Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет134/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   169
 
журналы жарық көрді. Одан кейінгі жылдарда 
түркінің ұлы перзенті, әлем таныған жазушы Шыңғыс Айтматов «Түркістан 
– біздің ортақ үйіміз»
 
бастамасын көтерді. Өзбек ғалымы Бақтияр Кәрімов 
Ортатүрік атты тіл әдістемесін дайындап, ол Түркілік қозғалыстың ұлы түркі 
әлемін біріктіретін Тұран атауымен Түркістан бастамасына ұласты. Бағзыдағы 
Түркілер Отанындағы өркениет ынтымақтастығының тоқтаусыз саяси-мәдени 
геосаяси маңызы осынау аймақтың Ресей мен Қытай секілді ірі мемлекеттерінің 


229
Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері
ұстамсыз саясаттарынан қорғанудың мүмкіндіктерін ашып беруінде дер 
едік. Түркі тұрақтылығының белдеуі болса, Еуразия аймағындағы барша 
мемлекеттерге қолайлы жағдайлар тудырып отыр. 
Түркі халықтары Ассамблеясының 2007 жылы өткен V съезінде айтылған 
қорытындылар мен ойлардың мазмұнында түркі мемлекеттері одағының 
мақсаттарын іске асырудағы бағыттағы істерге анағұрлым қарқындылық 
керектігі, яғни әлемдегі түркі ынтымақтастығының болмысындағы әлеуметтік-
адамгершілік, ғылыми-санаткерлік қырларын күшейту керектігі аталып өтті. 
Осылармен қатар съездің іс жүзіндегі шараларында бірнеше гуманитарлық 
жобалар да болды. Ассамблея тарихи бағзы заманалардан бері түркі халықтары 
тұрып жатқан жанды кеңістіктегі, яғни тарихи Жібек Жолы бойынан Тұран 
қаласының іргесін қалау туралы, сондай-ақ осы қалада Көктүрік монументті 
ескерткішін орнату және түркі халықтары Ассамблеясының бүкіләлемдік 
съезінде қабылданған Әлем Түркілеріне Үндеу мәлімдемесін келесі сөздермен 
қортындылауды ұсынды

Көктүрік ескерткіші мен Тұран қаласы түркі ұлты 
мен түркі өркениеті өрлеуінің символикалық бастауы болады (188. 98б). Манас 
қырғыз-түрік университетінің жанынан құрылған Түркі Өркениетін Зерттеу 
Орталығы /TSAM/ да түркі өркениетінің тарихымен және оның осы заманғы 
дамуының көкейкесті мәселелерін зерттеумен айналысып, оларды іске асырумен 
шұғылданады.
 
/TSAM/ шығаратын түркі өркениетін зерттейтін жорнал болса, 
қазірдің өзінде-ақ халықаралық деңгейде аса беделді ғылыми-гуманитарлық 
басылымға айналып үлгерді. Осы жорналда жарияланған мақалаларда әлемдік 
өркениеттің кеңістігіндегі түркі өркениетінің орнына негізінен айрықша көңіл 
бөлініп, халықаралық саяси-мәдени ортадағы түркі ұлттық мемлекеттерінің 
алар орны анықталады (118).
Түркі мемлекеттерінің одағын құруда әмбебап қатынастардың орта- 
лықтандырылған түркі тілінің көкейкесті жәйларына байланысты гуманитар- 
лық саясатты жүзеге асыру маңызды тұс болып саналады. Бұл мәселелер 
көптен бері Түркияда және Әзербайжан мен Орталық Азия республикаларында 
талқылауға шығарылып, осыған орай мамандар бұл мәселеге қатысты оңтайлы, 
болмаса шендесе бермейтін ойларын ортаға еркін салуда. Сонау, 1968 жылы-
ақ The New York Times газетінің тілшісі Дж.Л. Сульцбергер еуразиялық түркі 
тілінің таралу аймағын елестете отыра болжап: «Егер, бір адам осы күндері 
атына мініп, Болгариядан Шығыс Қытайға дейін сапарға шықса, онда сапар 
үстінде түркіше сөйлессе, оны міндетті түрде түсінер еді. Бұл ақиқатты 
мойындау керек. Шынжырларын сылдырлата жүріп түркілер Ұйғырстанның 
астанасы Үрімшіге дейін осындай кеңістік құрды» (106), деп жазды. Расында 
да Көктүрік империясы өмір сүрген уақыттан бастап (VI ғасыр) соңғы 
жүзжылдыққа дейін түркілер тілі ортақ қолданыста болды. Бірегей Түркі 
этномәдениетінің бүтіндігін айғақтайтын түркі тілі жүздеген жылдар бойына 
Еуразия кеңістігіндегі жанды қатынастың тілі болды және осынау ұлы тіл 


230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет