Патологиялық жағдай деп кері биологиялық мәні бар, тіндердің, органдардың, жүйелердің құрылымының, биохимиялық және қызметтік ерекшеліктерінің тұрақты қалыптан тыс ауытқуын айтамыз.
2. Ауру алды жағдайы деп қоршаған орта жағдайларына бейімделушіліктің шектелуімен көрінетін, емдемеген жағдайда ауруға айналатын жағдайды айтамыз. Науқасты ауруалды белгілер бар деп айтуға болады. Себебі, табанның деформациясы әр түрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Оларға артрит, артроз, созылмалы бурсит жатады.
3. Ия. Патологиялық жағдайлар көбінесе патологиялық процесстер мен аурудың пайда болу қаупін арттырады. Баланың табанын сыртқа қарай басуының салдары аяқ тіндерінің патогендік және бейімделушілік өзгерістерін тудыруы, жұмсақ тіндердің жарақаттануына, шишка пайда болуына әкелуі мүмкін
I.1-4 жағдаяттық тапсырма Травматолог-ортопед дәрігердің қабылдауына баласында туа біткен маймақтық бар туралы шағым айтып ата-аналар келді. Қарау кезінде анықталғаны: сол жақ табанның ауытқуы, яғни табанның сыртқы қырымен басып жүретін маймақтық, бала еденге табанын толық коя алмайды.
1. Осы мысалда жалпы нозологияның қандай ұғымы берілген? Оған толық анықтама беріңіз.
2. Науқаста ауру алды жағдайдың белгілері бар ма?
3. Патологиялық жағдайдың патологиялық процеске ауысуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.
Жауабы: 1. Науқастасол жақ табанның ауытқуы, маймақтық және баланың еденге табанын толық қоя алмауы – патологиялық жағдайға жатады, себебі организм үшін кері биологиялық мәні қалыптан тыс тұрақты ауытқу болып тұр. Сонымен қатар аурудың туындауына себеп болған туа біткен ақау болып табылады.
2. Балада аурудың даму белгілерін тоқтату барысында кедергі жағдайларды қалыптастыру, яғни уақытында дәрігерге қаралып, тиісті ем шараларын алу ауру алды жағдайларына жатады.
3. Патологиялық жағдайдың патологиялық процеске ауыса алады , себебі бала уақытында емделмесе мүйізгек қабаттар пайда болады және аяқтың сыртқы жағының терісі дөрекіленіп қатаяды. Сондай-ақ балтыр сүйек сыртқа айналып , аяқ буын қозғалысы нашарлайды. Ал мұндай өзгеріске ұшыраған табанды қалпына келтіру қиын болып табылады. Сондықтанда бала кезде байқалған аяқ буынының маймақтығын конрактура болғанға дейін емдеген жөн! Өйткені қаншалықты ерте емдесе соншалықты айығу мүмкіндігі жоғарлайды.