Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет116/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
бүгінгі Әзербайжан Республикасында, Түркияда, АҚШ-та және Еуропада 
орналасқан. Аталған халықаралық ұйым БҰҰ-ының көптеген комиссиялары, 
бірнеше халықаралық ұйымдар мен Еуроодақ тарапынан мойындалды. Бұл 
ұйым халықаралы құқықтар мен ұстанымдарға арқа сүйей отыра, Оңтүстік 
Әзербайжанның өз тағдырын өзі шешуі құқығы жолында күресуде. 
Әзербайжан мәселесі бүгінде халықаралық деңгейлерде, ғылыми және 
саяси орталарда, сонымен бірге азаматтық қоғамдарда да маңызды мәселеге 
айнала бастады. Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер де жазыла бастады. 
Олардың арасындағы екі еңбек ерекше көзге түседі. Көрнекті америкалық 
әзербайжантанушы профессор Тадеуш Святоховскийдің «Ресей мен 
Әзербайжан: өтпелі кезеңдегі шекаралық аймақ» және
 
Гарвард Университетінің 
профессоры Бренд Шаффердің «Шекара мен туыстар: Иран және Әзербайжан 
біртектілігінің проблемалары»
 
атты еңбектері көңіл аударуға тұрарлықтай. Бұл 
туындылар өте құнды саналады. Неге десеңіз, онда Оңтүстік және Солтүстік 
Әзербайжанның бостандығы күрестері жолындағы күрескерлердің ерік-
жігерлері мен күрестері жайында сөз етеді. Олардың бір ғасырдың ішінде төрт 
рет күреске шыққандары тілге тиек етіледі. Аталған кітаптарда тәуелсіздік 
жолындағы күреске күш беретін қайнарлар да айтылады. Екінші кітапта 
тәуелсіздікке ұмтылған әзербайжандықтардың бауырластығын шекарамен 
бөлуге болмайтыны тілге тиек етіледі. Ол
 
бауырластықтың тамырлары тереңде 
жатыр және аса мықты ұлттық сананы тұғыр еткен. Кітап авторлары біртектілік 
жайындағы өз теориясын алға тартады.
Әлбетте, оңтүстік пен солтүстік Әзербайжанға қатысты батыстың саяси 
ұстанымы ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегіден онша өзгере қойған жоқ. 
Иран өзінің АҚШ-пен және Еуропамен де бұған дейінгі байланыстарында, 
әсіресе, ішкі ұлттық проблемаларды шешуге қатысты істерінде еш өзгерген 
жоқ. Бұл ел өзін 1979 жылғы революциядан кейін Ислам Республикасы деп 
жарияласа да, Әзербайжан мұсылмандарына ана тілдерінде мектептер ашуға 
рұқсат бермей келеді. Иранның әлемдік демократия үрдістеріне кереғар 
келетін соғысқұмарлығы мен негізгі ұстанып отырған саяси бағыттары ішкі 
қарсылықтарға да, халықаралық деңгейлердегі қолдамаушылыққа да кездесуде. 
Халқының 16 пайызы әзербайжандар саналатын Иранды (бұл ресми мәлімет, 
ақиқатында, бұл елдегі 75 миллион тұрғынның 25 миллионы әзербайжандар) 
көрші тәуелсіз Әзербайжан Республикасының күн санап күшейе түсуі қатты 
алаңдатуда. Әлемдегі 50 миллион әзербайжан ұлтының жартысы тұрып 
жатқан Оңтүстік Әзербайжанда Иран билігі ұлтқа қарсы саясаттар жүргізіп, 
әзербайжандардың тарихи жерінің тұтастығына қол сұғып, оны үшке, Батыс, 
Шығыс және Ардебиль аумағына бөліп тастады. Әзербайжанның қалған жерлері 
өзге әкімшілік аумақтарға берілген. Бүгінде Иранда парсы ұлтшылдығының 
асқынған түрі мен дін көшбасшыларының авторитаризмі белең алып тұр. 


199
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
Сондықтан да Иранның бұрынғы Президенті Мохаммед Хатами: «Мен 
елдегі жағдайды өте нашар деп бағалаймын, өзге де шешімін таппаған қазіргі 
жағдайлар мен үшін Иранның жеңілуіне әкеледі, болмаса, оны майшамдай 
ертіп жіберуі мүмкін» деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет