Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Патохимиялық өзгерістер сатысында л



бет45/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Патохимиялық өзгерістер сатысында лаброциттердің түйіршіктерінен аллергияның медиаторлары босайды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан лаброциттердің қабықтарында фосфолипаза ферменті әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі.
Патофизиологиялық бұзылыстар немесе клиникалық көріністер сатысында гистамин мен простагландин F2 тегіс салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты жиырылуын туындатады, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан бронхоспазм, ісіну, есекжем, терідегі нүктелі бөртпелер, қышыну т. б. байқалады.
3. Иә пайда болады

Жәндіктердің аллергендерімен жиі байланысу немесе жиі шағу анафилактыкалык реакциялар қаупін арттырады


Ауыр анафилактикалық реакциялар бар науқастарда келесі шағулар кезіндегі анафилактикалық реакциялардың қаупі анамнездегі шағуға жергілікті реакциялары бар науқастарға қарағанда жоғары. Сонымен қатар бір рет шыұұаннан соң адам ағзасында арнайы антиденелер қалыптасады,ал 2-ші рет шағу кезінде ағзадағы дайын антиденелер шабуылға шығып,клиникалық көріністер бірінші реттіке қарағанда ауыр болу ықтималдылығы жоғары.
Тапсырма 2. Науқас Ж., 7 жаста, мықын аймағының оң тұсы ауыратындығына шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті.
Анамнезінен: алғашында ауру сезімі эпигастральді аймақта басталып, сосын мықын аймағына көшкен. Жүргенде, жөтелгенде ауру сезімі күшейеді. Бір рет құсқан.
Объективті: дене температурасы 37,8О С, ЖЖЖ – 92 мин-1. Тілі ылғал, ақ түсті жабынды жамылған, іші кернеулі, мықын аймағының оң жағы қатты ауыртады, яғни соқыр ішек орналасқан тұсы. Ішпердені тітіркендіру симптомы байқалады.
Қан талдамасында: лейкоциттер саны 15,3 х 109 /л, ЭТЖ – 21 мм/с.


1.Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз. Осы типтік патологиялық процестің жіктелуін келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет