Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет110/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
қаламайды. Әсіресе, Еуразия құрлығындағы мемлекеттерге, оның ішінде 
түркі тілдес елдерге Ресейдің ықпалын азайтуға күш салады. Десе де, ЕО өз 
шекарасының аясында түркі тілдес елдермен қарым-қатынастар жасап, олармен 
ынтымақтастыққа ықыласты екенін байқатқысы келеді. 
Дегенмен, қазірдің өзінде де түркі тілдес мемлекеттер даму жағынан 
Еуропа елдерімен деңгейлес дәрежеде. Мұны Түркияның мысалынан-ақ 
көруге болады. Ол өзінің жер көлемі мен тұрғындарының саны жағынан, һәм, 
экономикалық қуаттары тұрғысынан да аса ірі түркі тілдес мемлекет саналады.
Түркияның АҚШ-тан кейінгі НАТО-дағы Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз 
етіп тұрған екінші мемлекет ретінде аса ірі әскери қару-жарақтарға иелігіне 
және Еуропаның біріктіріп тұрған әлемнің ең құдіретті мемлекеті болуға 
мүмкіндігінің молдығына және 1963 жылы Түркияның ЕО-тың ассоциативті 
мүшесі болғандығына да қарамастан, оған Еуроодақтың есігі әлі ашылмай тұр. 
Десек те, 1963 жылы Түркия ЕО-ға ассоциациялық мүше ретінде өтті. Ал 1987 
жылы Еуроодаққа мүшелікке өту жөнінде өтініш білдірді. Осыдан соң Түркия 
бірнеше еуропалық институттарға өтті. Еуроодақтың бірнеше кезеңдерде 
кеңейе түскеніне қарамастан, Түркия 1987 жылдан бері әлі бұл одаққа 
мүшелікке өте алмай отыр.Түркиядан анағұрлым кейін, яғни 2007 жылы ғана 
өтініш білдірген Болгария мен Румыния одаққа мүшелікке қабылданды.Сайып 
келгенде Түркияның ЕО-ға өтуіне барлық негіздер болды. Дегенмен, ЕО-ның 
жетекші мемлекеттері «Дәстүрлі себептерін» келтіріп, бұл мәселенің тағы да 
кейінгі қалдырылуына себеп болды. 
Десек те Түркияны бұлайша шеттету жайбарақат өткен жоқ. Сол кездерде осы 
іске арналған пікірталастар өрістеп, нәтижесінде Ероодақтың Түркияны одаққа 
мүшелікке қабылдауды мүмкін емес әрі зиянды деп есептейтіні белгілі болды. 
Әлбетте, халықаралық аренадағы салмағы күн санап артып келе жақтан және 
оның ықпалының түркі әлемінен де тысқары жерлерге күштілігі белгілі болып 
тұрған уақытта, һәм түркі мемлекетері Одағын құру мүмкіндігіне барлығына 
қарамастан, Түркияның Еуроодаққа мүшелікке өтпеуінің себебі неде деген 
сауалдар туындай бастады. Онда Түркия неліктен Еуроодақтың есігінің алдында 
ұзақ күтуі керек. Саяси болжауларға қарағанда бүгінгі Түркия кешегі Түркиядан 
даму сатылары бойынша оқ бойы ұзық тұр. Болжауларға сенер болсақ, 2020 жылы 
Түркия ең қуатты дамыған әлемнің 10 елінің сапына қосылады. Бүгінде Түркия 
халықаралық саясаттың шығыстық платформасын жаңа демократиялық арнаға 
түсіруді басынан өткерген ел ретінде әлем назарында тұр. Осынау бауырлас ел 
Таяу Шығыс пен Орталық Азияның саяси өмірлеріндегі өзгерістерге өзінің оң 
ықпалдарын тигізуде. Әсіресе, Түркияның халықаралық беделі мазасыз шығыс 
елдеріндегі демократияландыру мен гуманитарлық қасіреттер барысында 
көрсеткен көмектерінен соң өсе түсуде. Бұл жағдайда Түркия шын мәніндегі 
түркілік ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан қол ұшын беріп, аталған елдерде 
азамат соғысының тұтанып кетуіне жол берген жоқ. 


187
Еуропа мен түркілер
Әлбетте, Түркияның халықаралық және өңірлік саясаттың алғы шебіне 
шығуын кей саясаткерлер қателік болар еді деп, есептейді. Ол жаңа османдану 
деп бағаланады (неоосманизм термині тұңғыш рет гректер тарапынан 1974 
жылы Түркия Солтүстік Кипрдің Түркі республикасын қорғау үшін Кипрға 
әскер кіргізгенде қолданған болатын). Әлбетте, бұл жаңа османизм деген пікірге 
қосылуға болмас. Шын мәнінде, Түркия әлемді жақсы жаққа қарай түрлендіргісі 
келеді. Барша күшін гуманистік мемлекет қасиеттерін иеленуге және осынау 
күрделі жолда өз жақтастарын қалыптастыруға қадамдар жасауда. Әрине, бұл 
мақсаттарда оның ең жақын одақтастары түркі тілдес мемлекеттер бола береді. 
Ғаламдық саясаттың стратегі және болжаушысы Джордж Фридманның ойын- 
ша, осыдан соң Түркия империя бола алмайды. Ол тек ислам мемлекетері үшін 
тартылыс орталығы ғана болуы мүмкін. Бүгінде Түркия әлемнің барша ғалам- 
дық күштілерімен – Құрама Штаттарымен, Еуроодақпен, Ресеймен, 
Қытаймен және Жапониямен өз қатынастарын орнатып, олардың арасындағы 
ықпалдастықтар секілді маңызды істің бөлігі ретінде қабылданып, өз қызметі- 
мен халықаралық саясаттың басымдығын алға бастыруда. Сонымен Түркияға 
жоғарыдағылар да, төмендегілер де сенім артуда. Түркия дипломаттарын Ақ 
үйде де, Еуропаның өзге астаналарында да сыйлы, сенімді саяси тұлғалар ретінде 
жақсы қабылдайды. Түркия болса, шығыстағы мәселенің алтынортасы саясатын 
қандай да жағдайларда болсын, табысты алға жылжыта білетін мемлекет. Неге 
десеңіз, осынау бауырлас ел мемлекеттік және саясаи дипломатияда аса бай 
тәжірибеге ие. Мемлекеттераралық қарым-қатынастардағы суық кездер мен 
тоқырау мезгілдерін өткере келе, бұл ел өзінің әлем мен өңірлер үшін қажет 
мемлекет ретіндегі маңызын барған сайын дәлелдей түсуде.Түркиямен шекара- 
лас Еуроодақ өзімен қанаттас тұрған бұл елдің аса құдіретті де қуатты мемлекет 
ретінде қайта дәуірлей бастағанын көріп отыр. Осыған байланысты Еуропа мен 
Азия арасындағы қарым-қатынастар және Түркияның өзіндегі ынтымақтастық 
үрдістері және өзге де түркі тілдес елдер дамудың жаңа кезеңіне ауысуда. Бұл 
жағдайда Еуропалық Одақтың Ресей секілді аталған үрдістерге тосқауыл қоюы 
екіталай деп ойлаймыз. Десек те, оны қолдамайтыны айдан анық. Сонымен, 
Еуропалық Одақтың түркі мемлекеттерінің геосаяси өңіріне қатысты пейілдері 
өзгеруі керек. Бүгінде Еуропаның өз ішіндегі түркі құрамдасы айтарлықтай 
салмақты. Нақтылай айтсақ, Еуропа елдерінің аймақтарында 3,8 миллион түрік 
тұрады және олардың 1,3 миллионы сол елдердің ресми азаматтары ретінде 
тіркелген. Түріктер Еуропаның саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени 
өмірінде аса маңызды рөлдер атқарады. Олар христиан мен ислам әлемдерінің 
әмбебап құндылықтарын қалыптастыруға белсене араласуда. Түріктердің 
Еуропаның өркениетті кеңістігінде өмір сүріп жатқандарының өзі-ақ Еуроодақ 
пен Түркияның арасындағы қарым-қатынастарға ерекше реңк береді. Тіпті 
Батыстың өзі әлде де Түркияның Еуроодаққа мүше болудан бас тартуының бұл 
елге ешқандай зиян әкелмегенін және мұның өзі Еуразияға балама одаққа қарай 


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет