Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың тиімділігі



Дата27.04.2023
өлшемі51 Kb.
#87520
түріСабақ

Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың тиімділігі

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде оқу – білімнің, соның ішінде біздің болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздерізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»деген болатын.
Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана – білім. Яғни,ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелер құдіретті күштің бірі білім болса, оның діңгегінің мықты да сапалы болуы үшін жас ұрпаққа заманауи білім мен тәрбие беру- қазіргі кезеңнің өзекті мәселесіне айналғаны ақиқат.
Жаңа әдіс- тәсілдерді сабақта қолдану барысында күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, оқушының өздігінен оқып түйінді мәселелерді іріктеп алуы, өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білуі, оқуға деген қызығушылығының артуы, ынталы, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, ақпаратты қабылдап қолдануға, саралап, даралауға, жүйелеуге дағдылануы қамтамасыз ету.
Қазіргі таңдағы жаңа форматтағы жаңашыл мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші, сабаққа қойылған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтиженің орындалуын қадағалаушы. Әрбір ұстаз әр баланың талабын оның ішкі жан дүниесін жүрегінен ұға алу керек.Жаңа формация мұғалімі-бұл пәндік білім жүйесінің, іскерлік пен дағдының, кез-келген ғылыми білім сапасын меңгерген маман ғана емес, оқыту технологиясының жүйесімен, оқушылардың өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерімен қаруланған тұлға. Ал оқушы ізденуші, білімді өз бетімен меңгеріп, тақырыптың мақсатына өзі жетуі керек. Оқудағы жаңа тәсілдер балаларға оқуды өз бетінше жалғастыруға қажет білімді жинау жауапкершілігін түсінуге, оны өз мойнына қалай алуға болатынын көрсетуге көмектеседі.
Үздіксіз білім берудегі жаңа тәсілдер оқыту әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, бұл сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқудаақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардыпайдалану.
Талантты жәнедарындыбалалардыоқыту.
Оқушылардыңжасерекшелігінесәйкесоқыту.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісетін болсам «Өзгерісті енгізу өзіңнен басталады», өзгеріс енуүшіналдыменмұғалімөзіөзгеруікерек.
Дәстүлі сабақтағыдай емес,сабақ барысында оқушылардың өзгеше бір-бірімен тығызбайланысатын жеті модуль аясында сабақтар өткізе отырып, тізбектелген сабақтар топтамамда түрлі стратегияларды қамтып шығармашылықа қол жеткіздім. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын ойлаудың танымдық деңгейлері арқылы (Блум таксаномиясы) бойынша құруды әдетке айналдырдым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарында сабақтың мақсаты, міндеттері модульдер мен стратегиялар, ресурстар және күтілетін нәтижелер көрсетілді.
Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір жаңа тәсіл ол-топтық жұмыстарды ұйымдастыру.Сабақты бастамас бұрын оқушылармен сынып ішінде психологиялық ахуал орнату топқа бөлініп жұмыс жасау үшін және сабақтың тартымды өтуі үшін маңызды екенін байқадым.
Мәселен, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге бағыттайды, бір-бірінің пікірін тыңдай білу, топ арасында достық қарым-қатынастары арта түсуіне, ойларын ортаға сала білу, кері байланыс орнатуда ортақ пікірге келу, тәуелсіз зерттеуші ретінде жұмыс жасай отырып «Қалай оқу керектігін үйренеді», және«Диалог негізінде оқыту және оқу»тәсілдері қалыпта сабастайды. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде Мерсер мен Литлтон (2007)өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. (мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет) Әр сабағымда пікірталас, әңгіме-дебат және зерттеушілік әңгіме деп қолданылған диалогтың түрлерін кеңінен қолдандым. Сабақтағы көптеген талқылаулар әңгіме түрінде жүрді.Сыныпта оқушылар берілген сұрақтарды топта одан кейін сыныпта талқылай отырып, жаңа сабақты сыныптастарымен біріге отырып игерді. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деген тұжырымдамасына сүйене отырып, сабақта оқушылардың диалогтық әңгімеге тартудың маңыздылығын ескеруге тырыстым. Диалогтық оқыту оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, сыныптағы оқушылармен пікір алмасуына, білімін толықтыруға мүмкіндік береді. Өзімнің іс-тәжірибемде «үнсіз оқушы» В сабаққа деген белсенділігінің арта түскенін байқадым. Әдебиеттік оқу пәнінен В біршама ашылып, ортаға өзіндік ой-пікірін жүйелеп айта алатындай қабілетке жетті. Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы бір-біріне сұрақ қою, құнды пікірлер айтуға қалыптасты. Ортақ шешімге келу, бір-бірінің білімін толықтыру, бірін-бірі оқыту қабілеттері артты. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі оқушы мен мұғалімді «ойлау туралы ойлануға» және шығармашылық ой еркіндігіне бағыттайды. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі Бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысты. Ол көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс –әрекетке жаңа тәсілдер енгізуге, сыни тұрғыдан ойланып құзіретті тұлға қалыптастыруға бағытталған.Эдвар-Де Боненің«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын, «Жұптас-ойлан-талқыла», «Ашық хат» стратегияларын пайдалана отырып өзімнің іс-тәжірибемде сабақтар топтамасында«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету»модуліндеқамтыдым.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі оқушыларды үнемі ынталандырып, интерпретациясын оятуда және кері байланыс орнатуда өте тиімді екеніне көзіміз жетті. Бағалау-баланың дамуы, оқуы, ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі әділ бағалай алу қабілеті туралы құндылық. Оқушылардың өзін-өзі және сыныптасын бағалауы-оқуда алға қадам басуда үлкен көмек және басқа сыныптасының не айтып, не істегенін бақылап, білімін салыстыруы үшін маңызы өте зор. Сабақтың әр деңгейінде бағалауды әр түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіре отырып, оқушы білімнің қандай сатысында тұрғанын бақылап отырдым.Оқушыда өзінің қандай дәрежеде тапсырмаларды орындап отырғанын анық байқай алуына мүмкіндік туды. (төмеде бағалау түрлері көрсетілді) Бағалау үшін «Басбармақ», «Гүл шоқтары», «Кемпірқосақ», «Бағдаршам», «Баспалдақ», стратегияларын сабақтар топтамамда түрлендіре пайдалана отырып олардың өз білімдерін әділ бағалай алатын қабілеттерінің қалыптасқанын байқадым. Өз жауаптарының бағаланатын сезген оқушылар құнды пікірлер айтуға қалыптаса бастады, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдай білу дағдылары қалыптасты және ең құнды, дұрыс жауаптарды таңдай білді. Сөйлеу мәнерлері жүйелене бастады.Ашық сұрақтар қою дағдылары қалыптасты. Бұдан оқушыларды басқа қырларынан тани бастадым.
Сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін әр сабақта үнемі қолдануды ескердім. Ізденіс жұмыстарын бере отырып, оқушылардың интернет желісінде жұмыс жасай алу қабілеттерін арттыра отырып, газет журналдарға жазылу арқылы функционалдық сауаттылықтарын арттыруға жетеледім. Әрине, оқушылардың білім деңгейлері бірдей емес. Бұл оқушы қабілетіне және жас ерекшеліктеріне де байланысты. Сабақтар топтамасын өткізу барысында «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін қолдана білдік. Выготский кіші жастағы балалардың когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен жұмыс жасау арқылы қалыптасатынын «Жақын арадағы даму аймағында» суреттеген. Осыны басшылыққа ала отырып қабілетті оқушы мен кіші жастағы оқушыларды «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс жасаттым. Оқушылардың өз-өзіне деген сенімдері арта түсті және пәнге деген қызығушылықтары да дамыды. Оқушыларым тек өз іс-әрекеттеріне ғана баға беріп қоймай сабақ соңында өз сезімдерін білдіріп, рефлексия жасап отыруды дағдыға айналдырды.
Ойымды қорытындылай келе ғұлама ғалым әл — Фараби «Адам мақсатына өзін — өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез — құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс тәсілдерінің барысында және іс әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез — құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін — өзі жетілдіреді.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін — өзі іске асыруға, өзін — өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі — осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет