Sb--8,7 ммоль/л-- төмен
BE = - 10,7ммол/л-- теріс, газдық емес ацидоз
Сүт қышқылы = 5,3 ммоль/л --- жоғары
РаСО2-- газдық емес ацидоз кезінде төмен болады.
Қан анализіндегі өзгерістер, ең алдымен, науқастың қандай ауруымен байланысты болуы мүмкін? Бұл жағдайда глюкоза және сүт қышқылы деңгейінің өзгеру механизмдері қандай?
Жауап: науқаста глюкоза мөлшері жоғарылаған ол қантты диабетпен баланысты. себебі қалыпты жағдайда 3,3-5,5ммоль/л мөлшерінде. Ал науқаста 12,5 ммоль/л бұл қантты диабетке тән белгі.
науқаста қантты диабет кезінде инсулин жеткіліксіздігі--
гликогенсинтетаза ферментінің белсенділігі тежелу
бауыр мен бұлшықетте глюкозадан глюкоген түзілуі азаяды
глюкозаның пентозафосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды
сонымен қатар инсулин жеткіліксіздігі пайда болғанда глюкоза, сүт қышқылы түзілуі көбейеді.
Науқаста май және нәруыз алмасуының өзгерістері байқалуы мүмкін бе? Жауапты түсіндіріңіз. Жауап: қантты диабет кезінде май ыдырауы жоғары болады, май қышқылдары босап шығады сонымен қоса кетондық денелер түзіліп жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Ол диабеттік кетоацидозға ұласуы мүмкін.
Нәруыз алмасуында да өзгерістер болады. Амин қышқылдарының тінге өтуі төмендейді, соның әсерінен нәруыз түзілуі төмен болады. Ол липопротеинмеияға әкеледі. Бұлшықет атрофиясы дамиыды.
Тапсырма 1.Экспериментте жыныстық тұрғыда жетілген ақ зертханалық егеуқұйрықты көлемі 5000 мл3, герметикалық қондырғыға отырғызып, (NH₄)₂C₂O₄ (щавель қышқылды аммоний) мен H₂SO₄ (күкірт қышқылы) қатынасынан алынған иісі жоқ, түссіз газ жіберіледі. Жануарда қозғалу белсенділігінің бұзылуы тез арада пайда болады, тыныс алу жиілігі мен ырғағы өзгереді, құрысулар дамиды. Эксперимент аяқталғаннан кейін түсі таңқурай тәріздес, ашық қызыл түсті қанның газдық құрамын зерттейді. Жануардың мәйітін тексергенде ішкі ағзаларының да түсі таңқурай тәріздес болады.
Осы экспериментте қандай типтік патологиялық процесс жасалғанын түсіндіріңіз? Эксперименталды жануардың қанында пайда болатын гемоглобиннің түрін атаңыз және қан түсінің өзгеруін түсіндіріңіз. Осы патологиялық процесс кезінде қанның оттегілік балансының көрсеткіштері қалай өзгеретінін атаңыз және көрсетіңіз.