Құстардың шешек ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
Құстардың шешегі (шешек-дифтерит) - ірі эпителиотропты сүзгіден өтуші вирус туғызатын, теріде өзіне тән шешектік өзгерістердің пайда болуымен және ауыз, жоғары тыныс жолдарының кілегей қабықтарының дифтероидтық бұзылуымен сипатталатын контагиоздық ауру. Вирустың үш түрі кездеседі: тауық шешегі, көгершін шешегі және канареек шешегі. Тауық шешегінің вирусымен ауыратындар: тауықтар, түйе құстар, фазандар, цесаркалар, павлиндер және басқа құстар. Індеттің көзіне ауру және ауырып жазылған құстар (ауырып жазылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде), шешек вирусымен залалданған жұмыртқалар, түк-мамықтары және қауырсындары, топырақ, азық, су, құралдар және қызметкерлердің жұмыс киімдері жатады. Ауруды таратушы үй және жабайы құстар, және де кеміргіштер, шыбын-шіркейлер (кенелер, шыбындар, бүргелер, масалар) бола алады.
Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары
Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі.
Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына шешекке қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.
Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-алу үзілісі іске асырылады.
Құстардың шешегін алдын алу үшін, осы ауруға, құс шешегіне қарсы вирус-вакцинасын оны қолдану нұсқаулығының ережелерін сақтай отырып егеді.
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
Құс шешегінен таза емес бекетте: құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдікті, және де әлсіз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою бекетінде етке сойылады; бұндай құстарды етке өткізу үшін етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға тасымалдап апаруға тиым салынады; қалған, аурудың клиникалық белгілері жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізуге ұсынады; құс етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі. Бұндай жағдайда ауру құстарды союдан алынған тұтас еттерді тасымалдап шығару және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас еттер, құс шаруашылығының ішінде де сатылуға рұқсат етілмейді. Құс шаруашылықтарында немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың үлкен партиясын етке сою кезінде, эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, құстардың тұтас еттері тиісті облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас мәзірлерін дайындаушы кәсіпорындарына тасымалданады;
ауру және ауруға күдікті құстарды етке сою кезіндегі алынған түк-мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтің сілтілік ерітіндісіне (едкий натрийінің 1%-ерітіндісіндегі 3%-формальдегид) 1 сағат батырып ұстау арқылы дезинфекциялайды, және түк өңдеуші кәсіпорындарына екі рет қапталып, ыдысқа салынып тасымалдауға шығарылады және ветеринариялық куәлікте (анықтама) шаруашылықтың шешектен таза екендігі туралы көрсетіледі;
Құс етін кедендік одақтың аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар.
Кедендік одақтың аумағына тараптар арасында тасымалдауға дені сау сойыс құстары жіберіледі. Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін құстар мен ет жəне басқа да азықтық ет шикізаттары, сояр алды ветеринарлық қарауға жатады, ал ұшалар ішкі мүшелері сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет жəне басқа да еттен жасалған өнімдер адамға тағамдық қолданысқа жарамды жəне таңбаланған болу керек. Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет жəне басқа да ет шикізаты дені сау сойыс құстардан алыну керек, аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес шаруашылықтан немесе əкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары: – орнитоз бойынша (пситтакозға) – тауық жəне күрке тауықтар шаруашылықтарында, шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы; – құс тұмауы – ХЭБ Кодексіне сəйкес міндетті түрде декларацияланған соңғы 6 ай бойы; – тұмаудың басқа түрлері – шаруашылықта соңғы 3 ай бойы; – құстардың Ньюкасл ауруы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы; – үйрек пен қаз шаруашылықтары – Держи ауруына, үйрек балапандарының вирусты гепатитіне, орнитоз – шаруашылықта соңғы 6 ай бойы; ХЭБ Кодексі талабына сəйкес союға жіберілетін құстар сальмонелезден таза шаруашылықтарынан шығарылу керек.
Құс еттерінде табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибио- тиктер, пестицидттер жəне басқа дəрі-дəрмекті заттар болмауы керек. Еттің микробиологиялық, физико-химиялық, химико- токсикологиялық жəне радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Әртүрлi инфекциялық және басқа аурулар кезінде құс еттерiн және iшкi мүшелерін санитариялық бағалау
Туберкулез. Iшкi мүшелер зақымданса және ұша арық болса, жойылады. Егер де кейбiр мүшелер зақымданса, бiрақ ұшаның қоңдылығы жақсы болса, iшкi мүшелер жойылады, ал ұшаны пiсiрiп шығарады. Туберкулинге оң нәтиже берген құстың ұшалары, туберкулезге шалдыққаны болмаса пiсiрiп шығарады немесе консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсызданады
Сальмонеллез. Iшкi мүшелері өтелдеуге жiберiледi, ұшасы пiсiрiледi немесе консервi жасауға жiберiледi. Орнитоз (Пситтакоз) Iшкi мүшелері өтелденеді, ұшалары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады. Пуллороз-тиф. Кеуде асқазан қуыстарында қан болса не перитонит болса, ұша iшкi мүшелермен бiрге өтелденеді. Егер етiнде өзгерiстер болмаса, тек қана зақымданған мүшелерді өтелдейді, ал ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi. Листериоз. Басы және зақымданған мүшелері жойылады, ұшалары және сау мүшелері пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады. Колибактериоз. Ұшаларында және iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса өтелденеді,
(перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит). Егер өзгерiстер тек қана iшкi мүшелерінде болса олар жойылады, ұшалары пiсiрiледi не консерв жасауға жiберiледi. Стафилакоккоз. Зақымдану ұлғайып кетсе (мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс), ұшалары мен iшкi мүшелері жойылады. Тек қана буыны зақымданса, ол өтелденеді, ал ұшалары пiсiрiлiп шығарылады. Стрептококкоз. Ұшалары мен iшкi мүшелері жойылады. Ботулизм. Ұшалары, iшкi мүшелері, түбiтi және қауырсындары жойылады.
Тілме. Ұшалары мен iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, өтелденеді. Бұлшық еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi мүшелері жойылады, ұшалары пiсiрiледi. Пастереллез. Ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады. Некробактериоз (инфекциялық синусит). Септикалық өзгерiстер болса, iшкi мүшелері ұшасымен өтелдеуге жібереді. Тек қана басы мен мойны зақымданса, оларды жойып, ұшалары шектеусiз шығарылады. Инфекциялық бронхит. Инфекциялық ларинготрахеит. Зақымданған iшкi мүшелері мен ұшаның бөлшегi жойылады, өзгерiстер жоқ болса, ұшалары мен мүшелері пiсiрiледi немесе ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады. Лейкоз. Марек ауруы. Iсiктер. Ұлғайған процестер болып не терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш тартса, зақымданған көлемiне қарамастан, ұшалары және iшкi мүшелері өтелденеді. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi мүшелерде зақымдану аз болса, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаларын пiсiреді не консервi дайындайды. Марек ауруында түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
Ньюкасл ауруы. Ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Ауруға шалдыққаны күдiктi, бiрақ патологиялық өзгерiстерi жоқ болса, ұшаларын және жарамды iшкi мүшелерін пiсiредi. Түбiтi мен қауырсынын жояды. Күл. Жайылып кеткен процестерде ұшалары iшкi мүшелерімен бiрге кәдеге жаратылады. Тек қана басы зақымданса, оны кәдеге жаратып, ұшалары мен мүшелерін пiсiредi не консервi дайындауға жiбередi. Спирохетоз. Арық не iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болса, ұшасы iшкi мүшелерімен кәдеге жаратылады. Микоплазмоз. Ауа қуысы қалталарында фибриндi өзгерiстер болса, ұшаларын кәдеге жаратады. Ондай өзгерiстер болмаса, басы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi. Авитаминоздар. Ұшалары мен iшкi мүшелері арық болса кәдеге жаратылуға жiберiледi. Перитонит. Диффузды перитонит болып, iшкi мүшелер зақымданса, кеуде асқазан қуысында серозды фибриндi не iрiңдi сарысу болса, ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Iшкi мүшелерде, плеврада, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы қабыну болған кезде, зақымданған мүшелер кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады. Энтерогепатит. Зақымданған мүшелері (бауыр, қарын, жемсау) кәдеге жаратылады, ал ұшалары шектеусiз пайдаланылады.
Жарақат. Абсцестер. Ұшаларда жарақаттану салдарынан болған iрiңдi iсiк, патологиялық өзгерiстер болған мүшелерi, ал зақымдану үлкен болса, ұшалар iшкi мүшелермен бiрге өтелдеуге жіберіледі. Зақымдану көлемi азғантай болса, тазартқаннан кейiн ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға жiберiледi не пiсiрiледi. Жарақат жақында ғана түскен болса және жақында ғана аз ғана қан шыққан болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған жағдайда, қан сіңген не iсiнген бөлiктерi өтелдеуге жіберіліп, ұшаның қалған бөлшектерi шектеусiз өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi. Бас қотыры. Басы мен мойынын жояды, ұшасын шектеусiз пайдалануға жiбередi. Арықтау. Бұлшық еттерде май жиналатын жерлерде жалқаяқ пайда болып, бұлшық еттер семiп және құрғақтап кетсе (сүйектерi шығып тұрса), сондай-ақ еттерi, айдары мен сырғалығы боз немесе көкшiл тартса, ұшасын iшкi мүшелерімен қоса жояды. Бөгде иiстер. Тауық етiне тән емес дәрi-дәрмектердiң не басқа заттардың иiсi болса, ұшасы және iшкi мүшелері жойылады.