Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет136/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169
20.
ОДАҚТАСТЫҚТЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ МЕН 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне байланысты гуманитарлық 
саясаттың тұжырымдамалық негізіне идеология жатады. Түркілік Ұлы 
классикалық саяси-идеология дәстүрлерінде құрылған түркизм идеологиясы 
оған қатысты толып жатқан біржақты, сыңарезу ұстанымдарға қарамастан, 
жалпы түркілік гуманистік саясаттың негізгі тұғырлық алаңы ретінде 
өмір сүре береді. Классикалық түркизм түркі халықтарының көпшілігінің 
империялардың бодандығында болған қиын уақыттарында өмірге келді. Біздің 
кешегі уақыттарымыз тәуелсіз түркі мемлекеттерінің егемендік пен бірлікке 
ұмтылыстарына тосқауылдар қойған заман болғанына қарамастан, түркі 
елдері өз дербестіктері үшін күрестерін тоқтатқан жоқ. Күрескерлік рухын 
сол классикалық түркизмнен алған бүгінгі заманғы түркілік рухты тұтынған 
елдер жаңа тарихи дәуірде Түркі Мемлекеттері Одағын құру жолындағы 
қозғалыстың көшбастаушысы бола білуде. Дегенмен де, қазіргі заманғы саяси 
үрдістер күрделі болғандықтан, тәуелсіз түркі мемлекеттерінің одағын құру 
жолында кедергілер де көптеп кездесуде. Ұйымды бөлуге және белсенді түрде 
оған бөгет жасауға назар салатын күштері бар бүгінгідей қайшылыққа толы 
уақытта бірегей және мызғымас саяси-идеологиялық ұстанымның шешуші 
рөль атқаратыны ақиқат. Сондығынан да қазіргі заманда идеологиялық жүйенің 
ойлау ісінің бүтін болмысы ретіндегі түркілікті дамытудың қажеттілігі басым. 
Сондықтан да қазіргі заманда осының негізінде Түркі Мемлекеттері Одағының 
тұжырымдамалық идеологиясын дамыта беру керек. 
Бүгінгі заманғы түркіліктің негізгі идеологиясына елдердің тәуелсіздікте- 
ріне нұқсан келтірмейтін, қажетті ықпалдастықтан соң асыра үстемдігі бар 
мемлекет құруды мақсат ұстанбайтын, конфедерация құруды мұрат жаса- 
майтын түркі мемлекеттерін құру жатады. Бұл сонда халықаралық жүйедегі 
егемен субьектілердің одақтық бірлестігі болады. Түркілік мысалға 
Әзербайжандағы секілді түркі мемлекеттерінің ұлттық идеологиясына қарсы 
емес. Керісінше, ол бірлесудің басты мақсаттарын ықпалдасу идеологиясына 
телитін мұраттарға бағынады. Түркі мемлекеттерінің арасындағы одақтастық- 
тың тұжырымдамалық идеологиясының негізіне келесі шарттар жатады (1). 
Одаққа тарихи-фундаменталдық ұстанымдар мен жалпы түріктік 
құндылықтарынан туындайтын міндеттерді ескере отыра өту (2) Тәуелсіз 
түркі мемлекеттерінде ұлттық идеологияны басшылыққа ала отыра даму (3), 
осы республикалардағы одақ құруға қатысты қызметтер мен ықыластарды 
зерттеу (4), осы елдердегі саяси биліктің гуманитарлық- идеологиялық алаңын 


233
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
дайындау (5), мемлекеттераралық шоғырлануды бекітумен қатар шетел 
идеологиясына қарсы жүйелі ұйым құру (6), халықаралық деңгейде, әсіресе 
түркі халықтары мен диаспоралық ұйымдарда табыстарға жету (7). Осы негізде 
халықаралық қауымдастықты Түркі Мемлекеттерінің Одағын құруға дайындау, 
әлем елдерінің оған қолдау көрсететін және түркі елдерімен және олардың 
қоғамдарымен одақтасатын мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарды және 
жаңа күшті саяси бірлестіктің құрылуымен ғаламдық жаңғыруға беталатын 
үрдісті ұйымдастыру. 
Біздер, түркілер өз тарихи тағдырымыздың көкжиегіне анық жанармен көз 
салғанда, көкейімізге сан сауалдар оралады. Егер біздің ұлы бабаларымыз 
құрып кеткен орасан зор түркі мемлекеттері мен империялар көптеген ғасырлар 
бойына тек түріктерді ғана емес, біртіндеп Еуразияның өзге де халықтары мен 
этностарын бірегей саяси, идеологиялық, діни және өркениетті жүйелерге 
біріктіре алған болса, біздерге неге Түркі Әлемінің ауқымында өңірдегі 
бірегей суперэтнос шеңберінде осыны жасамасқа. Бүгінде өткен ғасырдың 
орта шенінде Еуропада құрылған Одаққа қарағанда біздің мүмкіндіктеріміз 
әлдеқайда жоғары. Себебі біздің өңірлерімізде олардағыдай қанды соғыстар 
болған жоқ. Бұл - біздің ең үлкен және айырмашылығы орасан ерекшелігіміз 
екені ақиқат. Біздер тәуелсіз ел болып, алып империядан бөліндік. Баршамыз 
да ұлттық мемлекеттер мен мемлекеттілік құру ісінде қанаттаса қатар адымдап 
келеміз. Бірден-ақ бір-бірімізге бауырластық қолымызды созып, тілектес бола 
бастадық. Осылайша туыстығымызды сезініп, өзара жақындаса бастадық. 
Ынтымақтасу жолында кедергі болардай ішкі шиеленістер де жоқ. Неліктен 
біздер Еуроодақ пен НАТО жағына сағынышпен қарап, осы тақылеттес әлемдік 
альянстарға қызғанышпен көз салуымыз керек. Неге біздер әлемге өзіміздің 
қуатты бірлестігімізді танытпауымыз керек. 
Қазіргі ғаламдық саясат көрсетіп отырғандай, Түркі Мемлекеттері Одағын 
құру жолында енді тайсақтауға, жарты жолдан тоқтауға әсте болмайды. 
Осы жолдарда пайда болатын сансыз сауалдар мен қиындықтарға да әзір 
болуымыз және күш-қуаттарымызды ортақ мақсатымыздың ақиқат жолына 
бағыттай білгеніміз дұрыс. Біздер қазірдің өзінде Одақ құру жолындағы 
гуманитарлық кезеңнен өтіп, саясаттағы, экономика мен әскери салалардағы 
болашақ одақтастығымыздың іргетасын қалап алдық десек те, әлі де болса, 
бірегей бағдарламалық жобамыз бен Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру 
ісіне жауапты саяси өзара келісілген субьектілерді толық анықтаған жоқпыз. 
Сондай-ақ, ұлы мақстымызды жүзеге асыратын бірегей механизмді де құрған 
жоқпыз. Алдымызда тезірек шешілуі қажет көптеген көкейкесті жайлар тұр. 
Ендігі ретте жасалған ауқымды істерді кеңейтіп, саяси, экономикалық және 
әскери салалардағы ықпалдастыққа бағытталған жүйелік-тұжырымдамалық 
бірлестікке көшуіміз дұрыс. Сайып келгенде «ұлтқа зораю емес, кішірейе беруді 
жазмыштың жазғанын» естен шығармауымыз керек (101.67 б). 


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет