257
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
толық қанағаттандыратын шетел азаматтары, оның ішінде түркі тектес ұлттар
өз азаматтығын сақтай келе, Ұлыбританияның да азаматтығын ала бастады.
2006 жылдың мәліметтеріне қарағанда, Англияда оның азаматтығын алғандар
саны 54 мыңға жеткен. Бұл елде түркі диаспорасының медиа ұйымы жұмыс
істеп, өз елдерінің мүдделерін
алға тартып, насихаттаумен айналысады.
Әзербайжан ұлтының алғашқы өкілдері Англияға ХХ ғасырдың орта тұсында
келіп, қоныстана бастаған. Бүгінде Лондонда әзербайжандар саны анағұрлым
көбейіп, олардың құрған қуатты диаспоралары айтарлықтай жұмыстар атқаруда.
Мысалға, Әзербайжан-Англия Қоғамының, Еуропа-Әзербайжан Әзербайжан
жастары клубының белсенділері, Әзербайжан елінің
ақиқат тіршілігі мен өз
қоғамдарының өмірлері қақында шындықты насихаттап, Қарабақ проблемасын
шешуге мақсат ұстайтын шараларды кеңінен атқаруда. Лондондағы әзербайжан
балаларының өз тілдерін ұмытпаулары үшін мұнда әзербайжан мектептері
ашылған. Бұдан басқа, Еуропа-Әзербайжан қоғамының қолдауымен ағылшын
тілінде «Visions of Аzerbaijan» журналы шығып тұрады. Бұл ұйым Қожалы
зұлматы мен Қарабаққа байланысты шараларды тұрақты өткізіп келеді.
Сондай-ақ, осы ұйым аталған проблемалардан туындаған көкейкесті жайларды
еуропалықтардың қаперлеріне жеткізу жолында үлкен жұмыстар жасауда.
Әзербайжан елінің тұңғыш өкілдері Алимардан бек Топшиев пен Джейхун
бек Гаджибейлилер мен басқалар Францияда ХХ ғасырдың басында пайда болса
да, диаспоралардың ұйымдасуы соңғы 20 жылда ғана өте бастады. Францияда
бірнеше мәдени ортпалықтар жұмыс істеуде, олардың арасында «Әзербайжан
Үйі» ассоциациясы да бар. 2003 жылдың қараша айында әзербайжан
студенттерінің күшімен Франция-Әзербайжан
жастарының ассоциациясы
құрылып, қоғам әзербайжан студенттерінің елдегі ұйымдарымен байланыстар
орнатып, жұмыс істей бастады. 2004 жылдан бері ассоциацияның «Korpu-Le
Pont» журналы шығып келеді.
Швецияда да шамамен 20 мың әзербайжан тұрып жатыр. Олардың басым бө-
лігі Иран Ислам Республикасынан /Оңтүстік Әзербайжан/ қоныс аударғандар.
2001 жылы Әзербайжан-Швеция Федерациясы комитеті құрылды. Федерация-
ның жұмысына бірнеше ықпалды швед азаматтары қатысуда. 2001 жылдың
маусым айында әзербайжан эмигранттары Әзербайжанмен байланыстағы 14
ұйымды біріктіріп, қоғам құрды. Ол қоғамның құрамында «Ерік», «Улдыз»,
« Трибун», «Савалан» және басқа да ұйымдар бар. 2002 жылдың қазан
айында «Әзербайжан академиялық Қоғамы» құрылды. Бұл қоғам Әзербайжан
Республикасының мемлекеттік жүйелерімен
және қоғамдық ұйымдарымен
ықпалдаса жұмыстар істеуде.
Голландиядағы әзербайжан-нидерланды қоғамы 2003 жылдың тамыз
айында құрылған болатын. Бұл қоғамның 1993 жылдан бері «Бенилюкс» газеті
шығады. Осы елдің Ден Хааг қаласында Әзербайжан-Түрік Мәдениетінің
қоғамы жұмыс істеп, осынау ұйым елдің қоғамын Әзербайжан және Түркия