Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Липидті алмасу патологиясының типтік формалары



бет154/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Липидті алмасу патологиясының типтік формалары
1. Липидтер алмасуының кезеңдеріне байланысты 2. Клиникалық көріністерге байланысты
Липидтер алмасуының кезеңдеріне байланысты 1. АІЖ-да липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы (ұйқы безі липазаларының тапшылығы, өт түзілуі мен өт бөлінуінің бұзылуы, қуыстық және "мембраналық" асқорытудың бұзылуы нәтижесінде). 2. Липидтердің ішектен қанға трансмембраналық тасымалдануының бұзылуы және олардың жасушаларының утилизациясы (энтерит, аш ішек қабырғасында қан айналымының бұзылуы кезінде). 3. Тіндердегі липидтер метаболизмінің бұзылуы (липазалардың, фосфолипазалардың, ЛПлазалардың ақауы немесе жеткіліксіздігі кезінде).
Клиникалық көріністерге байланысты1. Семіздік2. Сарқылу3. Дислипопротеинемия 4. Липодистрофиялар 5. Липидоздар
Дене салмағының индексі-бұл адам массасы мен бойының арақатынасын бағалауға және сол арқылы массаның жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екенін білуге мүмкіндік беретін шама Формуласы- дене салмағы/бойының ұзындығы.Науқаста дене салмағының индексі -34,29. Бұл семіздіктің I дәрежесі.
Қалыпты масса индексі -18-25Артық салмақ-25-30Семіздік I-дәрежесі-30-35Семіздік II-дәрежесі-35-40Семіздік III-дәрежесі -40-тан жоғары
Атерогендік индекс-бұл атерогенді және антиатерогенді липидтердің арақатынасын сипаттайтын көрсеткіш. Атерогенез пайда болуына қатысатын липидтерге ТТЛП, триглицеридтер жатады,ал олардың түзілуіне ТЖЛП бөгет жасайды. Әдетте атерогенді және антиатерогенді липидтердің қатынасы 3,5-тен аспауы керек. 4-тен жоғары атерогендік индекс атеросклероздың және жүректің ишемиялық ауруының жоғары қаупін көрсетеді және холестеринді төмендететін терапияны тағайындауды қажет етеді. Формуласы- (жалпы холестерин-ТЖЛП)/ТЖЛП Науқаста атерогенділік коэффиценті- 3,86 , яғни жоғары шамада және оны төмендететін терапияны қажет етеді.
Бұл коэффиценттер маңызы зор өйткені осыларды анықтай отырып біз диагноз қоя аламыз және емдеудің тиімді жолдарын ұсына аламыз.
2. Науқастағы зат алмасу патологиясы дамуының осы түрінің негізгі этиологиялық және патогенетикалық факторларын атаңыз.
Организмде май алмасуларының бұзылыстарыныңсебептері:
-ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылуы
-майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы
-майлардың аралық алмасуының бұзылуы
-май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет