Тор қабықтың ісіну механизмін түсіндіріңіз. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микроаневризмалар мен микротромбтардың болуы қандай асқынуларға алып келуі мүмкін?
Тор қабықтың ісіну механизмін түсіндіріңіз. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микроаневризмалар мен микротромбтардың болуы қандай асқынуларға алып келуі мүмкін?
Науқаста капиллярлы-трофикалық жетіспеушілік дамуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.
1.Науқаста микроциркулияцияның бұзылысының-ишемиялық түрі дамыған. Олар терминальді тамыр арнасының бұзылыстарының тамырлық тобына жатады.Себебі, бұл жерде тамыр қабырғасының өзгерістері байқалып тұр және тромбтардың пайда болуы, тіндердің ісінуі сияқты өзгерістер көбінесе осы тамырлық бұзылыстардың салдарынан дамиды. Оның ішінде қай топқа жататынына келетін болсақ, есептің шартында айтып тұрғандай, микроаневризмалар дамыған. Ол микроциркуляция бұзылыстарының тамырлық түрінің аневризмалық, эктазиялық тобына жатады. Сонымен қатар, тамырдың жуандауы туралы да айтылған, ол ангиоархитектураның бұзылуы тобына жатуы мүмкін. Ал тіндердің ісінуі тамыр өткізгіштігінің артуы салдарынан дамиды. Сондықтан бұл жағдайда, тамырлық бұзылыстардың бірнеше тобын қамтитын аралас түрдегі бұзылыстар бар деуге де болады.
E.Maggio бойынша микроциркуляцияның бұзылыстарының 3 типі бар:
- тамырішілік: қан ағысының, оның реологиялық, коагуляциялық қасиеттерінің, ламинарлығының бұзылуы
- тамырлық: ангиоархитектураның бұзылуы, аневризма, эктазия, тамыр өткізгіштігінің бұзылуы
- тамырсыртылық: тіндік базофильдердің серпілістері, интерстициальді сұйықтықтардың, лимфа түзілуі мен тасымалдануының бұзылыстары
2. Тор қабықтың ісінуі тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауынан болады. Соның нәтижесінде қан құрамындағы плазма қан тамырының қабырғасы арқылы айналасындағы тіндерге өтіп, тін аралық сұйықтықтың мөлшері жоғарылайды. Сұйықтықтың айналасындағы тіндерге өтуінің тағы бір себебі – ұсақ тамырларлардағы қысымның артуына байланысты. Ол ұсақ қан тамырлардың жуандауымен байланысты болуы мүмкін. Жалпы, тамыр өткізгіштігінің өзгеруіне қант диабеті себеп болған, яғни диабеттік ретинопатия дамыған. Гипергликемияның салдарынан ретинальды қан ағымының бірден жоғарылап кетуінен, эндотелиальдық стресс, яғни тамырдың ішкі бетіндегі эндотелий тінінің зақымдалуы болады. Ол тамырлық эндотелиальдық өсу факторының (VEGF) көп мөлшерде өндірілуіне әкеледі. Бұл тамыр өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан тор қабықтың перфузиясы бұзылады да, сұйықтық тіндерге жиналып қалады. Эндотелийдің зақымдануы, тромбтардың пайда болуы, коагуляция факторларының белсенуі тор қабықтың окклюзиясына әкеледі. Соның салдарынан көздің көруі нашарлайды. Тамыр қабырғаларының қалыңдауы, микротромбтың пайда болуы сияқты өзгерістер диапедезге, яғни зақымданған қан тамырларының қабырғаларынан формалық элементтердің өтіп кетуіне, қан құйылуларына әкеліп соқтырады.
3. Әрине мүмкін. Себебі, жоғарыда айтылып кеткендей, қант диабетінің салдарынан әртүрлі микроциркуляцияның және перифериялық қан айналымының бұзылыстары дамиды.Оның ішінде жиі ишемиялар байқалады. Капиллярлы-трофикалық жеткіліксіздік дегеніміздің өзі – микроциркуляциядағы қан және лимфа айналымдарының бұзылыстарымен, тіндердегі зат алмасудың, сонымен қатар қан тамырлары арқылы формалық элементтердің, сұйықтықтың тасымалдануының бұзылуымен сипатталатын жағдай. Науқаста тор қабықтың ісінгені, қан құйылулардың болғаны, тромб түзілуі, яғни тромбоциттердің агрегациясы осыған дәлел бола алады.