Құстардың ньюкасла ауруынан таза емес құс шаруашылығында ауруды жоюда келесі шаралар жүргізіледі: 1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, аурудан таза емес құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсілмен өлтіріледі және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетпеуіне және жайылмауына жол берілмеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткіш сөндіріледі, терезелер және есіктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткілікті балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсілмен өлтіріледі және тек ауру немесе ауруға күдікті құстардың көздері жойылады; 2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егерде барлық құстарды етке союмен қамтамасыз етудің мүмкіншілігі болмаған жағдайда - оларды ньюкасла ауруына қарсы егеді. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантинді алуға дейін, 2 аптадан кешіктірмей етке тапсыру қажет; 3) тұтас еттер қайнатылады және осы шаруашылықтың ішінде халыққа тамаққа қолданылады; 4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас еттері облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас дайындаушы кәсіпорындарына өндірістік қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жіберіледі; 5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық жағдайларды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерді, құрал-саймандарды, жабдықтарды дезинфекция жүргізе отырып жүзеге асырады; 6) клиникалық сау құстарды етке сою кезінде алынған түк-мамық және қауырсындарды дезинфекцияланады; 7) ньюкасла ауруы шыққанға дейінгі және карантин кезеңіндегі алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және аурудан таза емес шаруашылықтың ішінде тағамға қолданылады; 8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсілмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлік тағамдарға қолдануға, облыс ішіндегі тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының жайылып таралып кетуін болдырмау үшін шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлікті, жұмыс киімдері және аяқ киімдерді, қызметшіні санитариялық өңдеу);