Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет149/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
Республикаларымен таныстыруда көптеген жұмыстар атқаруда. Аталған елдер 
арасында Америка Құрама Штаттары мен Канада ерекше орында тұр. Мысалға, 
АҚШ-та тұратын әзербайжандықтардың дәл саны жайында нақты мәлімет 
болмаса да, түрлі ақпарат көздеріне қарағанда 400 мыңнан 1 миллионға дейін 
әзерилер тұрып жатыр деген хабарлар бар. 
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 1997 жылы құрылған америка-түрік 
ассоциациясында өз жұмыстарын АҚШ пен Канада елдерінде жүргізіп келе 
жатқан 57 бөлімше бар. Ол «Түркі Әлемі» журналын шығарып қана қоймай, өзге 
қауымдастықтармен тығыз байланыстар орнатуда.1880 жылдан бастап Канадаға 
қоныстана бастаған түріктер осы елде диаспоралар жүйелерін ұйымдастыра 
бастады. Ең алдымен инженер, дәрігер мамандықтарын игеріп және басқа түрлі 
салаларда мамандана бастаған түріктердің осы елдегі тұрақтап қалуына Түркия-
Канада Бірлестігі үлкен ықпалдар жасап отырды. 2003 жылғы мәліметтерге 
қарағанда, Канададағы түріктер саны 25 000 жеткен. Саяси тұрғыдан өз іргелерін 
бекіте бастаған түріктер осы елде бұрыннан қоныс тепкен армяндар мен 
гректерге бәсекелес бола бастап, өз мұраттары жайында әлемдік қауымдастыққа 
жеткізе бастады. Осы елдегі Түркия-Канада Бірлестігі, Канадалық түріктердің 
Мәдени Қауымдастығы, Түрік Диаспоралары Ұйымдарының Федерациясы 
секілді түріктердің ұйымдары тақылеттес көптеген диаспоралық ұйымдар өз 
қызметтерін уақыт санап жандандыра түсуде. 2005 жылы Канаданың Торонто 
қаласында Канада-Әзербайжан Ұйымдарының Федерациясы, Білім және 
Мәдениет жөніндегі Әзербайжан Орталығы, Канада-Әзербайжан Әйелдерінің 
Ассоциациясы, Әзербайжан мен Канада Достығының Қоғамы, Квебек 
Әзербайжандарының Ассоциациясы, Онтарио
 
Әзербайжандарының Қоғамы, 
Канада-Әзербайжан Альянсының қатысуымен Әзербайжан Ұйымдарынының 
Федерациясын құру жөніндегі конференция болып, оған барынша әмбебап 
ұйымдарды бекітуге арналған шаралар ұйымдастырылды. 
«Жасыл құрлыққа», яғни Австралияға түріктердің қоныстана бастауы ХХ 
ғасырда басталды. 1911 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, осы 
жылы түріктер саны 332 адамға жеткен. Ал 1954 жылы олардың қатары 1036 
адамға көбейген. Австралиялық түріктердің басым бөлігі солтүстік кипрлықтар. 
1960 жылы басталған түріктердің осында жаппай көшуіне байланысты Түркия 
мен Австралияның арасында «Түрік республикасы үкіметі мен Австралия 
үкіметінің арасындағы Австралия түріктерінің мәртебесі мен қызметтері 
туралы Келісім» аталған еңбек шартына қол қойылды. Осынау Шарт түрік 
қоныс аударушыларының Австралияға еш кедергісіз көшіп баруына жағдайлар 
жасады. Осының нәтижесінде Австралиядағы түріктер саны 1971 жылы 8 мыңға 
жетті. Бүгінде Австралияда қалыптасқан түрік диаспорасы 55 мыңға жетіп, өз 
қызметтері жағынан өзге елдердегі түріктерден ерекшелене бастады. 
Түріктердің белгілі бір бөліктері өз ана тілдерін сақтап қалу мақсатында түрік 
мектептеріне барып, өзара туған тілдерінде сөйлесіп, түрік мейрамханалары 
мен дәмханаларында тамақтанып, түрік дүкендерінде сауда жасауда. Бірі-


259
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
бірлерімен жиі араласып тұратын түріктер диаспорадағы келісімді сақтау 
және қолдау үшін Отанмен тығыз байланыстарын жоғалтпай, елдерінің 
телеарналарын көріп, түрік әндерін тыңдайды. Тіпті Австралияның өзінде де 
түрік диаспорасына жататын өз бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың 
арасында «Океан», «Новая родина» «Время» және «Yorum» секілді баспасөз 
органдарының бар екендігі мәлім. 
Сонымен қатар Австралия мен Жаңа Зеландияда шамамен 10 мың әзербайжан 
өмір сүруде және Австралияның өзінде Әзербайжан Қоғамы және Австралия 
әзербайжандарының қоғамы жұмыс істейді. (1996 жылы Сидней) Австралияда 
Әзербайжан-Жаңа Зеландия Қоғамының бар екендігі бұл елде кеңінен әйгілі. 
Жаңа Зеландиядағы әзербайжандықтар болса, негізінен Иран мен Түркиядан 
қоныс аударып келгендер. Бұл күндері кешегі кеңестік кеңістікте жеткілікті 
түрде ұйымдасқан әзербайжан диаспорасы өмір сүруде. Ең маңыздысы сол, 
Орта Азия мемлекеттеріндегі түркі диаспоралары өздерін Ұлы Отандарының 
бір бөлігінде тұрып жатырмыз деп ойлайды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 
Қазақстан Республикасында бүгінде 106 мың әзербайжан тұрып жатыр. 
Негізінен олар Жамбыл, Шымкент, Алматы және Талдықорған облыстарында 
орналасқан. «Тұран» Әзербайжан мәдени Орталығының бастамасымен 1993 
жылы Алматыда «Озан» мәдени қоғамы құрылды. Ал Қостанай, Жамбыл, 
Талдықорған, Солтүстік Қазақстан облыстарында диаспоралық ұйымдар 
құрылды. 1992 жылдан бері Қазақстанның мемлекеттік радиосында әзери тілінде 
«Достлуг» радиосы сөйлей бастады. Ал 2002 жылы «Воскресенье» әзербайжан 
мектебі ашылды. Аталған «Тұран» ұйымы Қазақстандағы өзге де 17 әзербайжан 
ұлттық қоғамдарымен, атап айтқанда, «Гобустан» /Алматыда/, «Достлуг»/
Ақтөбеде/, /Новруз/ Атырау облысында, /Азери/ Жамбыл облысында, /Ветен/ 
және Әзербайжан/ Павлодар облысында және басқа да өңірлердегі ұйымдар- 
мен бірлесе қызметтер атқаруда. 
Өзбекстан Республикасында әрекет үстіндегі Әзербайжан Мәдениетінің 
Ассоциациясы 2003 жылдың қаңтарында құрылған болатын. Ташкент 
қаласындағы жұмыс үстіндегі «Братство», «Гардашлыг», «Азербайджанский 
дом» секілді Әзербайжан Мәдениетінің Орталықтары уақыт санап жұмыстарын 
жандандыра түсуде.
Қырғызстан Республикасындағы «Азери» орталығы осы елде тұрып жатқан 
әзерилердің ұйымы ретінде 1992 жылы құрылды. Бұл елде де 20 мың әзербайжан 
өмір сүреді. Олар негізінен 30 жылдарғы саяси қуғын-сүргін уақытында осында 
жер аударылғандарың ұрпақтары. Өзі құрылған уақыттан бастап «Азери» осы 
елдегі отандастарының құқықтарын қорғап, Қырғызстанның қоғамдық өміріне 
белсене араласуды, тарихи отандарымен тығыз байланыс жасап отыруды алдына 
мақсат етіп қойды. Қырғызстанның Мемлекеттік Телерадиокомпаниясында 
«Азери» бөлімі жұмыс істейді. Бішкекте әзери балалары үшін «Воскресная» 
мектебі ашылып, көркемөнерпаздардың «Улдузлар» фольклорлық ансамблі 
құрылды. 


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет