19
Одағын құру дегеніміз басқа мемлекеттер мен бірлестіктерге
қарсы тұратын
күш емес екендігі де мойындалған шындық. Ол әскери-саяси мақсаттарды
көздемейді, керісінше айналасында мұндай әскери блоктардың болуын және
олардың басқыншылдық пейілде болуларын қаламайды.
Түркі Мемлекеттері Одағы тәуелсіз түркі республикаларынан, түркі
тектестердің халықаралық субъектілерінен толықтай тәуелсіз негізде құрылады.
Мұндай одақ әлемдік бірлікті нығайта түсіп, халықаралық қауымдастыққа тың
күш-жігер беретін, жаhандық
саясаттағы тең құқықсыздыққа, сепаратизмге,
оқшаулау шараларына және басқа да келеңсіз үрдістерге қарсылықты
күшейтетін үдеріс болып табылады. Еуропалық Одақтың ХХ ғасырдағы
адамзаттың тарихи-саяси өмірі мен халықаралық
бейбітшілікті қамтамасыз
етудегі атқарған рөлі секілді,
Түркі Мемлекеттері Одағы
да аса маңызды саяси
тәжірибелер мен қуатты әлеуеттерге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.
Тек осы жағдайда ғана Түркияның бұрынғы Президенті Тұрғұт Озалдың
1992 жылы тәуелсіздік алып жатқан түркі республикаларының бауырластық
қатынастарының тереңдей түсуіне ықпал болған: «Жиырма бірінші ғасыр
түркілер ғасыры болады» деген ұран сөзі бүгінгі күндері шындыққа айналып
отыр.
Сол уақыттың өзінде түсініктеме берушілер осы батыл да, оптимистік
бағытта айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіре отырып, оның тек Түркияға
ғана емес, барша түркі мемлекеттерін қамтитын және объективті есепке сүйене
айтылған терең ой екендігін түсінген еді.
Түркі бірлігі идеясы тың бастама емес. Бұдан көп уақыттар бұрын Еуропа-
лық Одақ құрылған сонау ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, түркі әлемінде, оның
ішінде Әзербайжан мен Түркияда дүниежүзінің барлық түркілерін біріктіру
жөнінде ұсыныс көтерілген болатын. Солай бола тұра, империалистердің
«пантюркизм» және «пантуранизм» деп атаған
аталмыш қозғалысты олар
өздері аяусыз қудалаушылық пен идеологиялық арандатуға ұшыратты.
Алайда нендей алапат қысымға іліксе де қалыбынан танбаған қозғалыс ішкі
рухани өзегін сақтап қалды.
Осыдан тура жүз жыл бұрын Түркия мен Әзербайжан Халық Республикасы
ұлттық саясаттың өзегінде жалпытүркілік бірлік идеясының жатқандығын
тамыршыдай тап басып, анықтай білді. Тарихтың терең қойнауынан тамыр
тартқан аталмыш идея бертін келе, яғни ХХ ғасырда өз тәуелсіздігін қызғыш
құстай қорғай білетін Түркі Республикасы мен тәуелсіздіктеріне
қол жеткізе
бастаған түркі республикалары арасында орнаған қарым-қатынастар барысында
жүзеге асырыла бастады.
Алтайдан бастап Балқанға дейінгі аралықта құлашын кеңге жайып жатқан
Еуразия кеңістігіндегі түркілік суперэтностың бірлігі жөніндегі пікірлер бүгінде
әлем жұртшылығының жүрегі мен назарында тұр.
20
Бүгінгі күнгі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қозғалысы түркі мемлекеттерінің
тарихи дәстүрлі бірлігіне арқа сүйейтін, қазіргі заман қажеттілігінен туындап
отырған Одаққа қарай қадам басуды мұрат етуде. Мұның өзі бүгіннің талабынан
туындаған лайықты шаралар.
Соңғы жүз жыл ішіндегі саяси тәжірибелерге назар аударар болсақ,
Достарыңызбен бөлісу: