1. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ГЕНЕЗИСІ: ТАРИХИ ЖӘНЕ
САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰБЫЛЫСЫ
Тарих түркілер үшін – бұл олардың өздері тіршілік еткен уақыттары мен
кезеңдері ғана емес. Тарих олар үшін – алдымен рухани бірлік және тереңге
кеткен қандастық тамырлары. Сондықтан да «түркілер тарихты жазған жоқ,
олар тарихты жасады» деген қанатты сөздің түптөркіні түркілердің соншалықты
ауқымы мол деңгейін сипаттайды, тіпті олар жылнама жазбай тұрғанның өзінде
де, әлдеқандай тарихи жауапкершілікті сезіне отыра, өздерін тарихи-рухани
біртұтастықтың аясында сезіне алды. Егер де өз бастарында болғанды және
болып өткенді кейінгі ұрпақтарына жеткізіп отырмағанда, олар тарихты жасай
алмаған болар еді. Түркілердің тарихи жылнамасы да тура беломыртқа немесе
мидың қатпарлары іспетті. Олар мезгілдік тұтастықтың өзара сабақтастығы
секілді өткенін де, бүгінгісі мен болашағын да терең сезінеді. ХVI ғасырдағы
Стамбұлдың Топқалы Сарайында орналасқан мұражайдағы салт аттының
кішкене бейнесі секілді: алға қарай шауып келе жатқан салт атты сарбаз ер
үстіне артына қарай денесімен бұрыла қарап, әлденені садақтың қарауылына
ала көздеп барады. Мағынасына тереңірек үңіле қарар болсақ – ол, дана адам
ретінде алға қарай келеді, сонымен қатар өткені туралы ойлауды да жадынан
әсте шығармайды. Адамзат тіршілік еткен замандар аралығында түркілер
«ұрыс алаңындағы» аттарды жоғарыда келтірілгендей көріністе пайымдады:
өткенді естен шығарып алғандардың аттары сүрінеді деп ұғынды. Білге қаған
секілді түркінің даналары (1716 жылдарғы Көктүріктің Шығыс қағанатының
қағаны) оларды әрдайым да
Біртұтастыққа, тарих бірлігіне
үндеді: түркілер,
қазіргі шақтан өткенге көз сала тұрып, келешегін болжаулары, ал болашақтан
– өткенін бағамдаулары тиіс. Түркілер, уақыт тасқынының тұтастығында тұрса
да, ешқашан тіршіліктегі жолынан жаңылыспаған, ең күрделі жағдайлардың
өзінде де дұрыс шешім қабылдай білген, уақыт өте келе «барлық тілдерде»
сөйлесе білген. Олардың өткені де, сонымен қатар келешегі де бұлыңғыр емес.
Сондықтан да қилы тарих толқындарында туған түркілер өмірдің бұрмалаң
жолдарында кезігетін қиындықтарға қарамастан, келешекке табандылықпен,
нақты шешіммен қаруланып, болашағына деген сеніммен қадам басып келеді.
Түркі мемлекеттігінің генезисін зерттеуден туындаған (оғаштау көрінуі де
мүмкін!) бірінші сенім мынадай: түркілер осы өмірге өздерінің мемлекеттігімен
бірге келгендей әсерге бөлейді. Олардың этнос ретіндегі тарихы да мемлекетпен
бірге басталады. Метин Айдоганның бір сөзінде: «Жер бетінде дәл осындай
көптеген мемлекеттер құра алу түркілерден өзге ұлттардың қолынан келмеген,
деген қорытындысын көпшіліктің бірден мойындауы, бұл бүгінгі күннің
барып тұрған шындығы» деп, өте дұрыс атап өтті. Барлық уақытта да құлашын
30
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
кеңге жайып жататын жазиралы жазықтықта қаншама мемлекеттер құра алған
түркілер, айналып келгенде мемлекет
құрушы тарих атанып
кетті. Түркілер
өмір бойы соғысты, жауласты, жеңді, сонымен қатар жеңілген де кездері болды,
әйтсе де бойларына қуат жинап қайтадан күшейді, тым әлсіреген сәттері де
болмай қалған жоқ. Бөтен қоғаммен араласты, тіпті жаттармен сіңісіп те кеткен
кездері болды, бірақ олар бастарына қандай қаратүнек заман орнамасын, ең
қымбат қазынасы – мемлекеттігінен айрылған жоқ (98, 46 беттер). Осы айтылып
отырғандай, түркі мемлекеттері үшін өте маңызды және басты негізге алынатын
өмір сүру сипатына венгриялық тарихшы Лигеттидің ерекше назар аударғаны
соншалық, ол: «Түркілер – бұлар жауынгер халық. Олар бұл кәсіпті мүлткісіз де
терең меңгерген. Олардың ұйымдастырушылық пен мемлекет құрудағы асқан
дарындылықтарына қанша жерден таң қалмайық, мұның барлығы бәрібір де
тым аз» деп, өте орнықты және әділ пікір қалдырды (123, 3 беттер). Ұлысты
(халықты, ұлтты) мемлекет деп қабылдау, ал мемлекетті (халықты, ұлтты) ұлыс
деп қабылдау – бұл түркілердің әлеуметтік-саяси дүние танымының басты мәнісі.
Ұлыс (халық, ұлт) – бұл әскер, мемлекеттің рухы мен қалқаны. Мемлекеттердің
жетілген жиынтығы «әскер» – ұлттардан құралады. Сондықтан да, «әскери күш
түркі мемлекеттерінің жон-арқасының қуатты негізін қалыптастырады» (292,
21-40 беттер).
Оның «Мемлекеттік сәулет естелігінің жобасы» атануы бәлкім осы
себептерден де шығар. Сондықтан да түркілердің барлық тарихи мемлекеттері
архетиптілік ұқсастықтарға ие. Еуразияның 145-150 градустық белдеуіндегі,
Алтай тауларының бауырындағы, Енисей өзенінің бойы мен Абакан және Тува
аймақтарындағы түркілердің қолымен құрылған негізгі мемлекеттер мыналар:
Сақтар (түркілер өз империяларын «қағанат» деп атаған), Ғұндардың ұлы
империясы, Ғұндардың Батыс империясы, Ғұндардың Шығыс империясы,
Ақ Ғұндардың империясы, Көктүріктер империясы, Авар империясы, Хазар
империясы, Ұйғыр империясы, Қарахан мемлекеті, Ғазнауи мемлекеті,
Ұлы империя, Әзербайжанның Атабектер мемлекеті, Ирактың салжұқтар
мемлекеті, Сирияның салжұқтар мемлекеті, Кирманның салжұқтар мемлекеті,
Анадолының салжұқтар мемлекеті, Хорезмнің шахтар мемлекеті,Түркі-монғол
империясы, Алтын Орда империясы, Сібір, Қазан, Қырым, Ноғай, Қасым,
Астрахан хандықтары, Мамлюктер мемлекеті, Осман империясы, Моғол
империясы, Делидегі Түркі сұлтаны, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті,
Севефидтер империясы және Әзербайжан хандықтарының іздері. Осы аталған
мемлекеттердің барлығы да соңғы үш мың жыл ішінде үлкен өзгерістерге
ұшырады, сондай-ақ бүгінгі қалыпқа енді. Ең бастысы олар әлемнің даму
тарихындағы өзгерістердің басты рөлін атқарды (230; 241; 128; 100; 153; 182).
Іргелі мемлекеттер мен алып империялар құра білген түркілік суперэтнос
өзіне тән маңызды ерекшеліктер мен шешуші мінездерге ие: түркі суперэтносы
жаратылысынан біртекті емес, ол өзінің ішкі этникалық тұрғысында дами келе,
|