Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет127/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
Әзербайжанның тарихи аймақтары Габала мен Шекиде болып, оған Әзербай- 
жан Президенті Илхам Әлиев қатысып, халықаралық деңгейдегі Әзербайжан-
түрік қарым-қатнастарының нақты істердің нәтижесінде барған сайын жемісті 
бола түскенін атап өтті. Сөз жоқ, бұл нәтижелердің ішінде ең бағалысы - TA-
NAP
 
жобасы. Трансатлантикалық газ құбыры, «Бүгінде Түрік-Әзербайжан 
қарым-қатынастары екі жақты ынтымақтастықты дамытуда ғана маңызды емес, 
сонымен қатар өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты және қауіпсіздікті де 
қамтамасыз етуде үлкен ықпал етеді. TANAP жобасы қазірдің өзінде әлемге 
кеңінен мәлім. Бұл жобаға халықаралық деңгейлердегі ықылас ғаламдық 
энергетикалық саясатты қайта құруға ықпал жасайды. Бұл жобаға халықаралық 
деңгейде назар аударылуының өзі Түркия мен Әзербайжанның аталған 
бастамамен уақтылы бірге айнылыса бастағанын көрсетеді. Жақын болашақтағы 
бес жылда аталған жобаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Сонда Әзербайжан 
газы Түркия арқылы Еуропаға шығатын болады» – деп атап көрсетті Илхам 
Әлиев /19.10-11 б/. Шындығында, егер ғасыр шарты секілді алғашқы жобаны 
халықаралық инвесторлар қаржыландырса, бүгінде еліміз жан-жақты күшейіп, 
экономикалық жағынан әлемдегі 16-шы орында тұрған туысқан Түркиямен 
бірлесіп, жоғарда аталған TANAP жобасын іске асыруға кірісті. Аталған екі 
түркі мемлекеті өз тарихындағы ғаламдық мәні бар жобаны үшінші немесе 
тысқары инвесторлардың араласуынсыз-ақ іске асырып жатыр. Ақиқатын айтар 
болсақ, елдің көбі энергетикалық нарықтағы әлемдік орын үшін небір күштілер 
тайталасқа түсіп жатқан геосаяси кеңістікте Түркия мен Әзербайжан мұндай 
батыл қадамдарға барады деп, ойламаған еді. Расында да, екі түркі мемлекеті 
ортақ мақсат жолындағы өңір мен халықаралық қауымдастыққа осынау геосаси 
жобаны игере алатынын көрсетуде. Саяси еріктерін танытуда. Қысқасы, осынау 
геостратегиялық жобаны жүзеге асыру Түркия арқылы Еуропаның нарығына 
Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы табылған 2,6 триллион шаршы метр 
газды жөнелтуге жол ашатын болады. Мемлекетіміздің басшысы атап өткендей, 
жобаға бес жылдың ішінде шамамен 7 млрд. доллар салынып, газ құбырының 
өткізу қуаты 16-дан 50 миллиард шаршы метрге жететін, трансанадолы газ 
құбырының 80 пайызы - Әзербайжандікі, ал 20 пайызы- түркиянікі болмақшы. 
Келешекте TANAP жобасы Болгария, Румыния және Италия бағыттарына 
тартылатын болады. Бұл қадамдардың өңірдегі түркі мемлекеттерінің қолына 
осы аумақтағы энергетикалық саясатты шоғырландыруға мүмкіндік беретіні 
анық. Жоба Еуропадағы жаңа геосаясаттың да шешуші факторларының бірі 
екені анық /203.18-19 б/. 
Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған Әзербайжан-Түркия 
Ынтымақтастығының Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде былай деген бо- 
латын: «екі мемлекет те алдағы уақыттарда да одақтық мәндегі экономикалық 
және саяси қарым-қатынастарды одан әрі жалғастырып, одақтастық 
стратегиясы бағытын дамытатынына сенім білдірді. Бұл сенімнің беріктігіне 


217
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
оның халықаралық деңгейлерде қолдау табуында және түркі мемлекеттерінің 
өз айналасында халықаралық шоғырлануды құра бастауы себеп болуда». Сайып 
келгенде, екі тарапты жоғары деңгейдегі мұндай ықпалдастық халықаралық 
аренада табиғи түрде өз орнын табуда. Оның барлық халықаралық деңгейлерде 
ақиқат үлгі екені шындық бола түсуде /Дж.Ф./. Өздеріңіз білетіндей, 
Әзербайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуы біздер 
үшін орасан зор маңызға ие. Мен Әзербайжанның осынау миссиясы аяқталғанан 
соң осынау ұйымға тұрақты емес мүшелікке кандидат Түркияның 2015-
2016 жылдарғы жұмыстары біздің бірлігімізді бекіте түсіп, біздің одан арғы 
дамуымызды қамтамасыз етті /20.14 б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет