Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет59/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
қалай алмасып отырмасын, оның қызметін қалпына келтірушілердің, жолды 
пайдалануды қамтамасыз етушілердің басында бірінші кезекте түркілер, 
олардан тараған ұрпақтар, мемлекет пен империяның тұрғандығында еді. 
Әлемдік тарих пен өркениет үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты 
зор болса, түркілердің рөлі мен олардың тарих сахнасынан біржолата жойылып 
кетпей, әлі күнге дейін тіршілік етіп келе жатуының да маңызы соншалықты 
үлкен деп айтуға болады.
«Жібек жолы» түсінігін алғаш рет 1877 жылы неміс географы Рихтгофан 
көтерді. Өзінің атауынан белгілі болып отырғандай-ақ, сонау ІІ ғасырдан 
бастап біздің дәуірімізге дейінгі аралықта Жібек жолы Оңтүстік Азиядан, 
дәлірек айтқанда, Қытайдан жол тартып, Жерорта теңізі елдеріне қарай іс 
жүзінде Жібек саудасы жолының классикалық маңыздағы міндетін атқарды, 
кейіннен одан әрі жетілдіріле түскен ол сауда және мәдени байланыстарды 
қамтамасыз ететін өте қажетті коммуникациялық құралға айналды. Дегенмен, 
Жібек жолының тағдыры атына заты сай, есілген «жібек» тәрізді жұп-жұмсақ 
бола қойған жоқ; ол түрлі қауіп-қатерлермен бетпе-бет қақтығысып отырды, 
оның ғұмыры қилы мезгілдердегі түрлі әскери-саяси күштерге, экономикалық-
мәдени аумалы-төкпелі ахуалдарына, геосаяси жағдайлардың қолайлы 
мүмкіндіктеріне тікелей тәуелді болды. Негізгі мақсаттық бағытының сақтала 
отырып, Жібек жолының түрлі ауқымдағы өзгерулері, оның түркі мемлекеті мен 
мәдениеті орналасқан аймақтарды қамтуы, Еуразиядағы геосаяси ахуалдардың 
барлығының өзгеріп отыруын реттеуде түркі әлемі жетекші рөл атқарды десе 
болады. Жібек жолы мәдениетінің тарихи эволюциясын зерттеу барысында, 
бұл үрдіске оның бірегей қорушысы саналатын – түркілердің қатыстырылуы, 
Еуразиядағы трансөркениетті оқиғалардың тарихи шынайылығы мен оның 
жалпы заңдылықтарын мейлінше объективті түрде анықтау болып табылады. 
Өйткені, Жібек жолына қосылудың нәтижесінде халықаралық саяси-мәдени 
қарым-қатынастардың ауысуының қандай сипатқа ие болғанын біліп алмай 
тұрып, Еуразияның да тарихи-геосаяси болмысын зерттеу мүмкін емес. 
Өйткені, кейбір зерттеулерде Жібек жолы әрекетіндегі «түркілік факторлар» 
толықтай қате және бүлдіргіш дүниелер ретінде біржақты етіліп, әділетсіз 
көрсетіледі. Ал, «Үндіеуропалық факторлардың» рөліне тоқталар болсақ, 
керісінше оларды аталған үдерісте белгілі мақсаттар бойынша әсерлеп
барынша әспеттеп көрсетуге тырысады. Дегенмен, тарих шындыққа сай 
келетін өзге шынайылықты алдыңғы қатарға алып шығады: егер де түркілер, өз 
аумақтары арқылы өтіп, мыңдаған шақырымдарға созылып жатқан Ұлы Жібек 
жолына кедергілер келтірер, оған шабуылдар ұйымдастырып, тонаушылықпен 
айналысар болса, онда қай кезеңде болмасын сауда жолының күре тамыры 
жұмысын жалғастыра алмаған болар еді. Сондықтан да нағыз шындық 
мынадай, түркілер тарихтың түрлі кезеңдерінде Ұлы Жібек жолының ырғақты 
жұмыс жасауына кедергі келтірушілерді тиып тастап, сауда жолының қалыпты 


105
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
жағдайда жұмыс атқаруына мейлінше қолайлы жағдайлар туғызып отырды. 
Эволюциялық үдерісі күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, трансеуразиялық 
коммуникациялық жүйенің алғашқы негізі Ұлы Жібек жолының қызметінен 
көп уақыт бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларда қаланған. 
Месопотамия мен Эламнан шыққан сауда жолының үнді аңғары арқылы өтіп, 
Памир тауларына дейін жеткендігі сол заманнан-ақ белгілі. 
Таяу Шығыстың саудагерлері тауарларын осы жолмен Бадахшан көктасына 
дейін тасымалдады. Адамзаттың ең алғашқы өркениетінің нағыз отаны 
саналатын Мохенджо-Даро мен Харапп өзенаралығы арасынан Месопотамияға 
дейін оңтүстік сауда жолы жұмыс жасады. Месопотамия мен үнді аңғарларының 
мәдени орталықтары арасындағы сауданы өз қолдарына қондырып алған 
эламидтер, «сонау б.д. дейінгі ІV-ІІІ мыңжылдықтарда қалаға дейінгі және 
бірінші қалалық орталықты байланыстыратын Орталық Шығыста көпқырлы 
коммуникациялық желілерді қалыптастыра алды» (201, 26 бет).
Жалпы айтқанда, көшпелі халықтар мен Еуразия бойына түгелдей алғашқы 
қоныстанушылардың өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерген, сауда 
жасау және тәжірибе алмасу үшін жағдай туғызған ежелгі керуен жолдары 
арнасы тағы да тармақтала түседі. Міне, соның нәтижесінде халықтар мен 
қауымдастықтардың аралары жақындасып, олардың бір-бірімен араласуы жаңа 
деңгейге көтірілді, ал сауда-мәдени байланыстар арасындағы өзара сенім де 
күшейді. Еуразия құрлығының түрлі бағыттарына қарай тарайтын бұл жолдар- 
дың арасында кездейсоқтары да кездесіп жатады. Дей тұрғанымен, жолдардың 
тұрақты түрде пайдаланылуы, олардың географиялық-мәдени кеңістіктерді 
бір-бірімін байланыстыруы болып табылатын «үйреншікті бағыттар» үлкен 
бедел мен сенімге ие болды. Іріктеле келе, күре жолдар арасында олардың 
«жұлыны», яғни басты, магистралдық желісі анықталды. Шындығында, тарихи 
өте қажеттілік нәтижесінде пайда болған Ұлы Жібек жолы келесі ғасырлар 
бойында кеңейе берді. Жаңадан пайда болған шекараларды қиып өтіп, дамудың 
осы айтылғандай қилы-қилы сатыларынан сүрінбеген Еуразияның тарихы 
мен геосаясаты құрлықтағы ең маңызды жол мәртебесіне лайықты түрде ие 
болды. Сауда жүргізу мақсатында Ұлы Жібек жолының бір бөлігі ретінде 
құрылған «Солтүстік Жібек жолының» ірге тасының қалана бастау кезеңі біздің 
дәуірімізге дейінгі 138-126 жылдармен тұспа-тұс келеді. Сол уақыттарда қытай 
императоры У-ди өзінің бітіспес жаулары, бірақ Орталық Азияда бастаушы-
этно-саяси күш болып табылатын юэчжилер – ғұндық-түркілерден пайда 
олжаламақ ниетте одақ құру жөнінде шешімге келеді. Ойын жүзеге асыру 
мақсатында ол өзінің танымал елшісі Чжан Цянды батыс аумағындағы көшпелі 
тұрмыс кешетін юэчжилерге аттандырады. Барған жерінде Қытай елшісі өзін 
қатты таң қалдырған көріністерге тап болады, солардың бірі қытайдағыға 
қарағанда әлдеқайда биік, әрі сондай сұлу мүсінді жылқылар табыны еді. Еліне 
қайта оралған уәкіл көргендері туралы императорға қызыға хабарлап, ол жаққа 


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет