Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет151/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
экономикалық және мәдени салаларға белсене араласып, қызметтерін 
«Ыстамбұлдағы Әзербайжан Мәдениеті Қоғамымен» сабақтастыра атқаруда. 
Бұл қоғамдардың 2004 жылдың қаңтарынан бастап «Азербайджанский мир» 
журналы шығып келеді. /41 , 49/.
 
Жалпы түріктік ұйымдар үрдістерінде түрік мәдени қоғамдарының өзінің 
кең көлемдегі адамгершілік, мәдени-білім беру бастамаларымен, түріктік білім 
берудің жоғары құндылықтарымен мәлім және оларды халықаралық деңгейлерде 
пайдалануымен белгілі қызметтері ерекше орында. Түрік мәдени қоғамдары 
жүйесінде түркі республикаларында, әсіресе, Әзербайжанда, сондай-ақ әлемнің 
түрлі елдерінде де орта мектептерден университеттерге дейін, көптеген оқу 
орындарында да түрік тілі мен мәдениетінен сабақтар беріліп, бұл жерлерде 
ондаған мың балалар мен жасөспірімдер және жастар білім алуда. Олардағы 
сабақтар білім берудің нормативті жүйесіне сай жүргізіліп, осы мектептердегі 
жоғары деңгейлердегі материалдық-техникалық қамтамасыз етілумен және 
жоғарғы деңгейлердегі халықаралық ғылыми-мәдениеттану жетістіктері 
деңгейлерінде түркі әлемі жөнінде аса бай ақпараттар беретін кәсіби біліктілігі 
жоғары ұстаздардың көмегімен атқарылуда

«Чаг Өйретимишлетмелери» компаниясының мәліметтеріне қарағанда 
бүгінде әлемнің 150 мемлекетіндегі түрік мектептері /45/ халықаралық білім 
беру жүйесінде жоғары деңгейлі ағарту мекемелері болып саналады. Осынау 
мектептерді бітірген балалар жоғарғы оқу орындарына жақсы бағалармен 
түсіп, білімді маман толық қанды азаматтар болып қалыптасулары үшін берік 
негіздер алады. Мысалға, Түркияның астанасында және Анадолының өзге 
де мемлекеттік лицейлерінде ұйымдастырылған емтихандарды бір мезетте
1 миллион 97 мың 503 оқушы тапсырады. Анадолы лицейлеріндегі қабілетке
қарай тапсырылатын емтихандар Түркиядан тысқары жерлерде де 
ұйымдастырылады. Мысалға, Баку, Ашхабад, Ташкент, Бішкек, Триполь, 
Эриад, Медине, Джедда, Лефкош және өзге де қалаларда осындай шаралар 
жоғары деңгейлерде жылдам ұйымдастырылады /110/. Мұндай әмбебаптық пен 
жеделдік үлкен жетістік саналады. «Татуласу мен әлемді ашушы» ұранымен 
қарекет қылушы түрік мектептері ғаламдық бірлесудің бейбітшілік сүйгіштік 
идеясын алға тартушы ретінде адамгершілік идеяларын ұстаушы түрік 
мектептері әлемдегі үлгілі оқу орындары саналады. Оларды, «Түркияның үлкен 
сеніміне ие болушыла р» /114/ ретінде дүние жүзі құрмет тұтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет