Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет131/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   169
19. САЯСИ-МӘДЕНИ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ 
ГУМАНИТАРЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түркі Мемлекеттерін құру үрдістерін соңына дейін ойдағыдай жеткізіп, 
оның бүкіл әлемдік бірлестіктердің маңызды бір субьектісіне айналуы үшін осы 
мақсаттағы қызметтерінің басты бағыттарын дұрыс анықтап алу керек.Үлкен 
бірлестікті өмірге әкелуге арналған үлкен жолдағы атқарылған жұмыстардың 
негізгі кезеңдерінде бірегей гуманитарлық саясатты жүзеге асыру барған 
сайын қызметтің жүйелі де тұрақты сабақтасқан қарекеттерін қажет ететінін 
дәлелдейді. Тәуелсіз әрбір түркі мемлекетінің Ұлттық Гуманитарлық саясаты 
олардың бірлікке бағытталған қозғалыстарында өзара келісім сәттерін тауып, 
бір-біріне жуықтай береді. Осының нәтижесінде түркі Мемлекеттерінің Одағы 
тиімді үйлескен біртұтас гуманитарлық саясатқа айналды. Түркі мемлекеттерінің 
жуықтасу саясаты егеменді түркі республикаларының арасындағы қазіргі 
жағдайларда өз болмысында саяси-мәдени интеграцияның негіздерін құруды 
мақсат етеді. Олардың негізінде Одақты құру үрдістерінде дұрыс идеялық 
алаңын жинақтау мен мақсат түбегейлі орындалғанға дейін оны сау-саламатта 
сақтау міндет. Ең бастысы, түркі Мемлекеттері Одағын құрудың тарихи-саяси 
қажеттілігі тұрғысынан төмендегі әрекеттерді жасау керек.
1. Одақтың саяси идеологиясын қалыптастыру және идеялық тұжы- 
рымдамасын құру.
2. Интеграциялық үрдістердің алдын ала ұстанымдары тағандарын біріктіру.
3. Интеграциялық үрдістердің негізгі тағамдарын алдын ала біріктіру. 
4. Бірегей саяси-мәдени кеңістіктің лингвистикалық-мәдениеттанулық 
алаңын дайындау.
5. Мәдени-өркениеттік құндылықтарды жуықтату
6. Мәдени және өркениеттік құндылықтарды жуықтату
7. Түркілік саяси Әдепнама мен Қабілеттіліктің геосаяси аумақтық ауқым- 
дағы оңтайлылығын бекіту.
8. Түркі тектес халықтар арасында Түркі мемлекетері Одағын құру идеясын 
кеңінен насихаттау.
Түркі республикаларының күшімен достастық сьездерін, түркі халықтары- 
ның бауырластық пен ықпалдастық және түркі тілдес мемлекеттер басшылары 
деңгейінде жоғарғы кеңес жиналыстарын өткізу, TURKSOY шеңберінде 
кездесулер жасау, түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы 
сессияларын шақыру және өзге де шараларды ұдайы ұйымдастыру күн өткен 
сайын ұлы түркі дүниесінің гуманитарлық қызметтерін кеңейте түсуде. Бір мақсат 
жолындағы бағыттар біріктіріліп, жүйелене түсуде. Бүгінде түркі халықтары 
бұрын-соңды болмаған жақындасуға ие болып, бірі-бірлерін жақынырақ білуге 


225
Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері
мүмкіндіктер алуда. Бұл тұста түркі халықтары ортақ тамырларының бір екенін 
жете түсініп, ортақ мұраттар мен идеяалдар төңірегінде топтасудың мәнін 
сезінулері керек. Ғаламдасу дәуірі болса, түркі халықтарының бүтіндігінің 
ақиқаттығын дәлелдеуде. Бұл үрдістер жалпы түркілік ішкі терең ойлау 
қажеттігін алға тартады. Ақиқатында «Ғаламдасу жалпы түріктік мәдениеттің 
қайта өрлеуін тудырады» (331с.44-47). 
Бұл үрдістер ұлттық, әлеуметтік және мәдени құрамдастықтағы саяси 
субьектілердің жинақталуы жолын игерген болмыстың ғаламдасып жатқан 
әлемнің ішкі табиғатында жүруімен өтеді. Әлемдік болмыстың бір бөлшегі 
ретіндегі жалпы түріктік әлеуметтік-мәдени саланың оралуы өзінің тереңде 
жатқан адамгершілік-санаткерлік негіздерінде ғаламшарымыздың ең түп тамыр 
кеңістігіндегі үлкен нұрлы жарықты білдіреді. Егер, ұлттардың тамыры ортақ 
болса, онда олар неге бүгін мен келешекте де
 
бірге болмауы керек.
Осынау бірлікке бәрінен бұрын түркі өркениеті – ұлы мемлекеттер, 
ұлы империялар мен ұлы мәдениеттер құра білген біздің Өркениетіміз 
алдымен лайықты. Аса құдіретті Түркі өркениеті өзінің қайнар бұлақтарынан 
ажырамаған болмысымен соншалық алуан түрлі, соншалықты көп бояулы және 
кереметтей сан қырлы. Сондығынан екені талассыз, тіпті осынау өркениеттің 
алыс қиырларында жатқан түркі халықтарының өздері бірі-бірінің сөздерін 
терең түсініп, бауырларының рухтары мен жүрек жанарларын көңіл көзімен 
көре біледі.Түркі табиғатын тиімді түсіну өзінің талассыз қисынға негізделген 
табиғатымен жарқын сезімдерге негізделгендігін бүгінгі түркі өркениетінің 
қозғалысындағы бірлесудің идеалдарында оның сенімділік пен жеңілмейтін 
рухты иеленгенін көреміз.Түркі әлемін бірлесуге апаратын гуманитарлық 
қызметтің негізіне Ұлы Ақиқат идеясы алынған. Сондықтан, осыған дейін 
біздер еске салған шаралар ресми-үстірт шара емес жалпы түріктік мәдениеттің 
өзін-өзі құрудағы байыпты ұтымды жолдары болып саналады.
Түркі дүниесіне осыдан 20 жыл бұрын көптеген келешектер қол 
жетпестей көрінсе, қазіргі уақытта олар түркі мемлекеттері мен қоғам үшін 
түркі мемлекеттерінің күнделікті үйреншікті жұмыстарына айналды. Түркі 
мемлекеттерінің стратегтері мен жетекшілері қызметтерінің шапшаңдығы кең 
көлемді ауқымды да оңтайлы қызметтерге жетелеуде. Мысалға, 2012 жылдың 
тамызында Бішкек қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ықпалдастығының 
жоғары дәрежедегі кездесуінде маңызды саяси құжаттармен қатар қажетті 
гуманитарлық мәселер бойынша да шешімдер қабылданған болатын. Осы 
шарада сөз алған Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев 
Түркі тілдес Мемлекеттердің Ықпалдастық Кеңесі 2009 жылы Нахчыванда 
өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездеуінде құрылғанын еске 
салып, ендігі кезекте Түркі Тілдес Мемлекеттер Ықпалдастығы Кеңесінің 
төрағалығы Қырғызстанға ауысуына байланысты өзінің ризашылығын білдірді. 
Міндетті қызметтерінің шапшаңдығы түркі мемлекеттерінің стратегтері мен 


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет