Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет130/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
мен ортақ валютасы бар. Еуропалық Парламент пен Еуропалық Кеңес ішкі 
Еуропалық мәселелермен қатар әлемдегі болып жатқан оқиғаларға және саяси 
жаңғыру мен демократияландырудың жалпы әлемдік үрдістеріне деген өз 
көзқарастарын белсенді түрде білдіріп отырады. Мәселен, Түркі тілдес елдер 
Парламентінің Ассамблеясы / TURKPA / секілді әмбебап табысты тәжірибенің 
одан әрі жалғасуы Еуроодақ парламентінің құрылу тарихи қажеттілігімен 
жақын келешекте түркі әлемінің бірлігі жолындағы қозғалыста TURKPA 
маңызды рөлін көрсететін болады. TURKPA 2008 жылдың 21 қарашасында 
Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан мен 
Түрікменстан республикалары Парламенттерінің жетекшілері Ыстамбулдағы 
Долмабахча Сарайында қол қойғаннан соң құрылған болатын.
TURKPA-ның негізгі мақсаты парламентаралық ықпалдастықтың сапалы 
жаңа кезеңіне жататын парламенттік дипломатия арқылы тарихи, мәдени және 
тілдік ортақтыққа негіздеп, мемлекеттер арсындағы саяси үнқатысуларды 
қамтамасыз етіп, ұлттық заңнамалардың жақындасуына қол жеткізіп, 
парламенттераралық қырым-қатынастарға жататын мәселелерге қатысты 
аса тығыз ықпалдастыққа қол жеткізіп, тең құқықты өзара тиімді өркендеуге 
ықпалдар жасау. Бұларға қоса өз қызметтерімен түркі тілдес елдердің 
өмірлерінде мәні зор құндылықтарды келер ұрпақтарға жеткізу, әсіресе мәдени 
мұраларды, тарихи және өнердегі, әдебиеттегі құндылықтарды қастерлеп, жас 
буындарға беру тараптар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, 
гуманитарлық, құқықтық байланыстарды тереңдетуге ықпалдар ашу.
2001 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстанда өткізілген
 
түркі тілдес 
мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының пленарлық сессиясында 
қабылданған Астана Декларациясына сай түркі ұлттық парламенттерінің тиісті 
мәселелерге байланысты жайларын үндестірудің ұстанымдары анықталды. 
Астана Декларациясында Ислам ұйымдары Одағының парламенттік 
ассамблеясының бақылаушы мәртебесі бар Парламенттераралық Одағы 
өзінің қысқа уақыттағы қызметінен толық құқықты парламенттераралық 
жүйеге айналды. Ол өзінің түркі тілдес елдер парламенттерімен өзара тиімді 
ықпалдастығын жемісті жүргізуге мақсат ұстанған жұмыстарын ойдағыдай 
жүргізуде. 
Парламент Асамблеясы түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздік алғанда- 
рына 20 жыл толуын маңызды оқиға және осынау халықтардың жаңа 
тарихында аса маңызды рөл атқарады деп мәлімдейді. Бұл бағыттағы ұйымдық 
жұмыстарда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық 
пен Еуропадағы ықпалдастық бағыттары мен аталған халықаралық ұйымның 
Парламенттік Ассамблеясына түркі тілдес мемлекеттердің белсене қатысу- 
лары біздің елдеріміздің халықаралық қауымдастықтағы беделіне оң әсер 
етіп, Еуразия құрлығындағы көкейкесті жайларды шешудегі халықаралық 
қауымдастықтың жұмыстарына қатысуға ұмтылған істерде үлкен сенімділік 


223
Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық
пен күш береді. Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы 2011 жылы 
Әзербайжанда өткен Бүкіләлемдік Мәдениеттераралық үнқатысу форумының 
маңызын атай келе, түрлі мәдениеттерге, этностарға, діндер мен тілдерге, 
мұраларға ие адамдар мен топтардың арасындағы өзара сыйластық пен 
түсінушіліктерді және құрметтердің өзара түсіністік ахуалында жеткізетінін 
және оның мәдениеттер аралық үнқатысулардың дамуына үлкен үлес қосуы 
ерекше деп ой түйеді. Ғаламдық саяси, экономикалық, мәдени кеңістіктегі 
халықаралық жүйені құрайтын мемлекеттердің жүйеленуі ұлттық- тарихи 
дәсүрлердің жүзеге асуына байланысты.Сондықтан, түркілік ұлттық 
мемлекеттер мен халықтар бірегей саяси және мәдени негіздерде әрекеттер 
жасай отыра, осынау стратегиялық бағыттарда өз мүдделері мен пайдаларын 
өзгелермен келісе отырып, үйлестірілген стратегияларын замануи әлем 
дамуының жетекші үрдістеріне айналдыра білулері қажет. Бұған қоса түркі 
әлемінің бүтіндігі әрбір түркі мемлекетінің өзінің ұлттық мәдениетін дамытып, 
сақтап, бекіте түсудегі басты шарты боларын естен шығармау керек.
Түркілердің ұлттық мәдениетінің үйлесімі олардың әр қайсысының 
өзіндік ерекшелігінің жалпы түркілік мәдениетінің синтезіне табиғи кірігуі 
арқылы мәңгілікке қалуында. Олардың бүгінгі заманғы саяси дәстүрлері 
мен мемлекеттік мәдениеттері де осынау бұлжымас негізде дами береді. Ал 
аталған негіз болса, бірлікті құрайды. Бұл жай ғана ұран сөз емес, бұл дегеніңіз 
ойлау бейнесі, өмір салты және идеялар мен мақсаттардың және саяси және 
гуманистік идеалдардың, түркі халықтарының шығармашылық рухтарының 
шыңы. Бірлікке сүйеніп, өзінің ұлттық рухтары және мәденитерінің тарихи 
және қисынды себептеріне сабақтасқан тамырларын дамытып, таратуды мақсат 
еткен ұлттардың бірлесуі болмай қоймайтын құбылыс. Осынау ынтымақта- 
суды дамыту мен қолдау және қорғау түркілердің мақсаттары болған және бола 
да берері анық.


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет