125
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
алатын шығармашылығы қуатты әлеуеті бар. Егер де біз бүкіл әлемге түркі
өркениеті сыйлаған саясат, ғылым, әдебиет
және өнер қайраткерлерінің
есімдерін еске түсірер болсақ (Мұстафа Кемел Ататүрік, Гейдар Алиев, Тұрғыт
Озал, Нұрсұлтан Назарбаев, Хасан Өзбекхан, Лютфи Заде, Тофик Фикрет,
Намик Камал, Рашад Нури Күнтегін, Фазыл Хюсню Дагларджа, Наджиб
Фазиль Гысакюрек, Әзиз Несин, Гафур Ғұлам, Муса Жәлел, Шыңғыс Айтматов,
Кара Караев,
Бахтияр Вахабзаде, Тоғрұл Нариманбеков, Олжас Сүлейменов,
Мұхтар Шаханов, Ораз Ягмур, Рауф Пярви және басқалар секілді.), онда
түркі мәдениетінің жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманизм идеалдарын
қалыптастыруда, ілгерілеушілікке бастайтын, сондай-ақ ұлттық-мәдени
ойлауды тоқтататын жаппай идеологиялық құралдарды жою жолында алдыңғы
шепте келе жатқанымызды көреміз.
Қазақтың аса көрнекті ақыны және терең ойшылы Олжас Сүлейменов өзінің
сонау 1972 жылы жазған «Аз и Я» шығармасында Еуразияны түркі рухының
отаны екендігін бұлтартпас дәлелдермен
тастай етіп бекітіп берді, сондай-
ақ түркі тілі мен оның мәдениетін де көне өркениеттің тамырымен тығыз
байланыстырды. Сонымен қатар өткен ғасырдың 80-ші жылдары «Невада-Семей
ядролық қаруға қарсы қозғалысыына» жетекшілік еткен Олжас Сүлейменов
аталған халықаралық деңгейдегі соғысқа қарсы экологиялық қозғалыстың
миссиясын төрткүл әлемнің түкпір-түкпіріне дейін түгелдей танымал етті.
Сондай-ақ, ендігі жерде «Өркениеттің адасуы» және «Жазагер жады
космоформуласы: Шыңғысханның пенделік құпиясы» атты алып тынысты
монументалдық эпостық романдардың авторы
Мұхтар Шаханов туралы сөз
қозғар болсақ, италиялық жазушы Роберто Чичули қазақ ақыны туралы былай
деп жазады: «Еер де шындықтың бетіне тура қарап, мәселенің ашығын айқара
айтар болсақ, онда Еуропадағы қазіргі заманғы замандастарымыз арасында
дәл Мұхтар Шахановқа тең келер тегеурінді жазушы жоқ», дейді (197, 8 бет).
Түркі өркениетінің қайғылы тағдырын ерекше шынайылықпен суреттеп, оны
қайта тірілткен, сондай-ақ жалпыадамзаттық маңызды жаһандық мәселені де
айналып өтпеген бұл шығармалардың ЮНЕСКО деңгейінде талқылануының
өзі кездейсоқтық болмаса керек. Сондай-ақ олар «Жібек жолындағы ғылым
мен ар-ұждан» атты халықаралық конференцияда арнайы түрде талқыланатын
тақырып ретінде де күн тәртібіне енгізілді. Егерде бүгінгі күні түркі әлемі бірлігі
идеясының өзектілігі арта берер болса, онда осы идеяның жүзеге асырылуына
тәуелді болып отырған қисынды шындықтың әу бастағы шынайылығы басты
назарға ілініп, түркі өркениеттерінің барлық деңгейдегі сана-сезімінің үдерісі
жемісті түрде жалғасын табатын болады.
Түркілік саяси-мәдени жүйенің бірыңғай тұтас сипатта көрінуі өз өркениетін
мәдениеттердің алуандығы сахнасында еркін сезіне алуымен,
сондай-ақ
заңдылықтар жүйелілігі және
түркі болмысының өзін-өзі танытуға деген