Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Науқаста қандай жағдай дамыды? Сипатталған симптомдар патогенездің қандай сатысына тән? Жауабыңызды негіздеңіз



бет158/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Сипатталған симптомдар патогенездің қандай сатысына тән? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы жағдайдың этиологиясын атаңыз және патогенезін ұсыныңыз.Осы жағдайдың патогенезінде қандай тізбек басты болып табылады?
3. Осы жағдайды алдын алу мен емдеудің негізгі патофизиологиялық принциптерін атаңыз.
Жауабы:
1.Науқаста дерттік жағдай дамыды(патологиялық жағдай).
Сипатталған симптомдар патогенездің аурудың айқындалу кезеңі сатысында.Себебі: науқастың жалпы жағдайы өте ауыр, есі шатасқан, науқас тежелген, апатиялық. Ауырсынуға сезімталдығы күрт төмендеген. Көз қарашығы кеңейген. Тері жамылғысы бозғылт, суық. Акроцианоз. Көптеген гематомалар бар. Тынысы беткейлік, жиілігі 36-40 мин-1. Пульсі әлсіз, ЖЖЖ 120, мин-1, АҚ 65/30 мм сын.бағ. Пальпациялағанда бауыр аумағында айқын ауырсыну байқалады. Макрогематурия.
2.Патологиялық жағдай этиологиясы:
Ауру себебі:Механикалық ықпал әсері.Экзогенді фактор: көлік айдап келе жатып жол апатына ұшыраған.Жүре пайда болған.Себептік факторы-төтенше жағдай.
Осы жағдайдың патогенезіндегі басты тізбек:патогенезді бастаушы негізгі тізбек.
Жарақаттану-Ауыру сезімі(Аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен, басы мен денесінің соғылулары)-Қан тамырлары қимылдық орталығы тежелуі-АҚ төмендеуі-
Гипоксия-Ми қызметі бұзылысы. Есі шатасқан, науқас тежелген, апатиялық. Ауырсынуға сезімталдығы күрт төмендеген. Көз қарашығы кеңейген. Тері жамылғысы бозғылт, суық. Акроцианоз. Көптеген гематомалар болу.
3.Осы жағдайды алдын алу мен емдеудің негізгі патофизиологиялық принциптері:
Емдеу жолдары-патогенездік терапия,яғни сол ауруға тәң қасиеттерге арналған терапия.
-Тамыр кеңейтетін құралдарды қабылдау
-Витаминотерапия
-Диетотерапия
-Физиотерапия
-Антибиотиктер қабылдау


I.3-1 жағдаяттық тапсырма
38 жастағы С., альпинист, тауға шығу барысында теңіз деңгейінен 5500 м биіктікке көтерілгенде басы айналып, құлағы қатты шаншып ауырған. Терісі бозарған, сілемейлі қабаттары - көкшіл түсті. Осыған қарамастан, жоғарыға көтерілуін тоқтатпады. 5800 м биіктікке көтерілгенде мұрнынан қан ақты, тынысы жиі, үстіртін, АҚ 95/55 mmHg дейін төмендеді, ЖСЖ - 120 мин-1 . Кенеттен пульсі және тынысы сиреп, альпинист есінен танып қалды. Оттегіні деммен ішке тартқанда, жағдайы жақсара бастады, соңынан альпинист төменге түсірілді.
1. Патологиялық процесс дамуының негізгі түйінін атаңыз.
2. Қандай «кері айналып соғу шеңбері» науқастың жағдайының нашарлауына ықпал етті?
3. Патологиялық процесс дамуында «кері айналып соғу шеңберін» анықтаудың маңызы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет