Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


Еуразия  өзінің геосаяси тұтастығына тек түркі әлемінің бірлігінің арқасында



Pdf көрінісі
бет72/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   169
Еуразия 
өзінің геосаяси тұтастығына тек түркі әлемінің бірлігінің арқасында 
ғана қол жеткізді
. Азия мен Еуропа түркілердің қолымен түйістірілген түрлі 
өркениеттің «қоспалары» бола тұра, олар өзара байланыстарын бірыңғай 
өркениеттік мегажүйеге қатысты қалыптастырады. 
Егер де Еуразия – Еуропа (Батыс және Шығыс Еуропа), Таяу және Қиыр 
Шығыс, Кавказ, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия «блоктарынан» 
тұратын болса, онда олардың 
орташаландырылған геосаяси 
кеңістігін түркі 
мемлекеттері құраған болар еді. Бұл аймақтарда түркі мемлекеттерінен басқа 
бірде-бір саяси жүйе геосаяси үйлестірулер жасауға қабілетсіз, олар мұндай 
мүмкіндікке еш уақытта та ие бола алмайды. Бұл табиғи географиялық 
факторларға негізделген және де осы шынайылыққа кім-кімнің болса да 
қатысуға қабілетсіздігінен туындаған ақиқат. Ал түркі мемлекеті болса мұндай 
мүмкіндіктер мен атқарымдылықты ұзаққа созылған 
тарихи-саяси үдерістерді 
игеруді үйрене білудің нәтижесінде қол жеткізді. Еуразияның тарихи геосаясаты 
осы үдерістердің түбегейлі бағыттарына және оның шешуші дәрежедегі 
көрсеткішіне, яғни 
Азия мен Еуропа арасындағы қарым-қатынас түрлерінің 
тарихи өзгеруі 
мен
 
осы жердегі түркі мемлекетінің атқаратын рөліне тікелей 
тәуелді болды.
Әрине, ғылыми қорытындыларға қарағанда, тарихтың басталуынан бұрынғы 
және ерте тарихи кезеңдердегі ( халықтың жаңа аумақтарға қоныс аударулары 
мен отырықшылыққа ауысуы) адамдардың Африкадан Азияға, Азиядан Еуропа 
бағытына қарай антропогендік аймақтарға таралуының мейлінше кеңейе 
түсуіне байланысты Еуропаны Азияның «жалғасы» деп есептуге болады деген 


130
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
де ұғым бар. Дегенмен, ежелгі Азия мемлекеттері (ахменоидтар мен ғұн-түркі 
империялары) мен көне еуропалық мемлекеттер (гректің полис қалалары, 
Эллада, Македония және Рим империялары) арасындағы «тегіне тартушылық» 
эволюциясы үнемі соғыстарға жалғасып отырды. Азия мен Еуропаның оңтүстік-
бағытындағы әскери-саяси қарым-қатынастарында парсылар гректермен, ал 
солтүстік бағытында ғұндар-түркілер мен шығыс еуропалықтар римдіктермен 
қақтығыста болды. Өркениеттік ойлаудың тарихтағы осындай өзара қарама-
қайшылықтары із-түзсіз кеткен жоқ. Өйткені, геосаяси қарама-қайшылықтар 
барысында азиаттардың ең басты нысан екендігіне еуропалықтардың көздері 
анық жетті. «Еуропаны Азияға қарсы қоюдың ең алғашқы мәдени-тарихи 
тұжырымдамасын бірінші болып Геродеттің (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр) 
қолымен жасалғаны белгілі» (60. 150 бет). Кейіннен шығыс ислам мәдениетіне 
ықпалы күшті болған грек философы Аристотель (біздің дәуірімізге дейінгі 
IV ғасыр), «гректің еркін рухын Еуразияның құлдық психологиясына қарсы 
қойды», сондай-ақ философ ұстазынан осындай сабақты жақсылап үйренген 
Александр Македонский де өзінің әскери жаулап алу жорықтарын Еуропадан 
Азия бағытына қарай үнді қалаларына дейін жалғастырды» (біздің дәуірімізге 
дейінгі 334-326 жылдар). 
Еуропаның Азияға қарсы соншалықты деңгейдегі шапқыншылығына 
ғұндар-түркілер араға жеті жүз жыл уақыт сала отырып, (біздің дәуірімізге 
дейінгі 451-453 жылдар) тегеурінді жауап қайтарды. Тіпті, олар Александр 
Македонскийдің қолынан келмеген істерді жасады, яғни ғұн-түркілердің Батыс 
империясы Римді жаулап алса, ғұн-түркілердің Шығыс империясы Қытай мен 
Үндістанды қоса бағындырды (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың соңы мен 
VI ғасырдың басы). Ғұндар-түркілер империясы тынық мұхиты бағытында 
Қытай империясын, ал Атлант мұхитына қарай Рим империясын тізе бүктіріп, 
оларды толықтай өздерінің ықтиярына бойұсындырды, сол арқылы олардың 
Еуразияға үстемдік ету жөніндегі ниеттерін енді қайтып бас көтермейтіндей 
етіп жаныштады. Ең бастысы ұшы-қиыры жоқ алып кеңістіктің, құрлықтағы 
«өзегінің» (Heartland) тек қана азиаттар мен оның суперэтносы – түркілердің 
ғана басыбайлы жері екендігін мойындатты. Еуразияның өркениеттік заңдарына 
негізделген және құрлықтағы Азия мен Еуропа арасындағы өзара қарым-
қатынастарға жол ашатын нағыз геосаяси тарих, барлық бағыттар бойынша 
Көктүріктер империясының (немесе, көптеген дереккөздер бойынша – Түркі 
империясы) эволюциясымен басталды. 
Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдан бастап Көктүріктер империясы 
Орталық Азияның өзегіне орын тепкен 
Еуразияны әлемдегі ең үлкен геосаяси 
құрлық ретінде танып, оның тарихи шекараларын тұңғыш рет
: шығыс 
бағытына қарай – Қытайға дейін, ал оңтүстік бағытында – Византияға (Шығыс 
Рим империясы) дейін деп белгіледі.
 
«Әлемдік тарихтағы Орталық Азия» 
монографиясының авторы П.Б.Голден: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет