253
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
DGTYB
-
Әлемдегі жас түркі жазушыларының бірлестігі,
DTOCFB-Әлемдік
түркілік туысқандық қауымдастығының бірлестігі,
DTCAT-Түркі жастарының
бірлестігі ұйымы және басқалары өздерінің түркі мемлекеттеріндегі және өзге
де шетелдік елдердегі қызметтеріндегі түркілік бастамашылықтың ауқымының
қаншалықты кең екенін танытып келеді
.
Түркі мемлекеттерінің бірлестігі жөніндегі идеяны жақтаушылар өз
елдерінде немесе әлемнің кез келген түкпірінде өздері құрған түркілік
ұйымдардың көмегімен
тарихи уақыттарды насихаттап, бүгінгі күндерде
де түркі халықтарының сарқылмас рухани және материалдық қазыналары,
алуан түрлі және жағрапиялық жағдайларының нешеме алуан климаттары
қақында, мемлекеттік және ұжымдық тамаша дәстүрлері,
ғылыми және
білімдік қабілеттері туралы жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықаралық
қауымдастықты ынтымақтастыра түсіп, жасампаз, шығармашылық еңбектерге
бастайтын бейбітшілікті және адамгершілікті қадір тұтқан сезімдермен
жалпытүркілік ділге қатысты толыққанды пікірлер қалыптастыруда. Осыдан
20 жыл бұрын түркі республикалары тәуелсіздіктерінің алғашқы жылдарында
батыс ғалымдарының күш біріктірулерімен жазылған «Әлемнің түркі
халықтары» кітабында Еуразиядағы түркі мемлекеттері мен түркі
әлемінің
жалпы алғанда біртұтас этножағрапиялық түпнегізді құрайтыны және олардың
бірігуі болмай қоймайтын ахуалдар екені жөніндегі идея алдыңғы орынға
шығарылған. Бұл олардың халықаралық деңгейлерде жүзеге асатынын (308)
айтқан зерттеушілер қателеспеген еді. Өйткені, өткен 20 жыл түркі әлеміндегі
ынтамақтасу үрдістері болжамдардан да асып кетті. Тиісті ұйымдық қадамдарда
бұл үрдістер өзінің шапшаңдығымен әйгілене бастады. Бүгінде осынау
үрдістер түркі мәдениетінен бастап диаспоралық жүйелерге дейінгі арналардан
бастап, көптеген бағыттардағы бірлесу қызметтерінің шоғырлануына әкелуде.
Диаспоралық қозғалыстардың тіпті мемлекеттер
аралық қарым-қатынастарға
тікелей ықпал етіп, халықаралық саясатқа ықпалды қозғау сала алатыны мәлім.
Халықаралық деңгейдегі Кипр проблемасына Түркі диаспорасының лоббиі
(226.412-418 беттер) бірнеше рет қатарынан өзіне назар аудартқан. Жаулап
алушылардың ұрпақтар: «Түркі әлемінің жаңа өрлеуі» атты тамаша туындының
авторы Хью Поуп пен «Христиандық мұхиттағы Түркі аралдары» (292.281-
287б, 361-368,369-379 б)
кітабының
авторлары батыстың өз ішінде түркі
әлемінің мүдделерін қорғаудағы өз парыздарын лайықты орындауда.
Жалпы түркілік ұйымдарға әлемдік деңгейлерде аса күшті саяси қолдау
көрсетіп келе жатқан, сөз жоқ, түркі халықтарының
осы бағыттардағы асыл
мұраттарын іске асырып жүрген мемлекет басшылары екені талассыз
.
Түркі
Мемлекеттері мен қауымдастығының 2007 жылдың қараша айында өткен
Түркі халықтары
мен қауымдастықтарының достығы, туысқандығы мен
ықпалдастығының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Әзербайжан Республикасының
Президенті Илхам Әлиев түркі мемлекеттерінің бүгінгіден де тығыз топтасуы
жолында жалпы түркілік ұйымдар мен жалпы түркілік ұйымдарға барлық