Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.1-2 жағдаяттық тапсырма



бет136/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

I.1-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р, 24 жаста, жұқпалы ауруханаға диагнозын дәлелдеуге келіп түсті. 2 күн сайын қайталанатын қызба ұстамасына шағымданды. 12-14 сағатқа созылатын дене қызуының максималді /40-41С/ көтерілуінен бұрын 1,5-2 сағатқа созылатын «тоңыпқалтырау» сезімі пайда болады. Қызуы түсе бастағанда науқас терлейді және жағдайы тез жақсара бастайды. Келесі 2 күн ішінде қызба байқалмайды, науқастың көңіл-күйі жақсарып, еңбекке қабілеттілігі сақталады. Бірақ, қызуы көтерілгеннен кейінгі 4-ші күні қалтырау, дененің қызуы, терлеу ұстамасы қайтадан басталады. Аталған қызба және қызбасыз кезеңдерінің ұстамаларының қайталануы 1 айдың аралығында байқалуда. Клиникалық көрінісіне және қанда төрт күндік малярия қоздырғышы (2 сурет) табылуына байланысты «Малярия»диагнозы қойылды.
1. Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?
2. Оларға толық анықтама беріңіз.
3. Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз.
Жауабы:
1.Келтірілген мысалда жалпы нозологияның патологиялық процесс ұғымы деп айта аламын.Себебі жағдаяттық тапсырмада келтірілген шағымдар:2 күн сайын қайталанатын қызба ұстамасы.12-14 сағатқа созылатын дене қызуының максималді /40-41С/ көтерілуінен бұрын 1,5-2 сағатқа созылатын «тоңыпқалтырау» сезімі пайда болуы, қызуы түсе бастағанда науқастың терлеуі және жағдайы тез жақсара бастауы,келесі 2 күн ішінде қызба байқалмауы, науқастың көңіл-күйі жақсарып, еңбекке қабілеттілігі сақталуы. бірақ, қызуы көтерілгеннен кейінгі 4-ші күні қалтырауы, дененің қызуы, терлеу ұстамасы қайтадан басталуы және аталған қызба және қызбасыз кезеңдерінің ұстамаларының қайталануы 1 айдың аралығында байқалуы патологиялық процесске тән.
2.Патологиялық процесс-ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне,заңды түрде пайда болатын реакциялар жиынтығы.
Бұл тапсырмада патологиялық процесстің жүре пайда болған түрі.Бұл ауру тұқым қуаламайды.
3.Жалпы нозологияның басқа да ұғымдарына патологиялық реакция және патологиялық жағдайды айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет