Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет60/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
юэчжилер білмейтін жібек мата түрлерін апарып, оларды жылқыларға, сондай-
ақ дәмді жемістерге, шарапқа және басқа да өнімдерге алмастыруға кеңес береді. 
Бес жыл өткен соң, яғни біздің дәуірімізге дейінгі 121 жылы жиегі күміспен 
көмкерілген айналар мен жібек маталар артылған алғашқы керуен Қытайдан 
аттанып, қиын жолдарды артқа тастай отырып, Ферғана аңғарына жетеді. Екі 
ел арасындағы бейбіт келісімге қол жеткеннен соң, бұрын бұған дейін болған 
Оңтүстік Жібек жолына параллельді бағыт бойынша сауда жүргізудің жаңа 
кезеңі басталады.
Келесі ғасырларды Ұлы Жібек жолына балама ретінде –Үндістан мен Рим 
Империясы арасындағы сауда байланыстарды қамтамасыз ететін теңіз Жібек 
жолы (Үнді теңізі арқылы) бағыты құрылады.
Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан бастап Жібек жолы арқылы еуразиялық 
өркениеттер арасында жүйелі сауда қатынасы орнады. Олар өркениеттер 
арасында дамыған инфрақұрылымы бар макроқарым-қатынастың белгілі көп 
полюсті үлгісін қалыптастырды... Негізінен жер өңдеумен айналысатын және 
де шаруашылық үшін өте қажет тауарларға мұқтаж Еуразия жазығындағы 
көшпелілер сауда айырбасының белсенді мүшелеріне айналды. Еуразияның өте 
қолайлы аумағында тұратын олар Қытайдан бастап Орталық Еуропаға дейінгі 
аралықты алып жатқан өркениеттердің барлығымен де байланыс орнатты (169, 
142 бет). Жібек жолының солтүстік және оңтүстік бағдарлары (құрлық және 
теңіз бойынша) төмендегідей бағыттар бойынша қатынады: Орталық Азия – 
Жер орта теңізі бассейні және Қытай – Шығыс Түркістан – Жерорта теңізі. 
Жіктелудің бұл себебін Еуразия құрлығындағы саяси ахуалдың үнемі және 
түбегейлі өзгеріп отыратындығымен түсіндіруге болады. Ежелгі әлем сауда 
айырбасы мәдениетін күшейту мақсатында балама жолды іздеумен болды. 
Бірқатар аралық саябырсуларға қарамастан, еуразиялықтардың саяси және 
экономикалық шебер орағытуларының арқасында Жібек жолы өз жұмысын 
жалғастыра алды.
Егер де Ұлы Жібек жолына тарихи мәнмәтінде зер салар болсақ, онда 
осы аталған негізгі бағытпен адамзат өркениетінің дамуына игі ықпал еткен 
сұрыпталған материалдық және рухани да құндылықтар тасымалданды (жібек, 
қымбат тастар, дәмдеуіштер, былғары, жүн және де басқа тоқыма шикізаттары, 
қағаз, кәрлен, шыны, шәй, шарап, күріш, өсімдіктер мен көкөніс тұқымдары, 
киім-кешек, маталар, сәндік бұйымдар, опа-далап, қару-жарақ, кітаптар, 
қолжазбалар, діни жарақтар, ою-өрнектер, адамдар пайдаланатын құрал-
саймандар, басқа да керек-жарақтар мен жабдықтар. Бұлардан өзге, аңшы иттер 
мен қыран сұңқарлар, тотықұстар, леопардтар, арыстандар, тіпті тірі құлдарға 
дейін болатын). Керуендерге тарихтың әр кезеңінің өзіне тән «жүктері» артылып 
отырғандай сезіледі. Керуендер, түйекештер, түйелердің мойындарына ілінген 
қоңыраулар, киім-кешектер, керуен сарайлар, сауда жүргізілетін қалалар, 


107
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
сатылатын және сатып алынатын тауарлар, айналымда жүретін ақшалар, 
қатынас жасайтын тілдер, сауда жолдарын бақылайтын шенеуніктер, сарайлар, 
империялар – бәрі де бірін-бірі алмастырып жатты.
Дегенмен, сауда айырбасы мәдениетінің бір «алтын ережесі» өзгеріссіз қалды: 
адамдардың барлығы да тарихтың белгілі бір бөлігінде өз ара қарым-қатынасты 
жаңа деңгейге көтеруге, бір-бірлерін тереңірек танып-білуге, ең қымбат 
материалдық және рухани құндылықтарымен бөлісуге, соның нәтижесінде 
өндіру және тұтыну мәдениетінде бұрынғыдан да қолайлырақ технологияны 
игеруге ұмтылды. Мұның барлығы да жалпыадамзаттық құндылықтарды 
қалыптастыруға деген ынталандыру болды. Осылайша, қазіргі заманғы әлемдік 
өркениеттің көтерілген биігіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет