Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Миокард инфарктына жасуша тіршілігі жойылуының қай түрі тән? Жасуша тіршілігі жойылуының осы түріне жалпы сипаттама беріңіз



бет32/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169
Байланысты:
100 балл алайк ауминь есеп

1. Миокард инфарктына жасуша тіршілігі жойылуының қай түрі тән? Жасуша тіршілігі жойылуының осы түріне жалпы сипаттама беріңіз.
2. Жасуша тіршілігі жойылуының осы түрі даму алдында жасуша зардапталуының қай сатысы болады?
3. ЭКГ-дағы V1 – V4 жалғамдарындағы өзгерістерді кардиомиоциттердің инфаркты кезінде байқалатын құрылымдық-функциялық бұзылыстардың салдары деп санауға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Жауабы:
1. Миокард инфаркты жүрек бұлшықеттерінің өлуімен сипатталатын процесс. Ол ұзаққа созылған имешия, яғни тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы болып есептеледі. Некроз дегеніміз патологиялық әсер ету нәтижесінде жасушалар мен тіндердің өлуі. Некроз кезінде зақымданған тіндерге фагоциттер әсер етіп қабына бастайды да кейіннен лизосомалық ферменттер әсерінен аутолиз орын алады.
Некрозға алып келетін ишемия ұзақтығы – 2-4 сағат. Уақыт, негізі миокард жасушаларының ишемияға сезімталдығынан, жеке оттегі қажеттілігінен (индувуальная потребность кислорода) және тағы да көптеген ықпалдарға байланысты болады.
Патологиялық процесс, яғни тыртықтың пайда болуы 5-6 аптаға созылады.
Жасушалық гомеостаздың бұзылуы дәрежесіне байланысты - Қайтымсыз (летальді) зақымдану
2. Жасуша тіршілігі жойылмастан бұрын, яғни, некрозға дейінгі кезең - некробиоз деп аталады. Некробиоз дегеніміз - тіндегі жасушалардың бір бөлігі өлген, ал басқа бөліктердің ары қарай қызметін атқарып жүрген жағдайы.
3. V1-3 жалғамдарындағы ST сегментінің депрессиясы артқы миокард инфактысына күдік бар деген сөз. Оған қоса патологиялық Q тісшесінің болуы МИ күдіктендіреді.


I.4-5 жағдаяттық тапсырма
42 жастағы О. есімді науқасқа сүт безінің ісігі жөнінде жасалған операциядан кейін сәулелі ем тағайындалған. Сырттан сәулелену күніне 1 рет жүргізілді. 10 сеанстан кейін науқаста сәулеленетін аумақтағы терінің қызаруы, қышыну, күйдіру сезімі, ауырсыну байқалды. 15 сеанстан кейін науқас лоқсу, тәбетінің нашарлауына, әлсіздікке, дене температурасы көтерілуіне шағымданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет