Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет139/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
технологияларды іске қосу қажет. Ғаламдық басқарудың басты жетекшілік 
мақсаты- ғаламшарымызда әскери басымдықтармен қатар идеолгоиялық 
үстемдікке қол жеткізу болып табылады. Бүгінгі заманда мұндай артықшылыққа 
қол жеткізу үшін идеологиядан бас тарту жоспарынан туындайтын саясаттарға 
қарсы шаралар жасалуда. Бұндағы басты дәлелге өркениеттер арасындағы 
қатынастардың асқынуы идеолгиялар арасындағы текетірестер идеологиялар 
арасындағы қатынастарды екінші сатыға түсірді (262.53.125-122 беттер). 
Осынау қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі - америка ұлтшылдығын 
негіздеуге күш салып жүрген американ стратегі С.Р. Хантингтон: «Азия- 
өркениеттердің қайнаған қазаны (262.53.219 беттер). Анығын айтқанда, Азия 
өркениеттерінің арасында ымырасыз соғыстар жүруде. Егер жағдай осылай 
болса, Азия (болмаса өзге құрлық) түрлі өркениеттерге жататын мемлекеттердің 
ұлттық идеологиясының «қайнаған қазаны» болып есептеледі. Идеологиялар 
ұлттық мүдделерге орай өседі. Олар ұлттың еркі мен кемшіліктерін де көрсетеді 
(236.57-13 беттер). 
Қандай да бір халықаралық бірлестікке кірген ұлттық мемлекеттің 
ынтымақтастығы барысында олардың идеологиясы әлсіремейді, қайта 
белсене түсіп, икемділік машықтарына ие болады. Әлемнің көп өркениетті
нешеме түрлі өркениетті ахуалдарында ұлттық мүдделер идеологиялары үшін 
әрекеттер жасаудың ауқымды мүмкіндіктері ашыла бастайды. Сондықтан 
түркі мемлекеттерінің одағын қалыптастыру үрдістері осынау қайшыласқан 
ағымдардан тыс қала алмайды. Одақтастықтың саяси идеологиясы бүгінгі 
заманның кейбір сапаларын алуы керек. Осыдан кейін ғана демократиялық 
әлем бұл қадамдардың жасампаздыққа бағытталғанын және өздеріне пайдалы 
боларына сенеді. Ал жас түркі республикалары болса, жетілген демократиялық 
жүйелермен тең дәрежедегі қырым-қатынастарының оң нәтижелі қадамдарын 
жетілдіріп, қызметтер істей берулері керек. Олар еуропалық демократияның 
азиялық демократиямен синтезінің сәттерін көресетуі қажет. Әлбетте, бұл 
оңай іс емес, неге десеңіз, осы уақытқа дейін Азия патриархалды қоғам ретінде 
қабылданып келді. Сондығынан да демократиялық Түркияның Азияның саяси-
идеяологиялық жүйесін жаңғыртуға қатысты ұстанымын әлемдік қауымдастық 
түсіністікпен қабылдауда 203.90-93беттер). 
Түркі тілдес мемлекеттердің одағын құру идеялогиясына қауіп төндіретін 
себептердің ішінен Еуразияда көшбасшы болуға үмтікерлердің жоғарыдан 
туғызар және діни-идеологиялық радикалды топтардың төменнен жасар 
арандатуларын бөле жара атағанымыз жөн. Бұлардың екеуі де қатерлі. Бірі 
аймақты әскери базалардың көмегімен бақылауға алуға тырысса, екіншісі 
бірбеткейлік отын қыздырып, жанжал тудыруға тырысады. Олардың араласулары 
Ауғанстандағы секілді өте қауіпті. Түркі әлемі осынау қақтығыстардың ұш- 
қыны өз аумағына келіп, ұшқыннан жалын қаулап кетпеуін қадағалауы 


239
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
керек. Түркі ұлтының қажыр-еркімен құрылған «парасат империясы», әрине, 
мұндайдың өз аумағында орыналуына жол бермейді. Сондықтан, «түркі 
прагматизмі» түркі әлеміне бетперде жамылған ортағасырлық үстемдік пен 
демократия киімін киген осы заманғы империализм құбыжығының кіріп 
кетпеуіне қарсы тұрар қабілеттерін көрсетуі керек. Түркизмнің этикалық-
идеялогиялық құндылықтарын дамыту мен қорғауда әлі де көптеген жұмыстар 
жасауына тура келеді. Мысалға, орта ғасырдың сонау заманғы әубасында 
Еуразия жаулап алған түркілердің бабалары туралы осы заманғы дәуірге 
дейін олардың жақын және алыс көршілері жалаға толы тарихтар құрастырып, 
ойға сыймайтын өтіріктер айтып, жалғандықтар таратумен келеді. Сондағы 
мақсаттары - түркілердің адамдар мен халықтарға, әсіресе, армяндарға жасаған 
өтірікке толы қатыгез өктемдігін елге жаюда қолдан келгеннің барлығын 
жасуда. Олар бүгінде де сол «әндерінен» жаңылған жоқ. Адам айтса нанғысыз, 
өзін Еуропаның ұлы санаткері санайтын, классикалық француз ағартушысы 
Монтескье түріктерді ғаламшардағы ең оңбаған, нас адамдар санайды (124.г. 
2.192 бет). Дегенмен, түркі халықтары жөнінде ақиқатты арқау еткен өзге де 
пікірлер жетерлік. Мысалға азамзаттың ұлы перзенттері Низами, Гете, Пушкин 
мен Лермонтовтардың түріктердің жан мен тән сұлулықтары жайындағы 
сөздерін немесе оларға кереғар А. Вольтердің романтикалық қойылымдарын 
еске алып, оның ақылға сыймайтындай сөздерін жадыға оралтып көрген дұрыс 
шығар. Ол: «түркілер славян әйелдерінің аппақ тәндерін көргеннен соң, олардың 
жамбастарынан бір түйір ет кесіп алып, жеп қойған екен...», деген сөздер айтты, 
сандырақтапты../147.174-176 бет). Еуропалықтардың өздері де 1876 жылы 
Ұлы Британия Парламентінде лорд Гладстонның сөздерінде де ешбір ақиқат 
жоқтығын мойындайды. Лорд: «Түркілер адамзаттың адам емес кейпіндегі 
жандары. Біздің мәдениеттеріміз мәңгі болуы үшін оларды қуу керек. Құран 
барда, осынау қанды тағылық жер бетінде жасай береді »-деп, лағады ол (136. 
59 бет). Осы сөздер иесінің Отаны - Британ империясы ғаламдық бодандықтың 
іргесін қалап берген батыс империализмінің ақылға сыймайтын, адамдыққа 
келмейтін ең сұмдық механизмдерін жасаған мемлекет. Бұл мемлекет адамзат 
тарихындағы ең қанды зұлматты жасаған ел. Ол Австралияға жақын Тасмания 
аралында өз отарын ұйымдастырып, 1833 жылы онда өмір сүріп жатқан байыр- 
ғы тұрғындарды аяусыз қырып, ондағы халықтан 300 ғана адам қалдырған 
болатын (295.т.1.141-173 беттер).
Түркілерге жасалып жатқан келесі бір құйтырқы қиянат, түркі тілдес 
халықтар көп тұратын Ресей Федерациясының орта мектептерінде оқытылатын 
«Отан тарихы» кітабының 6-шы сыныптарға арналған басылымындағы 
«Моңғол-татар басқыншыларының жыртқыштығы» атты картинасында 
Вольтер қиялының басқа бір суреті берілген. Онда моңғол-татар тағылары 
жебелер көмегімен адамдарды өлтіріп, қылышпен кескілеп, еттерінен кәуәп 


240


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет