Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


БІРТҰТАС ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС



Pdf көрінісі
бет112/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

15. БІРТҰТАС ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС 
БӨЛІГІ БІРЕГЕЙ ӘЗЕРБАЙЖАН...
Түркі мемлекеттерінің аумағы соңғы жүзжылдықтарда түркі әлемінің 
аса кең этножағрапиялық аумағынан айтарлықтай азайды.
 
Егер осынау 
жағрапиялық аумақта тұрып жатқан түркі тілдес халықтар өздерінің саяси 
тағдырларын бекіте алса, онда Еуразияның Қытайдан Балқанға дейін созылып 
жатқан саяси картасы мүлдем өзге болар еді. Алайда, қатыгез соғыстар мен 
аяусыз күрестер жағдайында өздерінің көнеден бергі тарихи аумақтарында 
мемлекеттерін құрып, өмір сүре жүріп, Еуразияның кең байтақ өңірлерінде өз 
тіршіліктерін сақтай алды. Осынау олардың өздері туған түркілік кеңістіктері 
осыдан мың жыл қандай болса, сондай болып сақталып қалды. Дегенмен, ащы 
шер мен ауыр тұрмыстарға қарамастан біздер тарихи ақиқатты мойындап, 
одан қорытындымызды шығара білуіміз керек. Түркі мемлекеттері аумағының 
соңғы екі жүз жылдағы азаюы үрдістерінде бұл бағытта ең көп шығынға 
ұшыраған Әзербайжан болды. Тарихи Әзербайжан мемлекетінің аумағы 
осы кезеңдерде бөлшектеліп, Иран мен Ресейдің құрамына берілді. Иранда 
Оңтүстік Әзербайжан болса, Ресейде Солтүстік Әзербайжан мүлдем әртүрлі 
саяси-идеологиялық жолдарға түсті. Ал Солтүстік Әзербайжанның тәуелсіздік 
алуымен оған тағы бір ауыр соққы жасалды. Таулы Қарабақ сол баяғы 
агрессиялық саясаттың салдарынан басып алынды. Бүгінде әлемдегі әрбір түрік, 
әсіресе, әзербайжан ұлтының әр өкілі Әзербайжан мемлекетінің тарихында 
оның аумағы мұншалықты азаймағанын білуі керек. Бір сөзбен айтқанда, 
әзербайжан ұлты еш уақытта да өз тарихында мұндай шағын аумақта өмір 
сүрмегенін ұмытпауы тиіс. Тіпті олардың Кавказдағы жер аумағы қазіргіден 
анағұрлым кең болатын. Қарабақ мәселесіне әлемдік қоғамдастықтың назарын 
аударсақ та, екі мемлекеттің Иран мен Ресей тарапынан Әзербайжан аумағын 
екіге бөлген әділетсіздіктің тарихи-саяси ахуалына деген енжарлықтан құтыла 
алмадық. Әзербайжан мәселесіне арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулерде 
осы ақиқаттарға деген көзқарастар терең де жан-жақты болғанымен, біздер 
осынау мәселе туралы мықтап ойлануымыз керек. Соңғы он жылдықтағы осы 
мәселеге халықаралық деңгейдегі көзқарастардан Әзербайжанның екіге бөлінуі 
мәселесі әлемдік деңгейлерде кез келген уақытта көтерілетін көккейкесті жай 
екенін көреміз. Неге десеңіз, осынау қасіретті оқиғаның басталуы мен одан 
туындаған оқиғалар түркі әлемінің саяси тағдырын ажырататындықтан, оның 
түп тамырларына тағы бір үңілу керек. ХVШ ғасырдың аяғы мен Х1Х ғасырдың 
басындағы Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің әлсіреуімен және Батыс 
империализмінің күшеюі, Ресей империясының Шығысқа қатысты өктемдігі 
Әзербайжаның Кавказдағы мемлекеттігіне айтарлықтай қауіптер төндірді. 


191
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
Ашығын айту керек, осы тұстарда Әзербайжан мен барша түркі мемлекеттері 
де Осман империясынан басқа өзгелердің басып алуына әзір тұрған еді. 
Еуразиядағы үлкен түркі мемлекеттері шағын феодалдық мемлекеттерге, 
хандықтарға дейін ұсақталып кеткен еді. Осы кезде әлемдік империализмнің 
Үлкен Ойын саясатын іске асыруға қолайлы жағдайлар да туған еді. Иранның 
аумағындағы сефевид хандығының ыдырауымен Парсы мен Әзербайжан аумағы 
Ресей-Парсы, Англия-Парсы соғыстарының алаңына айналды. Жалпы түркілік 
тарихты бұрмалаудың жаңа кезеңі дәл осы уақыттан басталды. Ресей жағында 
соғысушылардың сапында негізінен Әзербайжан хандығы болса, ал ресми 
құжаттарда бұл оқиға Ресей-Парсы соғысы аталған. Осы дәлелдерге қарамастан, 
аталған аумақта Атабековтерден (21ғасыр) Сефевидтер (28) басқарған кезде 
тек түркі мемлекетері өмір сүрді. Олар Осман империясының аумағы кіндік 
Азия мен Каспийдің оңтүстік иінін қосатынын жақсы білді. Мұнда Кавказдан 
Түркістанға дейінгі аумақта Әзербайжан елі жатты. Олар Парсыны, яғни 
өңірдегі түркі әлемінің бірлігін бекемдеп отырған Әзербайжанды басып алғысы 
келді. XIV ғасырдың 20-шы жылдарында Үндістанның Ұлыбританияның 
бодандығына айналғанын, Ресейдің Оңтүстік Кавказды бағындырып өз 
дегендеріне жете алды. Араз өзеніне дейінгі жерлерін басып алуына байланысты. 
Әзербайжан хандығы болса, Ресейге жалғыз өзі ғана қарсылық көрсетіп, ақыры 
Ресейдің бодандығында қалды. Еуропа мен Қара теңіз жағалауындағы Осман 
империясының әлсізденуі осы кезден бастап қарқын ала бастады. Осыдан 
кейінгі жүзжылдық түркі мемлекеттерінің тарихтағы құлдырау кезеңіне ұласып, 
олар бір-біріне көмектесе алмаған дәуірге тап болды. Сөйтіп олар бет-бетімен 
шашыраңқы күйде ғұмыр кеше бастады. 
Түркі тілдес елдердің Еуразиядағы ежелгі дұшпандары (қытайлар, парсылар, 
орыстар, армяндар) бұл мүмкіндіктерді пайдалана бастады. Сөйтіп, Осман 
империясынан өзге түркі мемлекеттерін Еуропадан ысыра бастады. Олар 
көрші империялардың құрамдарына еріксіз енді. Хандық билік Империяны
Ханның өзі де Императорды жеңе алмады. Дегенмен, ең үлкен қасірет Шығыс 
пен Батысты және түркі әлемінің оңтүстігі мен солтүстігін біріктіріп тұрған 
Әзербайжанның өзінің екіге бөлінуі еді. Бұл бөлініс осы елдің Еуразияның 
ықпалына түсіп, әлемдік империализмнің әсеріне кіру үрдістерін шапшаңдатуға 
жол ашып берді. 1828 жылдың 10 ақпанында екінші Ресей-Парсы соғысының 
аяқталуына себеп болған 16 баптан тұратын Туркманчай бейбітшілік келісіміне 
қол қойылды. Түркманчай селосында қол қойылған осы келісім арқылы 
Әзербайжанның жаңа шекарасы бекітілді. Бұл келісімге Ресей тарпынан Иван 
Паскевич, Парсы тарапынан Мирза Абдул хан қолдарын қойды (186,314-324).
Келісімге қол қою рәсіміне Ресей мен Әзербайжанның сол кездердегі көр- 
некті қайраткерлері А.С. Грибоедов, А.А.Бакиханов
(
аудармашы ретінде) 
қатысты. Бұл келісімде ресми тараптар ретінде бүкіл ресей императоры мен
парсы падишахы қатысқаны көрсетілген. Осынау ақиқаттың өзі Әзербайжанды 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет