Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


БУЛ ЖЕРДЕ Na+/К+-АТФ-азаның тежеуіші



бет34/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   169
Байланысты:
100 балл алайк ауминь есеп

БУЛ ЖЕРДЕ Na+/К+-АТФ-азаның тежеуіші: себебі егерде саулелену жасуша сыртындағы мембрананың Nа+-, К+-АТФаза ферментінің белсенділігі төмендейді. Сондықтан жасуша ішінде жиналған натрий иондары сыртқа шығарылып калий иондарының оның ішіне кіруі бұзылады. Саркоплазмалық ретикулум мембранасында Са2+-АТФаза ферментінің белсенділігі төмендейді. Сөйтіп Са2+ иондары саркоплазмада жиналып қалады. Мембранадағы насостардың әлсіреуі май қышқылдарының асқын тотықтарының әсерлерінен болады.Сонымен бірге олардың бұзылыстарында энергия жеткіліксіздігінің де маңызыүлкен.

I.4-7 жағдаяттық тапсырма
38 жастағы Г. науқас комбустиологиялық бөлімге IIа дәрежелі күйікті емдеу үшін келді. Қарау кезінде екі қол-басының гиперемиясы, айқын ісінуі, мөлдір сұйықтыққа толған әртүрлі өлшемді күлдір бөртпелер анықталды.
1. Термиялық зақымдану спецификалы болып саналады ма және де осы жағдайда жасуша мембранасы қандай өзгерістерге ұшырайды ?
2. Жоғары температура әсер еткенде жасушаларда қандай бейспецификалы өзгерістер дамуы мүмкін ?
3. Жасушалар зақымдануының берілген түрінде белсенетін негізгі жасуішілік адаптивті механизмдерді атаңыз.
Жауабы:

  1. Термиялық зақымдану спецификалы болып саналады. Термиялық зақымдану үшін оның нақты көрінісі жасушалардың ақуыз-липоидты құрылымдарының коагуляциясы және денатурациясы болады. Тері тіндерінің зақымдануының нақты көрінісі-гидроксипролин мен қышқыл полисахаридтердің күрт төмендеуі және мукогликопротеидтің, сондай-ақ гексозаминнің жинақталуы. Ерімейтін коллаген да жоғалады. Жеке ферменттердің немесе олардың топтарының тежелуінен туындаған жасушалардың нақты зақымдануы, олар жасушаның өлімімен бірге жүрмейді, бірақ оның метаболизмінің сипатын айтарлықтай өзгертеді. Бұған, мысалы, гликолизді монойодацетатпен тежеу, флоридзинмен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде глюкозаның фосфорлану процестерін тежеу жатады.

  2. Температураның жоғарылауы ішкі ағзалардың қабыну процестерін, мысалы, емделмеген пневмонияны береді. Көбінесе жұқпалы субфебрилитет созылмалы патологиялардың, асқазан-ішек жолдарының ауруларының өршуі кезінде пайда болуы мүмкін: панкреатит, колит, гастрит, холецистит.

  3. Жасушалар зақымдануының берілген түрінде белсенетін негізгі жасуішілік адаптивті механизмде: Жасушаны энергетикалық қамтамасыз етудің бұзылуын өтеу; Жасуша мембраналары мен ферменттерін қорғау; айқындылықты азайту немесе жасушадағы иондар мен судың теңгерімсіздігін жою; жасушаның генетикалық бағдарламасының ақауларын және оны іске асыру механизмдерін жою; жасушаішілік процестерді реттеу механизмдерінің бұзылуын өтеу; жасушалардың функционалды белсенділігінің төмендеуі; регенерация; гипертрофия; гиперплазия.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет