Осы патологиялық процестің даму сатыларын атаңыз және сипаттаңыз. Жауап: Бастапқы сатысы-коронарлық артерия қабырғасына холестериннің аздаған мөлшері орналасуы. Симптомсыз өтуі мүмкін.
Екінші сатысы-липидік шөгінділер саны артады. Соның әсерінен жүректің қанмен қаматамасыз етілуі төмендейді. Тахикардия, ентігу, аритмия сияқты симптомдар пайда болады
Үшінші сатысы-коронарлық артерия қабырғасының деформациясы және серпімділігі төмендейді. Науқаста пайда болған белгілер дамиды. Яғни төс сүйектің артындағы қатты ауырсыну сезімі, әлсіздік, аритмия жүреді.
3. Патологияның осы түрінің алдын алу және емдеудің патогенездік принциптері қандай? Жауап:алдын алу жолдарына модификацияланған қауіп факторларынан бойын алыс ұстау болып табылады.
Емдеу:
Тапсырма 2.Науқас З., 53 жаста, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, ет тағамдарын жегісі келмейтініне, құсуына,кейде құсықтың "кофе тұнбасы" тәріздес болуына, эпигастрия аумағында толып кету сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бойы атрофиялық гастрит.
Объективті: бойы – 180 см, дене салмағы 50 кг. Терісі бозғылт, беті пастозды, аузынан сасық иіс келеді, аяқтары ісінген.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректері: 1) жалпы қан анализінде – гемоглобин 68 г/л, эритроциттер – 1,8∙1012/л; 2) плазмада жалпы нәруыз құрамы - 38 г/л, альбуминадер - 18 г/л; 3) асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, лактат мөлшері жоғарылаған; 4) асқазанды контрастпен рентгенологиялық зерттеу кезінде ісік анықталды.