қалған үшеуін бағдарламаны құрастырушылар мен бекітушілер қосқан. Бұл – білім берудің тарихы мен теориясында, оқыту мақсаттары бойынша ғылым мен білім қорында қалыптасқан, білім беру ӛндірісінде стандарттық деңгейде кеңінен қолданылып отырған ғылыми-әдістемелік, психологиялық, танымдық, нормативтік жүйе негізінен ауытқудың кӛрінісі.
Таным деңгейлері арасындағы иерархиялық жүйені бұзу жүйесіздікке әкеліп соқпай қоймайды.
Әлем әдебиетін оқыту бағдарламаларындағы осындай 14 мақсаттың бірінің сипатына назар аударайық. «Анализ және интерпретация» бөлімінің құрамындағы бес бөлімшенің бірі – Автор бейнесі деп аталады.
Автор бейнесі бөлімшесінде білім алушылар үшін 10- 11-сыныптарда мынадай нақты оқу мақсаттары қойылған:
1) 10-сыныпта «шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау» / «автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау» қажет.
2) 11-сыныпта «автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау» / «шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын ашу» шарт.
5-9-сыныптардаға оқу мақсаттары мынадай:
3) 5-сыныпта «эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтауға» тиіс.