58
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
тәуелсіз түркі мемлекеті әлемдік картадан өздерінің
орындарын ойып тұрып
алды десе болады. Басқа мемлекеттердің аумағында ықшам тұрып жатқан не-
месе бар болғаны автономия мәртебесіне ие түркі халықтары,
егеменді түркі
мемлекеттерінің жарқыраған жұлдыздарына қарай отырып, өздерін де сол
жаңарып та жаңғырып та келе жатқан үлкен түркі әлемінің кеңістігінен
көреді.
Түркі мемлекеттерінің әлеміне, басқа мемлекеттерде тұрып жатқан
түркілердің бірлесуіне қатысты бүгінгі күннің шынайы көрінісін былайша көзге
елестетуге болады. Жалпы адам саны мен жер көлемі жағынан түркі әлеміндегі
ең үлкен мемлекет Түркия болып табылады. Осман империясының мұрагері са-
налатын Түркия 1923 жылы мемлекет болып құрылды. Оның жер көлемі 783562
шаршы шақырым, ал халқы – 74724269 адамды құрайды (мәтіндегі
статикалық
мәліметтер соңғы ресми көрсеткіштерге негізделген – Дж.Ф.).
БҰҰ құрылған күннен бастап (1945 жыл) Түркия осы ұйымға мүше бо-
лып табылады. Солтүстікатлантикалық блоктың (НАТО) мүшесі саналатын
Түркия әскер саны жағынан осында, АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Ол
екінші дүниежүзілік соғыс пен «қырғи қабақ соғысы» жылдарында жаhандық
саяси тепе-теңдіктің сақталуы барысында өте маңызды рөл атқарды. Бүгінгі
күнде де халықаралық саясат алаңында маңызды күшке ие және жер бетін-
дегі бейбітшіліктің бұзылмауына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның сыртқы
саясаттағы ең басты мақсаты – түркі мемлекеттерінің бірлігін сақтап қалу.
Түркияның соңғы өткен жиырма жыл көлеміндегі жүзеге асырған демократия-
лық
қайта құрулары, әлеуметтік-саяси салаларды күшейтуге, сондай-ақ эко-
номиканы серпінді дамытуға кең жол ашты. Әзербайжаннан бастап, өзге де
түркі мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени саладағы байланы-
старды дамыту оның аймақтағы беделін көтере түсті. Өткен ғасырдың 80-ші
жылдарында елдегі орташа экономикалық өсім көрсеткіші 6-8 пайызды құрады.
Экономикасының осылайша өркендеп дамуы Түркияны
әлемдегі ең қуатты
деген он бес мемлекеттің қатарына алып шығып, олармен терезесін тең етті.
ІЖӨ жылдық көлемі 774 млрд, 338 млн АҚШ доллары, ал кірісі тұрғындарға
шаққанда – 10362 доллар көлемін құрады (253).Түркияның қаржы орталығы –
Стамбұлда 35 миллиардер тұрады (салыстыру үшін мәліметтер: Нью-Иоркте
– 71, Лондонда – 36, Гонконгте – 30, Лос-Анджелесте – 24, Бомбейде – 20, Сан-
Францискода – 19, Далласта – 15, Токиода - 15). Алдағы 2023 жылға белгілен-
ген мақсат - әлемдегі ең дамыған он мемлекеттің қатарынан орын алу. Бұған
Түркияның мүмкіндігі жеткілікті. Өйткені, Еуропа мен Азия арасында барлық
бағыттар бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуы бауырлас елдің жоспарының
басты құралына айналып отыр.
Түркі әлемінің саяси-тарихи кеңістіктеріндегі орын ала бастаған игі
өзгерістердің «есептеу нүктесі» атанған және 1991 жылы өз тәуелсіздігін
алған Әзербайжан түркі мемлекеттерімен қарым-қатынас түрлерін ең жоғарғы
деңгейге көтергісі келеді.
Сондай-ақ, осы басталған үдерістерді бірте-бірте
жаппай бірігудің салтанатына дейін жеткізуді өзінің аса маңызды стратегиялық