VI
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
жолдардың ашықтығын ерекше атап өтті. Ол сол жиналыста төмендегідей ойлар
айтты: Осынау сьездер мен шаралар бір ғана мақсатты-түркі әлемін бұдан да
тығызырақ ынтымақтастыру,өзара байланыстар мен әлемдік сабақтастықтарды
бүгінгіден де нығайта беруді көздеуі керек.... Бұл, әлбетте, баршаның мүдделері
үшін. Егер біздің бірлігіміз күшейе берсе, онда әр түркі мемлекетті де өзінің
ұлттық мүдделерін еркін қорғай алады (13.363 б). Мемлекет Басшысы
Әзербайжан және Түркі диаспоралары жетекшілерінің 2007 жылдың наурыз
айында Бакуде өткен бірінші форумында көтерілген мәселелерге назар аудара
келе, бұл кездесудің түрік және әзербайжан диаспораларын біріктіруде маңыз-
ды рөл атқарғанын атап өтті: «Қазіргі уақытта барлық елдердегі түрік және
әзербайжан диаспоралары біресе қызметтер атқарып, бірге жұмыс істеуде деп
айтуға әбден болады. Олар сондай-ақ, біздерге қарсы бағытталған және өзімізді
де алаңдатып отырған шараларды болдырмауға арналған қадамдарды да бірлесе
атқаруда. Сөйтіп, олар бір-бірлерінің мүмкіндіктері мен ұйымдастырушылық
қабілеттерін дұрыс пайдалануда. Кей кездерде олар біздерге қарсы жүргізілетін
әділетсіз науқандардың алдын алуға қатысты өте бір негізделген ұсыныстар
жасайды. Егер біздер күшті бола түссек, біздің ақиқатымыз да қуаттана түсетін
болады. Онда біздің сөздерімізді де естіп, онымен санасатын болады. Олай болса,
біздің бірлігіміз елдеріміз болашағының басты кепілі және біздің күшіміз де
осында жатыр..» (13.366-367б). Сол сьезде сөйлеген сөзінде Түркияның Премьер-
Министрі Реджеп Тайып Ердоған Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевтің
сөзін қолдап, аталған ұйымның түркі әлемінің, ғаламдық ынтымақтастықтың
бірлігіне қатысуының толықтай қисынды екенін, осылайша бейберекеттіктен
аулақ болып, тәртіп пен реттілік ахуалын алуына жол ашатынын атап өтті.
Түркі әлемін ынтымақтастыққа бастайтын жаһандану жобаларының
үрдістеріне барлық тусқан елдердің қатысуы және бірлесе ой қорытып, әл-
ауқаттың өсуіне, өңірдегі ынтымақтастық пен тұрақтылыққа баға беру үшін
аса кең ауқымдағы ашықтық керек. Өйткені, соңғы съезде атап өтілгендей,
ағылшын тілді, француз тілді, испан тілді елдер бір тіл мен бір мәдениет
төңірегіенде қарым-қатынастар құра бастаса, біз де сыртқы саясаттардағы
жұмыстарымызды осындай бірлескен үлгіде ұйымдастыруымыз керек. Біздің
тамаша тілімізде сөйлейтін түркі тілдес мемлекеттердің тұтастығы біздің
халықтарымызды халықаралық деңгейлерде қорғауға, сондай-ақ, бейбітшілік
пен тұрақтылықты бекіте түсуге мүмкіндіктер береді. Осы аяларда біздер
бір тіл бағытындағы жұмыстарымызды күшейте түсуіміз қажет. Біздің ортақ
тарихымыз жазылған жаңа мәліметтер мен осынау ортақ тарихымызды
оқулық ретінде зерделеуге қатысты негіздегі бүгіндегі бар тақырыпты еске
сала кетелік. Түркі республикалары арасындағы кез келген ынтымақтастықты
институционалдық үлгі ретінде қабылдайтын уақыт келді. (Дж.Ф.) 87.372 бет).
Ақиқатында, өткен қысқа ғана мерзімде жалпы түркілік ұйымдарда, әсіресе
диаспоралық қозғалысты жандандыру мен байланыстарды күшейтуде, әлемнің
өзіне түркілік көзбен қарап, түркі әлемін танып, оның халықаралық жүйеде
255
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
қандай орын алуын анықтауда айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазір әлемдегі,
әсіресе батыс елдеріндегі Әзербайжан мен Түрік диаспоралары осынау екі
ел мен түркі әлемінің жалпы алғандағы мүдделерін қорғаудағы және осынау
қызметке өзге де түркі диаспораларын тартып, әлемдік көлемде жалпы түркілік
ұйымдарға жаңа тыныс беру бағыттарындағы тұжырымдамалық жобаларды
іске асыруға оңтайлы мүмкіндіктер тудыруда. Әлемнің түрлі елдерінде тұратын
әзербайжандардың ұйымын құрудағы маңызды оқиғаның бірі, 2004 жылы
Германияда, Берлинде Еуропа Әзербайжан Конгрессінің құрылуы болды. Оған
дүние жүзінің 28 елінен, атап айтқанда, Ресейден, Украинадан, Беларустан,
Молдовадан, Швециядан, Швейцариядан, Норвегиядан, Даниядан, Франциядан,
Голландиядан, Австриядан, Болгариядан, Румыниядан, Венгриядан, Бельгиядан,
Финляндия мен Германиядан сайланған әзербайжан диаспорасының өкілдері
Еуропа Әзербайжандары Конгресінің ұжымдық мүшеліктерін құрады.
Өңірлердегі әзерилердің ұлттық-мәдени дәстүрлерін, қорғап, олардың
әлеуметтік және саяси-құқықтық мүдделерін қорғау Конгресстің негізгі
міндеттеріне жатады.ЕӘК-нің тағы бір міндетіне Әзербайжан, Қазақстан,
Кавказ бен Каспий аймақтарымен байланысқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын
қолдап, қорлар және зерттеу институттарын, кітапханалар мен мұрағаттар
құрып, Еуропаның,ТМД-ының және өзге де аймақтардағы жұмыс істеп жүрген
әзербайжан диаспораларымен ықпалдасу, қызметтер істеу болып табылады. Бұл
тұста Еуропадағы түркілердің көбеюіне және олардың ынтымақтарының беки
түсуіне Германия Федеративтік Республикасы мен Түрік Республикасының
1961 жылы еңбек миграциясы жөніндегі Келісімге қол қоюлары айтарлықтай
ықпал еткенін атап өткен орынды. Саяси партиялардың сайлау науқандарында
түрік диаспорасын өз электораттарына тарту жөніндегі (бүгінде Германиядағы
түріктер саны 2 миллион 637 мыңға жетті) және түріктердің осындағы
диаспорасын Германия халқының бөлінбес бір бөлшегі екенін ел басшылары
мен саяси элитаның қабылдауын талап еткен бастамалары аса құнды болды.
Түріктер Германияның барлық қалаларында, яғни Берлинде, Боннда,
Гамбургте, Штугартта, Майндағы Франфургте, Кёлньде, Кёнигсбергте,
Дюссельдорфте және Германияның өзге де қалаларында тұрып жатыр. Белгілі
фирмалар мен ірі компаниялар Германияда түрік кәсіпкерлерімен әріптестікке
көшіп, олардың бірлігі мен тәжірибелерін өз істерінде пайдалануда. «Ең ірі
шетел капиталы» мәртебесіне ие түрік бизнесмендері өздерінің этникалық осы
атағын ақтап, Германиядағы аса ірі жеке меншік капиталға ие этникалық қауым
саналады. Германияны өздерінің екінші отаны санайтын түрік диаспорасының
өкілдері спортта, медиа, ақпарат технологиялары мен банк салаларында ғана
емес, ғимараттарды жобалау мен құрлыстарын салуда, ғылым мен денсаулық
сақтау істерінде де белсенділік көрсетуде. Германиядағы түрік диаспорасы
өзінің ұлттық болмысын, дәстүрлерін, мәдениеті мен өзіндік ас-ауқаттар
дәстүрлерін және дінін көздің қарашығындай берік сақтап отырған негізгі
диаспора саналады. Осындағы түрік зерттеу орталығының мәліметтеріне
256
Достарыңызбен бөлісу: |