Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет14/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   169
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
соңынан өзге де этникалық жүйелердің ажырамас бір бөлігіне айнала отырып, 
ашық әмбебаптық ұстанымда алға шықты. Дегенмен, түркілер өмір сүріп келе 
жатқан уақытының барлығында да мемлекет құрудың бар ауыртпашылығы мен 
жауапкершілігін өз мойнына алудан қашпаған. Ал, құрылған мемлекеттерге 
нақ солар этножүйенің тірегі және оның 
негізгі құраушысы да
бола алды. 
Алайда, атап өтілген «алтын ережелер» талабы орындалмай, оның жұмысы 
қалай ақсайды, мемлекеттің де шаңырағы сол сәттен бастап шайқала бастайды. 
Түркілік экожүйенің пассионарлығы 
(155, 122-132 беттер), олардың мемлекет 
құрудағы іс-әрекеттерін үнемі алдыңғы қатарға шығарып, түркілерге 
бағындырушы, жаулап алушы миссиясын берді. 
«Түркітілдес ғұндардың» Орталық Азияда (153, 200-201 беттер) мемлекет 
құрғандығы туралы алғашқы тарихи мәліметтер тұңғыш рет көне қытайдың 
дереккөздерінен табылған (оларды 
гу, гунн, гунну, хьюнг-су, хьюнг-ну, хьянюн, 
гунюй 
деп атаған). Халық ретінде тіршілік еткен мерзімі, тарих бетінде 
қалдырған іздерінің де аз болып есептелетін Ғұндар туралы (шамамен б.д. 
дейінгі VI ғасыр, өздерінің этникалық тіршілігін тоқтатып алған олар, тарих 
сахнасынан да түсіп қалуға мәжбүр болды) мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі 
1764 жылы, содан кейінгі уақытта тағы да біздің дәуірімізге дейінгі 822-ші және 
304-ші жылдардағы (154, 27 бет) қытай шежірелерінде айтылады. Дегенмен, 
екі ғасыр тоғысындағы азиялық (Қытай) және еуропалық дереккөздерде 
ғұндар туралы, олардың сол уақыттағы ең күшті де ержүрек, бетқаратпайтын 
суперэтнос және әскери мемлекет болғандығы туралы деректер де аз емес. Ғұн-
түркі тайпалары негізінен біріктірілген және жер шарының шығыстық жарты 
бөлігінде ұлы да алып империя құра алған одақ (біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-V 
ғасырлар), Алтайдан Қытайға, Каспий теңізінен Солтүстік Кавказға, одан әрі 
Азов теңізіне, тіпті Шығыс Еуропаға дейінгі ұшы-қиырына көз жетпейтін кең 
аумақты жаулап алды. Алып империяның Батыс бөлігі 405 жылы Римге басып 
кірсе, Шығыс бөлігі V ғасырдың соңы мен VI ғасырдың бастапқы кезеңдерінде 
Индияға дейін жетіп, Гупта империясын басып алды (106, І т.; Түркілер, І т.).
Ғұндар-түркілер Еуразияда өздерінің тамырын тереңдете түсіп, ықпал 
жүргізу аумағының аясын кеңейте берді, осыны көріп отырған маңайдағы өзге 
этностар аз уақыттың ішінде біте қайнасып, олармен сіңісіп кетті. Міне, нағыз 
этно-тарихи шындық осындай. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда бар болғаны 
24 тайпадан тұратын ғұндар-түркілер аймақтың діңгегіне айналып, онда мықты 
билік құра алды (182, 25 бет). Ал, біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда Солтүстік 
Қытай жерінен бастап, Азияның батысына қарай барлық бағыттар бойынша 
ғұндық-түркілік этностың кеңеюі мен нығаю үдерісі басталды.
Осы себептерге байланысты Орталық Азиямен шекаралас қоныстанған 
қытайлар ғасырлар бойы ғұндар-түркілерге қарсы соғыс жүргізгенімен 
олардан қатты «таяқ жеп», үнемі жеңіліске ұшырап жүрді. Олар Солтүстік 
Қытайдың жергілікті тұрғындарын, яғни – «қара қытайлардың» – ғұндардан 


32
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
тарайтындықтарын мойындайды. Ғұндар мен қытайлардың будандасуының 
нәтижесінде пайда болған «прото-ғұндық (прото-түркілік) этникалық ұрпақ» 
(154, 19 бет), келе-келе өз алдына этносқа айналды, сонымен қатар гетерогендік 
деген атауға ие болды. Дегенмен де, ол өзінің гендік өзегі – ғұндық-түркілік 
тегін сақтай отырып, өздерін Ұлы Дала жағдайында өмір сүруге бейімдей алды 
және жауынгер халық ретінде де танылған олар әскери соғыс жүргізудің айла-
тәсілдерін де терең меңгерді және өнердің осы түрін өздері де үнемі жетілдіріп 
отырды. Ғұндар-түркілердің өзге тайпаларды ғана емес, сонымен қатар 
ауа райының өзі де өте қатал саналатын асау мінезді Ұлы Даланы өздеріне 
бағындыра алды. Демек, оларды Азияның ең бірінші тұрғындары деген атаққа 
алып келген жайт, қандарында бүлк-бүлк қайнап жатқан осындай қайтпас 
қасиеттері болса керек.
«Әлем ұлттарының үлгілері» тақырыбына тереңінен ой толғап, өзінің бірегей 
зерттеуінде (алдыңғы кітабында) айтылып отырған мәселенің ара жігін ажыра- 
тып берген Георгий Гачевтің «космо-психо-логос» атты тұжырымдамасына 
сәйкес, әр халық – жергілікті орта мен оның қайталанбас табиғатынан пайда 
болған өнім: халық ең алдымен ел және жер деген қос ұғымды білдіреді. 
Дегенмен, «табиғатында» өздерінің ұлттық бітім-болмыстарына толығымен еніп 
кететіндіктен, тамырынан айрылып, өмірде жоғалып кеткен секілді көрінетін 
халықтар да бар. Сондықтан да, армяндар мен еврейлерді қатал тағдырлары 
тарыдай шашып жіберсе де, олар «армян» немесе «еврей» ретінде тіршілік ете 
береді. Сонымен қатар олар, аталған «ғарыш кеңістігінде» өздерінің этникалық 
атомының негізін құрастыра бастайды (148, 11-27 бет).
Түркілер қанына біткен Табиғаты мен Мінез-Құлқына, сондай-ақ өздеріне 
тән мызғымайтын «космо-психо-логос» жүйесіне сәйкес жаңа жерлерге 
тез және жақсы бейімделе алды. Сондықтан да біздер қазіргі заманғы 
түркі мемлекеттерінің барлығының бойынан Табиғат пен Мінез-Құлықтың 
бірыңғай жүйесін, ал олардың бойларына «космо-психо-логостың» тұрақты 
шығармашылық мінез қалыптастырғанын көреміз.
Бұл жүйенің қозғалғыштығы 
соншалық, тіпті тілдің дамуы секілді консервативтік үдерістің өзі жинақталған 
өмірлік тәжірибелерді бойына жылдам сіңіре отырып, табиғи қалыптан айнымай 
дамып отырады. Жазуы болмаған ғұндар тілі, ұлы жазба ескерткіштерін
жасаған түркілік тілге өзгерді, міне нақ осы шаралар тілді дамытудың нақты 
нәтижесі саналады. Егер де түркілер мен ғұндар сөйлеген тілдердің шығу 
түбі бір болмаған жағдайда, мұндай «күтпеген бетбұрыстар» орын алмас еді. 
Нақ осы үдерісті одан әрі жалғастырушы ретінде, келесі жүзжылдықтарда 
түркі тілдері тармақтала дамыды, нәтижесінде әлемде 
Түркі Тілдерінің Ұясы
дүниеге келді. Ал, тарихи сахнада тектіліктің барлық үлгілік болмысын сақтап 
қалған жаңа империялар мен мемлекеттер пайда болды. Ежелгі Азияның 
тарихи болмысын классикалық тұрғыда зерттушілердің бірі Рене Груссе осы 
үдерістің бас кезінде, «Түркі-монғолдық ғұндар тайпасының» (241, 8-24 беттер) 


33
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
мәдениеті мен тілдері арасындағы айырмашылықтарды бірте-бірте тани келе 
бүкіл Еуразия бойынша әртүрлі және жан-жақты этномәдени жүйенің пайда 
болғандығын атап өтеді. Жалпы айтқанда, ғұндар мен түркілердің тілдерінің 
бірыңғай пайда болу жөнінде бүгінгі ғылыми ортада түрлі пікірталастар 
мен талқылаулардың қызу жүріп жатқандығына қарамастан, аталған мәселе 
бойынша көзқарастар қайшылығы мүлдем жоқ десе де болады; бұған қарсы дау 
айту орынсыз саналады, «өйткені лингвистикалық жақындықты айғақтайтын 
бұлтартпас дәлелдер бар, яғни бұған түркі тілдері тобына жататын ұйғыр тілін 
келтіруге болады» (154, 52-53 беттер). Ал ұйғырлар болса кейінгі кезеңдерде 
этникалық тұрғыдағы ғұндар мен түркілер және моңғолдар әлеміне жақындасу 
қызметін атқарып келді. Дәл осындай үдеріс – Азияның батысында түркі-
татарларда және шығыс Еуропа бағыттарында да орын алып отырды.
Американың танымал антропологы Карлтон Стивенс Кун өзінің ұзақ 
жылдарғы зерттеулерінің нәтижесінде, «темір дәуіріндегі ғұндар мен түркілердің 
Еуропаға қарай таралуынан кейін» мұндағы нәсілдік құрамның түбегейлі 
өзгеріп, еуропалық нәсілдің нышанын қабылдаған олар, бойларына сіңген бұл 
белгілерді Азияға алып келді деген пікір айтады(165, 202-205, 248, 428, 572, 
610, 625 беттер). Өздерінің ерекше антропологиялық өзгешеліктерін «көздің 
қарашығындай» етіп сақтай білумен қатар, түркі халықтары сол кезеңдердегі 
Еуразияның тарихи антропологиялық айырмашылықтарын өз бойларына 
қабылдады. Түркілер эстетикалық тұрғыдан келгенде де дененің бірегей 
физиономиялық бітімін де бойларына жинады. Міне, соның нәтижесінде ауа 
райының түрлі табиғи құбылмалы жағдайында өмір сүруге бейім, төзімділігі 
жоғары, денсаулығы мықты халық болып қалыптасты.
Біздің дәуіріміздің V ғасырына дейінгі аралықта Орталық Азиядағы ғұндардан 
бастап, түркілердің барлық этно-бірлестіктері шежіресінің эволюциялық 
үдерісі толық аяқталып, олардың қалыптасу кезеңі өз мәресіне жеткен болатын 
(154, 301 бет). Одан кейінгі уақыттарда (әсіресе V-VII ғғ.) ғұндар-түркілер 
суперэтносының ішкі эволюциясында түркілердің басымдығы алдыңғы қатарға 
шықты, осылайша олар келесі VII-VIII ғасырларда Орта Азияның үстемдік етуші 
халқы атанды. Сонымен қатар, аймақтың әскери-саяси күшіне де айналды. Яғни 
тарихи көзқарас тұрғысынан келгенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет