221
Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық
Илхам Әлиев Кеңестің қызметтерінде түркілік туысқандықты бекітуге
бағытталған шаралардың маңыздарын атап өтті. Ол қызметтер елдердің іс
жүзіндегі мүдделері мен жемісін бере бастағаны анық нәәтижелер аясында
қорытындыланып отырулары керектігін де тілге тиек еткен.
Президенттің
ойынша, осы кезеңде ықпалдастық жөніндегі Кеңес қалыптасып болған соң,
өз назарымызды нақты жобаларға аударуымыз керек. Неге десеңіз, осы күнге
дейін салиқалы мәлімдемелер жасалып, құжаттарға қол қойылды.
Егер, алдағы жылдар ауқымында нақты жобаларға көңіл бөлетін болсақ, ол
біздің ұйымымыздың дамуында оң ықпалдар жасап, елдеріміздің арасындағы
бірлікті бекіте түседі деді ол. Біздер бұған әзірміз және нақты жобаларды
орындауға қатысты ұсыныстарымызды береміз деді Илхам Әлиев өз сөзінде.
Біздер түркі әлемінің қазіргіден де күшейе түсуі үшін қолдан келгеннің
барлығын жасауымыз керек деген пікірде Президент. Бұл үшін
елде барлық
мүмкіндіктер бар. Ең алдымен қуатты саяси еркіміз бар. Осынау кездесулерді
жоғарғы деңгейлерде тұрақты өткізіп отыру және ықпалдастық жөніндегі
бірінші Кеңесті өткізу, онда қабылданған шешімдер аса күшті саяси еріктің
бар екенін көрсетеді деді ол /81/. Бұл тұста осынау жоғарғы деңгейлердегі
кездесулерде Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің Баку қаласында түркі
тілдес мемлекеттердің Мәдени қорын құру жөніндегі ұсынысы да қолдау тапты.
Осыған байланысты TURKSOY-дің түркі әлемін
гуманитарлық негіздерде
біріктіріп келе жатқан өзгермес рөлін ерекше атап өткен жөн. Өзі құрылған
күннен бастап, бүгінге дейін TURKSOY түркі халықтары мен мемлекеттерінің
дәстүрлерін дамытуға, олардың арасындағы туысқандық байланыстарды тығыз
бекіте түсіп, түркі әлемінің аса бай рухани және мәдени байлықтарын, замануи
өркениеттің жоғарғы құндылықтарына жалғастырып, молайта түсуде. Сөйтіп,
олардың халықаралық қауымдастыққа, жаһандық мәдениеттерге өлшеусіз
қызмет жасап, адам құқықтарына да жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.
Бүгінгі Еуроодақты қандай да бір қиындықтарға тап келсе де, мемлекеттер-
дің құрлықтық көлемдегі, экономикалық, саяси, құқықтық негіздерде бірігуінің
ең көрнекі үлгісі деп тану керек. Сондықтан, неміс философы Юрген Хаббермас
Еуропадағы үрдістердің кері ынтымақтық ахуалға ауысып кетуі қауіпін атай
келе, Еуропаның бірігуінің саяси бағыттағы табысын әлемнің өзге өңірлеріне
өнеге болардай сынақтық сипаттағы ахуал деп түсінуге шақырады. Осы
себептен де ол Еуроодақ дамуының келешегін ХХІ ғасырдың бүгінгі күндегі
ең үлкен жобасы деп таниды. Еуроодақтың құрылымдық үш жүйесін, яғни
Еуроодақ
қауымдастығын, жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласын
құқықтық салалардағы құқық қорғау органдары мен сот органдарының
ықпалдастықтары ол Еуроодақтың негізгі тіректері деп тұжырымдайды.
Осынау үш тұғырға қондырылған Еуроодақ жетекші үш бірегей институтқа ие.
Атап айтар болсақ, олар Еуропарламент, ЕуроКеңес, ЕуроКомиссия, Еуросот
және Еуропалық Есеп комитеті және мүше-мемлекеттердің бірегей құрамы