Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Жамбыл Жабаев. Зілді бұйрық».
«Дейін, кейін» парақшасы.Оқушыларға таратылады. Олар «дейін» дегенді толтырады.
Дейін
Кейін
Ортасы
30 минут
Білу, түсіну. Тыңдалым.Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі туралы және сол өлеңнің аудио нұсқасын тыңдап, ойларын ортаға салыңдар.
Критерий: «Зілді бұйрық» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Дескриптор:1. Өлеңді мұқият мұқият тыңдайды
2. Тақырыбын анықтайды
3. Идеясына тоқталады
4. Өз көзқарасын білдіреді.
Қолдану, талдау. Шығармадағы оқиғаларды қара сөзге айналдырып, сипаттаңдар. Оқиғадан Бекболаттың іс-әрекеттерін талдаңдар.
Критерий: Шығармадағы Бекболаттың іс-әрекеттерін талдайды.
Дескрипторлар: 1. Шығармадағы фактілерді анықтайды
2. Бекболаттың төңірегіндегі оқиғаларды анықтайды
3. Оқиғаға өз көзқарасын білдіреді
4. Бекболаттың іс-әрекетінің дұрыс не бұрыстығын ажыратады
Жинақтау. бағалау. Тест.
1. «Зілді бұйрық» өлеңінен алынған тармақтың жалғасын табыңыз.
Келді де, алып кетті жақсыны айдап, ... A) Жақсыдан жақсы қоймай алды санап
B) Барады боздақтардың көзі жайнап
C) Қамалғандар тірідей тартты азап
D) Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
«Егер де бұл түріңді өзгертпесең, Басыңа бір ... саламыз!» - деп. A) бәлені
B) қорқыныш
C) ойранды
D) жағдайды
3.«Зілді бұйрық» өлеңінің ұйқасы –
A) шалыс ұйқас
B) ерікті ұйқас
C) шұбыртпалы ұйқас
D) қара өлең ұйқасы
Критерий: Шығарманы қорытындылау мақсатында, тест орындайды
Дескрипторлар: 1. Сұрақты оқиды
2. Өз жауабын береді
3. Дұрыс жауабымен салыстырады
Шығармадағы эпизодтарды қазіргі таңмен салыстырыңдар, оны қалай қайта жаңғыртуға болады?
Критерий: шығармадағы эпизодтарды салыстырып, шығармаға баға береді
Дескриптор: 1. Эпизодтарды анықтайды
2. Оның тарихпен байланысын анықтайды
3. Фактілерді анықтайды
4. Шығармадан мысал келтіріп, дәлелдейді
5. Шығарманың құндылығына баға береді
6. Оны қайта жаңғыртудың жолын ұсынады
ҚБ: «+/-/қызықты». Бір қызықты тұсын, бір тиімді тұсын, бір жетілдіретін тұсын айтады.