1.Реактивтіліктің қандай механизмдері осы ауруға резистенттіліктіңтөмендеуіне себепші болды ? 2. Суық тиюден дамитын ауруларға организмнің резистенттілігін көтеруге болады ма?Егер осындай мүмкіндік болса, негізгі шараларды атап кетіңіз. 3.Организмнің белсенді және енжарлы резистенттілікті қамтамасыз ететін ықпалдарды атаңыз. Жауабы: Гипертермия, қабыну процесі
Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі.
Қабыну процесі – эндо және экзогенді әсерлерге ағзаның реакциясы
Негізгі шаралары:
Белсенді және салауатты өмір салты.
Дұрыс тамақтану: көкөністер мен жемістердің болуы.
Шынықтырудың сауықтыру процедуралары.
Белсенді – фагоцитоз, антиденелер өндіру
Енжарлы – барьерлі жүйелер(тері, кілегей қабат)
I.4-3 жағдаяттық тапсырма 48 жастағы Р. есімді науқас терапиялық бөлімшеде зерттеліп-қаралуда. Қанның
биохимиялық талдамасын жүргізгенде анықталғаны : қан плазмасындағы калийді концентрациясы – 5,5 ммоль/л, АсАТ концентрациясы – 1,7 мккат/л, АлАТ – 1,2 мккат/л.
Несепте миоглобин табылған.
1. Қан және Несептегі көрсетілген лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеотырып, зақымданған жасушалардың түрін анықтауға болады ма? Жауабыңыздынегіздеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, науқастағы зақымданған жасушалардың жасушаішілік
регенерация деңгейі (жоғары ма әлде төмен бе) қандай ?
3. Жасушаның мембраналық аппараты мен ферменттік жүйелердің негізгі
зақымдалу механизмдері қандай ?
Жауап: Осы берілген анализдер бойынша анықтауға болады, бізде биохимиялық анализде АлАТтың жоғарылауы берілген ол бауыр патологиясы кезінде болады, ал АсАТтың жоғарылауы кезінде жүрек патологиясы кезінде болады себебі көп мөлшері жүрек бұлшықеттерінде орналасады, басқа клеткаларда аз мөлшерде болады. Осы АлАТ тың АсАТ тың билирубиннің жоғарылауы бауыр жасушалары -гепатоциттердің зақымдалуын көрсетеді Және бізде гиперкалемия бұл жүрек үшін өте қауіпті, жүрек тоқтауына алып келуі мүмкін. Және бізде миоглобин табылған ол жедел фаза белогы. Бұл миоглобин жүрек инфарктынын ерте маркері болып табылады. Қанда және несепте кездесуі жүрек патологиясының көрінісі болып табылады.