Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет109/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
саяси және идеологиялық мұраттар айқындайды. Осыларды негізге ала келе, 
осыны бағалай келе, ғаламдық күштердің Еуроодақты қоса алғанда келешектегі 
сырт пішіні мен басымдықтары әр түрлі екенін көреміз. Басымдық әлеуеті 
тұрғысынан қадамдар басқан АҚШ (американ стратегиясы) мен Еуроодақ 
(еуропалық стратегия) түркі әлемі де (түркілер стратегиясы) әрқайсысы 
«жиырмасыншы ғасыр – Америка ғасыры», «жиырмасыншы ғасыр – еуропа 
ғасыры», «жиырма бірінші ғасыр – түркілер ғасыры» деген сияқты парадигма 
үлгілерін алға тартуда. Осындай ойлар Қытай, Үндістан, Жапония мен Ресей 
тараптарынан да айтылуы әбден мүмкін. Әлбетте, олардың қай-қайсысы да 
өздерінің ішкі әлеуеттерін есептей отыра, нақты болашақтарын көре келе, 
осындай дұрыс пайымдар жасап отыр. «STRATFOR CEO» секілді ақпарат пен 
болжамдар жасау саласының жетекші компаниясының басшысы әрі құрушысы 
Джон Фридман АҚШ әлемді басқарып, қадағалап отыр және осылайша алдағы 
жүзжылдықтар да бола бермек деп, санайды. Ол сондай-ақ, заманауи тарихи-
саяси үрдістердің мәні – Еуропа өркениетінің сола бастауы мен Америка 
тарапының үстем бола бастау қуаттарында деп пайымдайды (233,с.251). Ал 
ағылшын саясаткері Марк Леонард болса, бұған кереғар пікірде – Еуропаның 
құлдырауы тек Американың көзімен қарағанда ғана деседі. Ақиқатында олай 
емес. Американың әлемге ықпалы үстүрт қана. Еуропаның ықпалы болса терең 
де жан-жақты. Табиғи қажеттіліктен барша елдер Еуропаның болмысына 
тартылуда. Еуропа заңдарының әсерімен олар түпкілікті және мәңгілікке 
өзгеруде. Еуропаның күші де заңдарда. 
Дүниежүзілік екі соғыстың салдарынан бүкіл Еуропа соғысқұмарлыққа 
салынды. Алайда, империалистік пиғылдың қайшылықтарға толы ойлауынан 
арылмаған ол демократиялық және одақтық тәуелсіз мемлекеттке айнала 
бастауға қайрат тапты. Егер, Америка әлемді өзінің әскери базаларымен 
шырмап алса, Еуроодақ, керісінше, өзінің демократиялық қағидаттарымен 
жақыны мен алысын да бауырға тартуда. Бүгінде Еуроодақта 109 мемлекет 
бар. Саяси көзқарас пен қисындар Америка дәуірлеуінің соңғы кезеңнің 
туындап келе жатқанын аңғартады. Неге десеңіз, Американың «әлемнің жаңа 
ережелері» әлемнің тәуелсіз мемлекеттерінің мұраттарына қайшы және бұл 
оларды қанағаттандырмайды. Бұл жағдайда әлем елдерінің бар назары мен 
ықыласы «демократияның қасиетті тұғыры» – Еуроодаққа ауады. Олардың бәрі 
де Еуроодақтың құндылықтарын пайдаланатындықтан, оны жоғалту әлемдік 
демократияның берік қамалын жоғалтумен пара-пар болатыны сөзсіз. 
Еуроодақ – өз табиғатында әлемдегі саяси, экономикалық және өркениетті 
бірлестіктер құру мен оны қолдауды мұрат тұтатын және өңірлік һәм ғаламдық 
қарым-қатынастарды мақсат еткен елдердің бірлестігі болғандықтан, осы 
арнадағы өнеге болып отыр (166.с.10-12,56-57,159-166. 185-204). Өзінің 
пікірталасқа шақыратын көзқарастарымен белгілі британ саясаткері ойларын 
былай деп түйіндейді: «Өңірлік бірлесудің үрдістері күшейісімен, онда АҚШ 


185
Еуропа мен түркілер
секілді құдіретті елдер міндетті түрде ықпалдасттыққа тартылатын болады. 
Олар бұл үрдісті баяулатқанымен, таза тоқтата алмайды. Егер олар бұл 
үрдістерге қарсы шықса, өздері жапа шегулері мүмкін. Неге десеңіз, өңірлік 
клубтардың өздеріне қарсы әрекеттерін жылдамдата түседі. Егер, АҚШ осы 
үрдістрді пайдаланатын болса, онда өзінің қуаттарын арттырып, әлемдегі жаңа 
ережелердің пайда болуын шапшаңдатады. Осынау үрдістердің жалғасуынан 
біздер «Жаңа үлгідегі Еуропаның» замана көкжиегінде пайда бола бастауын 
аңғарар едік. Бұл жағдайда Еуропаның әлемді империя ретінде қайта басқаруына 
жол ашылмақ емес, қайта Еуропаның көркем мінезін бүкіл әлем үлгі ретінде 
қабылдайтын болады (166.217б.). Соңғы ойдың соңғы түйінімен келіспей 
отыра, әлемдегі саяси үрдістердің осынау ағымдарға сәйкес жүріп жатқанын, 
яғни ықпалдасу бағыттарында белең алуда екенін айтқымыз келеді. Бұл 
дегеніңіз, бүкіл түркі әлемінің пайдасына шешілетін жағдаяттар. Халықаралық 
саясат пен халықаралық құқықтағы белгіленген өңірлік және ғаламдық 
ықпалдастықты құру, одақтар жасау үрдістері болса, Түркі әлемінің де Одағын 
жасаудағы оның ішкі қажеттігі болып айқындалады. (Дәл осындай Еуропалық 
Одақты құрудың болмай қоймайтын қажеттілігі өткен ғасырдың орта шенінде 
туындағаны мәлім). Бүгінде Түркі әлемі де халықаралық саяси өмір туындатып 
отырған нақты жағдайларда дәл осы жолды ең дұрыс та, әрі тиімдісі ретінде 
таңдап алуы тиіс. Әлбетте, Түркия мен Кавказ және Орталық Азиядағы жас 
мемлекеттердің ықпалдасуын Еуроодақ кей кездерде батыстың ықпалдасуы 
ретінде қабылдайды. Бұл оң және маңызды үрдістері саналады. Ойға алынған 
және мақсаттар ретінде алға қойылған осы бағыттардағы жұмыстардың бір 
бөлігі болса, Еуроодақтың шығыстық ықпалдастығы шеңберінде жүруде. Егер, 
ЕО-ның түркі әлемімен қарым-қатынастары тарамдалған жолдармен дамитын 
болса, бұл қадамдар түркі мемлекеттерінің ЕО-ға мүше болуларына әкелер ме 
еді.
Түркі әлемі тарихының осы заманғы шешуші кезеңдерінде оның стратегиялық 
және келешектегі жоспарларын таразылай келе, біздер Еуроодаққа кіргіміз келе 
ме деген сауалға жауап іздеуіміз керек. Болмаса, еуропалықтар секілді барша 
қиындықтар мен сынақтарды бастан кеше отырып, өзіміздің түркілік бірлігімізді 
құруымыз қажет бола ма. Сонымен, осынау нұсқалардың қайсысы бізге тиімді. 
Еуропалық одақ па, әлде түркі мемлекеттерінің одағы ма? Жауап біреу,әрине 
тек өз одағымыз болуы керек. Осындай қисынмен Еуропалық одақта «Әрине, 
өз одағымыз!»
 
деген дилеммаға келгенде осылай дер еді. Еуроодақтың шығыс 
бағытында кеңейе түсуге қатысты өз жоспарлары бар. Дегемен, Еуроодақтың 
күн тәртібінде әзірге түркі мемлекеттерінің мүшелігіне қатысты мәселе жоқ. 
Десек те, ЕО-нің Еуропа өркениетінің шекарасынан атап өтпеу жөніндегі 
уақытша саясаты нені аңғартады. Алдымен осы жағдайда аталған саланың 
барынша кеңейіп, беки түсуіне жол ашылады да, институционалдық жүйе 
де тереңдей түседі. Бір сөзбен айтқанда, ЕО өзіне артық жүктің артылуын 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет