Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет71/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
шешімділігімен тығыз байланысты
болды десек артық айтқандық болмас еді. 
Осы себептер бойынша аталған өркениеттік кеңістікке енген түркі халықтары 
мәдениетінің таңдаған басты бағыты Еуразияда жылжыған түркі бірлігі 
идеясының траекториясымен қанаттаса отырып, бірге даму еді. Ал аталған 
траекторияның таңдаған негізгі жолы түркі өркениетін жаһандық өркениеттің 
озық үлгідегі үдерісімен жалғастыру болды. 


ІІІ ТАРАУ
ЕУРАЗИЯ МЕН ТҮРКІ 
МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ 
БОЛАШАҒЫ


128
9. АЗИЯ МЕН ЕУРОПА: ТҮРКІЛЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ 
ҚОСҚАН ӘЛЕМІ
Еуразия. Ол тарихи-географиялық дихотомиядан және «Еуропа» мен 
«Азияның» белгілі бағыттағы саяси-мәдени реттелулерінен кейін де өзінің 
табиғи көлеміндегі біртұтастығымен қабылданатын құрлық.
Еуразия. Ол әлемдік төрт алып мұхиттың дәл ортасындағы аумағы ең үлкен 
құрлық, ол толқыны таудай буырқанған саяси мұхит.
Еуразия. Ол айбынды империяның, пассионарлық этностың патшалығы. Ол 
қария халықтар мен жаңа туған ұлттың Отаны.
Еуразия. Ол соншалықты тоқтаусыз құмарлықпен Шығыстан Батысқа және 
Батыстан Шығысқа қарай ұмтылған шексіздіктер легі.
Еуразия. Ол соғыс пен өркениеттің, қызу қан мен ақыл-парасаттың, қылыш 
пен қаламның бір-бірінің тыныс алуларына мүмкіндік бергізбеген алып алаңы. 
Еуразия. Ол Еуропадан Азияны, ал Азиядан Еуропаны іздеген романтик. 
Сайып келгенде, Еуропаның Азиясыз, ал Азияның Еуропасыз тіршілік етуі 
мүмкін емес екендігін түсінген реализмді жақтаушы.
Еуразия, оның тарихи тағдыры мен саясатында ең маңызды деген оқиғалар 
орын алды және олардың шешуші бетбұрыстарының барлығы да айқындалып 
қойды. Сондай-ақ, басқа түскен қайғылы үдерістерден үлкен тәжірибелер 
жинақтаған ол бұдан арғы даму бағытын кездейсоқтықтың уысына беріп 
қоймаудың қисынын дұрыс түсіне алды. Бұл оның кейінгі кездегі тағдыры 
барысынан анық көрінеді. Тарихи-саяси үдерістердің өзара қиылысып та және 
тығыз байланысып та жатқандығы соншалықты, геосаяси парадигма негізіне 
сәйкес Еуразияны планетаның «өзегі» (
Heartland
) және тарихтың географиялық 
«ядросы» («
The Geographical Pivot of History
») деп те атап кетті (282. 431-436 
беттер). Осы идеяның авторы, британдық географ және академик Хэлфорд 
Маккиндер аталған геосаясаттың негізін қалаушы болып табылады. Ал геосаясат 
өз миссиясын саясаттың халықаралық орталығы саналған Еуразияға қосып 
қоюдан басталады. ХХ ғасырдың басында (1904 жыл) Хэлфорд Маккиндер 
өз идеясының түп негізін былайша: «Кімде-кім Еуразияны басқара алса, сол 
әлемді билейді», деп қалыптастырады(282. 448 бет).
Сондықтан да халықаралық саясаттың бастаушылары, міне, жүздеген 
жылдар бойына аталған теорияның әміріне сәйкес «әлемді билеу үшін Азияны 
билеу қажет» жоспарын жүзеге асыруды ойластыруда, сондай-ақ осыған сәйкес 
алғашқы қадамдарын да жасап жатыр. Ал өз кезегінде геосаясаттың тарихы 
мен оның қазіргі заманғы даму үдерісі, «бөтен ойыншылардың» «Еуразияның 
ішкі жан дүниесіне» үңілісінің және әлемді оның орталығынан басқаруға 
ұмтылысының – барып тұрған қисынсыздық және оның еш уақытта мүмкін 


129
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
емес екендігін көрсететін сындарлы қатынас пен шынайы түсінікті алға тартты. 
Тарихтың эволюциялануы, саяси құрылымданудың қазіргі ахуалы, Еуразияның 
дамуы мен геосаясатының келешегі, өзін-өзі танытудың қажеттілігін жүктейтіні 
соншалықты, құрлық тек қана еуразиялықтардың ұлттық-саяси қалауымен 
және жаһандық ықпалдастықтың табиғи динамикасымен басқарылуы тиіс, өзге 
жол жоқ. Еуразиялық геосаясаттың «жергілікті ойыншылары» «сырттан келген 
ойыншылардың» ықпалына еріп кетпеуі тиіс. Бұл – Еуразияның нағыз қисынды 
шынайылығының қарапайым ғана шындығы. Еуразиялық геосаясат пен оның 
қазіргі заманғы даму тарихында қандай шоғырландырушы күш жетекші 
саналмақ? Әрине, тек қана түркілер!
Егер де Еуропа тарихы мен оның бүгінгі этносаяси географиясын бейнелейтін 
картаға, сондай-ақ осы аумақтағы мемлекеттердің эволюциялық үдерістері 
барысына назар салып қарайтын болсақ, онда түркіден тарайтын топонимдердің 
Еуразия кеңістігінде түгелдей, құдды бір аспандағы жұлдыздар секілді 
шашылып жатқанын көреміз. Сонымен қатар, Еуразияның тарихи дамуының 
екіталай күн кешкен кезеңдеріне де бір сәт үңілер болсақ, мұнда да бірінші 
кезекте алдыңғы қатарда келе жатқан түркі батырлары көзге ұшырасады. Мен 
өзім негіздеуге тырысқан парадигманы былай деп қысқаша білдірдім: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет