1. Себеп "заттардың өзара әрекеттесуі" екенін дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз». 2. Себептердің рөлін негіздеңіз және олардың аурудың пайда болуындағы жағдайлар мен қауіп факторларымен диалектикалық байланысын дәлелдеңіз. 3. Нобель сыйлығының лауреаты, академик И. П. Павлов ХХ ғасырдың бірінші ширегінде: "Этиология медицинаның ең әлсіз бөлімі екендігі белгілі"деп жазды.Бұл тұжырым ХХІ ғасырдың бірінші ширегінде қаншалықты маңызды?
Эиологияны себептік байланыстарды зерттейтін ілім деп айта аламыз.Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. Бұл ықпалдар бір-бірімен және адам организмімен өзара байланыста, арақатынастарда болады. Әрқашан өзгерісте болатын қоршаған ортаның және адам организмінінің жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін-бірі күшейтіп немесе әлсіретіп тұрады. Мысалы, тырысқақ, оба сияқты аурулар тек жаздың ыстық айларында дамыса, ал бөртпе сүзек, тұмау тек жылдың салқын айларында дамиды.
Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы себептік жағдайлар деп ажыратады.Себептік ықпал- деп қандай да бір аурудың дамуына міндетті болатын және тек сол ауруға ғана тән симптомдарды айқындайтын ықпалды айтамыз.
Себептік ықпалдарды эндогендік және экзогендік деп ажыратамыз. Себепкер ықпал әрдайым қоршаған ортаның және организмнің өзінің белгілі жағдайларында әсер етеді. Бұл жағдайлар дерт туындауына қолайлы жағдайлар және қолайсыз жағдайлар болып ажыратылады.
Қолайлы жағдайларға- суық тию,тәбеттің жоғалуы, ағзаның улы заттармен ластануы, тұқым қуалаушылыққа бейімділігі және т.б жатады.
Қолайсыз жағдайларға- салауатты өмір салтын сақтану, дұрыс тамақтану, еңбекпен шұғылдану және т.б жатады.
Қазіргі таңда этиология ілімі қарқынды даму үстінде. Этиология ұғымы мен патогенез бірқалыпта дамып жатыр. Соған байланысты қазіргі уақытты этиопатогенез ұғымы да жиі кездеседі. XX ғасырда қандай да бір аурудың этиологиясын анықтау қиындықтар тудырса , XXI ғасырда диагностикалық аппараттар және т.б заманауи құрылғылар дамуымен аурудың этиологиясын анықтау қиындық тудырмайды.
Тапсырма 2. Қыз бала, 7 жаста, ауыз қуысына санация жасалуда. Анамнезінде: қыз бала шала туылған, физикалық және психикалық дамуы артта қалған. Туғаннан бастап қыздың жұмсақ және қатты таңдайында алдыңғы тістеріне дейін созылатын тіндердің ақауы бар. Анасының айтуынша, жүктіліктің бірінші триместрінде ол химиялық зауыттың күкірт қышқылын өндіретін цехында жұмыс істеген, өйткені ол кезде жүкті екенін білмеген. Басқа екі баласы мен жұбайының денсаулығы жақсы.
1.Балада анықталған жұмсақ және қатты таңдайдың жарығын тұқым қуалайтын түрге жатқызуға бола ма? Бұл жағдайда кариотип өзгере ме? Бұл патологияның этиологиясы қандай? Жауабыңызды түсіндіріңіз.