235
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
оның кітабының мұқабасындағы Түркия мелекеттерінің бірлесуі деген атаудың
дұрыс еместігін аңағартқымыз келеді. Өйткені, Түркі мемлекеттерінің бірлесуі
деген атаумен жоғарыдағы аттың айырмашылығынің бөлектігіне автор онша
мән бере қоймағанға ұқсайды. Әлем түріктері бір ғана мемлекеттің бастауымен,
басымдығымен құрылған бірлестікті өзге мемлекеттердің мойындамайтынын
жақсы біледі. Әлбетте, Түркия түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығында
үлкен рөль атқарады. Ол түркі тілдес елдердің қиын кезеңдеріндегі қорғаны да.
Дегенмен, Түркияның бірлескен мемлекеттері
деген атаумен ынтымақтасуға
бірде-бір ел келісім бермейді. Түркияның өзі болса, түркі әлемі мен
халықаралық қауымдастыққа келгенде сындарлы саясат ұстанып, үстірт те қате
қадамдар жасаудан сақтанып отырады және ондай жаңылуларға бармайды.
Сондықтан Түркияның ресми саясаты өте анық. Онда болжамды ұстаным мен
түркі дүниесінің бірігуіне қатысты мақсаттар бар. Сондығынан мұндай шетін
көзқарастардан бойды аулаққа салған дұрыс.
Түркі дүниесінен тысқары жерлерде түркі мемлекеттерінің болашақ
одағын болдырмауға бағытталған шиеленіскен саяси-идеологиялық ойындар
ұйымдастырылуда. Осы жағдайда Түркияны
бірлескен мемлекеттердің
орталығы түрінде меңзеуге жол бермеген жөн. Онсыз да батыстың сарапшылары
бүгінгі заманғы Түркияның түркі әлеміндегі және барша мұсылман дүниесіндегі
дағдарыстарды еңсеруге бағытталған сыртқы саясатына талдау жасай отырып,
негізінен мұны Осман империясын құруға талпыныс немесе османизм деп
түсіндіруде (216).
Демек, қазірдің өзінде халықаралық қауымдастықта аталған мәселеге
дұрыс көзқарасты қалыптастыру қажет. Түркі Мемлекеттері Одағын құру ісі
Түркияның ғана мұраты емес, барша түркі елдерінің бірлескен ықыласы мен
еріктері деп қараған жөн. Өйткені, мұның ақиқат екені шындық. Ол жағдайда
осынау бірлестіктің халықаралық құқық шеңберіндегі ынтымақтасуының
жүйеленуіне деген сенім де пайда болады.
Түркі әлемінің геосасаи кеңістігі кең де түрлі
себептердің салдарынан
жаңғыруларға тап болса, бұл жерлердегі ұлттық саяси-идеологиялық
жүйелерде белгілі бір айырмашылықтар болды. Тарихи даму заңдылықтарының
шарттарына сай осынау геосаяси кеңістіктің Батыс және Шығыс қанаттары
қалыптасты. Түркі әлемінің геосаяси қанаты Шығыс бөлігі Моңғолиядан
бастап
Каспийге дейін, яғни Орталық Азия деп аталып жүрген Түркістанды
құрайды. Ал Батыс геосаяси қанаты болса, Каспий теңізінен Балқанға дейінгі
аралықты алып жатыр. Бүгінде осынау екі қанатта да Түркі Мемлекеттерінің
Одағын құруға деген ықыластар күшті. Дегенмен де, осы бағыттардағы
жекелеген батылсыздықты, яғни өзге ықпалдастық үрдістеріне қосылуға деген
ықыластардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Осыдан барып түркі әлемін
біріктіру жолындағы интеграциялық жобалар мен бірлескен шараларда, әсіресе