Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет58/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169
7. ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
ОНЫ САҚТАУШЫЛАР – ТҮРКІЛЕР
Ұлы Жібек жолы өз өмірінде бейне бір «маусымдық өзгерістерді» басынан 
өткеретін секілді: жылдың ауысып келіп отыратын «көктем», «жаз», «күз», 
«қыс» мезгілдері секілді, мұнда да құлдыраушылық және қайта көтерілу секілді 
драмалық көріністер бірін-бірі алмастырып отырды. Ондаған жылдар бойына 
адамдардың дауыстары мен сауда керуендерінің толассыз дыбыстарын естіп, 
оларды тыныстарына дейін сезіп жатқан сауда жолдары, уақыт шырғалаңына 
байланысты кей кездері ұмыт қалып жататын сәттері болды. Сондай-ақ, кепкен 
өзеннің ұлтанына қайтадан су көтеріліп, айналасына жан бітіргені секілді, ұмыт 
қала бастаған жолдың да тамырларына қан жүгіріп, келесі ұрпақтың игілігіне, 
олардың жүктері мен мәдениетіне куә болып, қайтадан түлеген кездері де аз 
емес. Ара-арасында бұл тасымал жолдарына баламалы таңдаулар да болып 
тұрды. 
Негізгі бағыты бойынша шамамен 12 800 шақырым ұзақтыққа созылып
жатқан Ұлы Жібек жолының ескі және жаңа тармақтары аңғарлар мен 
жыралардан, таулар мен жазықтардан аттап өтіп, өзендер мен теңіздерден жүзіп 
өтіп, Қытай мен Испания аралығын жалғаған жол айрығы бірде қосылып, енді 
бірде қайта ажырап қалып жатты. Жүздеген жылдар бойына әлемдік өркениетті 
құрайтын түрлі халықтардың қарым-қатынасын реттеп, оны қамтамасыз етіп 
келе жатқан Ұлы Жібек жолы өзінің іске асқандығының шынайы әрі жарқын 
көрінісін Солтан Гаджибековтың «Керуен» аталатын симфониялық мұғамында 
тапқан шығар: ауыр ырғақтың үнінен қиындықтар мен қауіп-қатерлерге 
бойлары үйреніп, ұзақ та қиын жолға шыққан адамдардың көңілді торлаған 
толқынды сезімдері мен үрейі байқалады... Бұл жол алысқа, тіпті ұшы-қиыры 
жоқ шексіздікке, жерден сонау ғарыш кеңістігіне, алыстағы өркениетке бет 
түзейтін секілді. Дегенмен, аталған жол өзінің шынайы тағдырын өзіміздің осы 
планетамыздан, түрлі-түсті «өркениет бедері» бар, бүгінгі күндері ғарыштан 
айқын көрініп тұрған және түрлі мәдениеттердің тарихи Отанына айналған
жағасын Тынық және Атлант мұхиттары шайып жатқан нақ осы құрлықтан 
табады. Ұлы Жібек жолының адамдар, қоғамдар, мемлекеттер мен мәдениеттер 
арасындағы тарихи байланыстарды шебер тамырластыра алғаны соншалық
олардың әрқайсының өз орындарында қалыптаса бастауына, коммуникациялық 
қызметтерді одан әрі жетілдіре түсуіне қажетті күш-қуат табылып отырды, 
аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндіктердің барлығы да жұмылдырыл- 
ды.
Қазіргі заманғы түркі әлемі үшін ерекше маңызға ие тағы бір мақсатты 
себептің түйіні, Ұлы Жібек жолы бойындағы жыл бойғы маусымдық кезеңдер 


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет