Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет27/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169
3.
ШАШЫРАҢҚЫЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫ
ХІХ ғасырдың алғашқы күнінен ХХ ғасырдың басына дейінгі өткен жүз 
жылының шамамен бірінші жартысында әлеуметтік-саяси тұрғыдан алғанда 
түркі әлемін құлдырауға ұшырады деп айтуға болады. Әйткенмен де ғасырдың 
екінші жартысы олар үшін ұлттық идеологияның күшейе түскен бедерлі 
кезеңіне айналды. Қаншалықты оғаштау болып көрінгенімен де айта кетерлік 
бір мәселе, құлдырау кезіндегі тың да ерек үрдістердің туындауы түркілердің 
жеке бастарына тән қасиет. Мемлекеті мен империясы құлаған олар, ендігі жер-
де өздерінен әлдеқайда күшті мемлекеттер мен империялардың құрамына еніп 
кетуге мәжбүр болды. Сондықтан да орасан шығынға ұшырап жатқандықтарын 
жақсы түсінді және одан қайта шығу мен бірлесудің жолдарын іздеді. Жағдай 
осылай бола тұра, олар бостандық пен тәуелсіздікке деген ұлы мақсаттарын 
бір сәтке де естерінен шығарған жоқ, керісінше азаттық жолындағы қасиетті 
күреске үнемі ұмтылып отырды. ХХ жүзжылдықтың бас кезінде барша түркі 
әлемі өздерінің тәуелсіз мемлекеттерінің бірлігіне қол жеткізу үшін, сол мем-
лекеттерді құрудың және оның ұлттық-тарихи идеологиясын қалыптастырудың 
қамына кірісті. Алайда, ХІХ ғасырда талай ауырлық пен теперішті басынан 
өткерген түркі халқы үшін, арманға айналған азаттықтың ауылы әлі де болса 
тым алыста еді... 
Түркі мемлекеттері мен империяларының біртіндеп ыдырай бастауы 
басқа мемлекеттердің аумағын күштеп басып алуларына және монополия 
жүргізулеріне алып келді. Монархияның қатал заңдарына сүйене тұрғызылған 
унитарлық мемлекеттік жүйесінің қирауы, жетекші этностың ішкі жүйесінің 
ұлттық сегменттерінің бүлінуіне әкеліп соқтырады, сондай-ақ онымен көршілес 
тарихи дамыған этностар «өз үйінің қожасы болу» қисыны тұрғысында көз 
аларта әрекет ететіні заңдылық. Әзербайжандардың бірнеше хандықтарға 
бөлініп кеткен апатты сценариінің ауыр зардабын Еуразияда ұзақ ғасырлар 
бойы үстемдік құрып келген басқа да түркі мемлекеттері мен империялары
бастарынан өткерді. Ресей империяға айналған соң (1721 жыл) түркілер тұрып 
келген аумақтың басым бөлігі кертілген кесектей бірте-бірте ұсақтала баста-
ды да, оларды аталған империя түгімен қоса жұтып қойып отырды. Аумақтың 
басқа да бөліктері Қытайдың, Моңғолияның, Ауғанстанның, Парсының, араб 
және Балқан мемлекеттерінің, Үндістан, Пәкістан және Грекия елдерінің ен-
шілеріне байланып кете барды.
Түркінің ұлы идеологы Ахмет бек Ағаоғлу күйреу мен бөлшектену кезін-
де түркі әлемінің азып-тозып кеткендігі соншалықты, бір кездегі аузын айға 
білеген суперэтностың басым көпшілігі өздерінің «түркі» атауларын естері-
нен мүлдем шығарып алып, ұлтымыз «мұсылман» деп айтуға дейін барысты, 
деп атап өтеді (3, 328-332 беттер). Ал, дәл осы кезде дұшпандары (мәселен, 


56
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
армяндар) оларды «түркілер» деп атап жатты. Ресей болса, тіпті «түркі» сөзін 
қолданыстан таза жойып жіберуге барын сала ұмтылып, бұл атауды адамзат 
санасынан мүлдем сылып алып тастау мақсатында, түркі халықтарын басқаша 
атап-түстеу (мәселен, татарлар) қажет деп есептеді. Ал «мұсылман» сөзіне 
оның астарында ешқандай да тиянағы жоқ деген пайым қалыптастырып, бұған 
жалпы түсінік ретінде мән беруге тырысты. Әрі «мұсылман» дегендерді әлемді 
алға қарай дамытуға қабілетсіз, қолынан бар болғаны намаз оқып, жаратқанға 
жалбарыну ғана келетін, сондай аянышты да бишара халық етіп көрсетіп 
қалуға жандарын салып бақты. Дегенмен бірқатар әлемдік, сондай-ақ Ресей-
лік демократиялық қозғалыстардың ислам әлеміндегі ұлттық тойтарысқа де-
ген ішкі қарсылықтары кезкелген халықтың халықаралық қоғамдастықта сая-
си субъект бола алатындығын мойындатты және көпшіліктің санасынан берік 
орын алуға жол ашылды. Большевиктердің революциясынан кейінгі Ресейдің 
шатқаяқтап, ес жия алмай тұрған кезінде өзге халықтар секілді, түркілердің де 
тәуелсіздікке қол жеткізулерінің нақты мүмкіндіктері көрініс берген еді, алайда 
Ресейдің жаңа басқыншылық әрекеттерді мен халықаралық күштердің «бөлісу» 
саясаты осы үрдісті ақырына дейін жеткізуге ырық бермеді. 
Ақиқатында Кеңестер Одағы бұрынғы Ресей империясының эволюциялан- 
ған, яғни тонын теріс айналдырып киген мұрагері, өзінің саяси және идеология- 
лық мәртебесіне сәйкес, одақтас республикалардың бірлестігі ретінде құ- 
рылды. Солай бола тұра осы мемлекеттің идеологиясы да халықтың теңдігін 
насихаттаған коммунизм секілді көрінгенімен, іс жүзінде ешкімге де, соның 
ішінде түркілерге де нағыз тәуелсіздікті бермеді. Әйтсе де, Ресей империясының 
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына айналуы тәуелсіздік бағытына 
қарай жасалған ең алғашқы қадам болып саналады. Өйткені, жетпіс жылға 
созылған кеңестік кезеңде түбі бір түркіден тараған – Қазақстан, Әзербайжан, 
Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан секілді елдер жаңа дәуірдің ұлттық 
мемлекеті болу үшін белгілі деңгейде тәжірибелер жинақтап, ұлттық тіл мен 
мәдениетті дамыту жолында нақты базаны дайындай алды. Кеңестік мемлекеттің 
саяси басқару жүйесінде тегі түркілік Гейдар Әлиев, Дінмұхаммед Қонаев, Ша-
раф Рашидов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шихали Құрбанов секілді және бұдан да 
басқа көптеген басшылар легі қалыптасты. Кеңестік түркі республикаларының 
экономикасы, әрине, кеңес экономикасының бір бөлігі болып табылғаны сөзсіз, 
дегенмен оның тек өздеріне ғана тән салада қалыптасқаны және ақиқат. 
Қазақша, әзербайжанша, өзбекше, қырғызша, түрікменше, татарша және 
басқа да тамыры түркіден тарайтын тілдерден туындаған керемет шығармалар 
болды, олардың озықтығы сондай, аталған шығармалар әлемдік мәдениеттің 
тағы бір сатыға жоғарылауына өз үлестерін қосты деп айтуға толық негіз 
бар. Түбі түркіден тарайтын кеңестік республикалар арасында өзара татулық 
пен жылы қарым-қатынастар сол кездің өзінде тамырын тереңге жайған еді. 
Сондықтан да, олар гуманистік ұлттық саясатты насихаттаған үлкен елдің 
қаптаған лозунгтары ішінен өздеріне тиімділерін ғана алып отырды. Осы негіздер 


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет