Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет26/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
салыстыруға болар еді. Қуатты түркі империясының әлемдік тарихтың дәл 
жаңаруы алдында әлсіреуі, оның ұлттық мемлекеттерге, тіпті хандықтарға 
дейінгі құлдырауын көптеген саяси-тарихи себептермен түсіндіруге болады. 
Дегенмен, осы айтылған сан алуан себептердің басында жаңғырудың уақытша 
талаптарына сәйкес сайма-сай әрекеттер жасай алмауында (олар жаңа дәуірдің ІІ 
мыңжылдығында мұндай қадамдарға өте қабілетті еді) жатса керек. 
Еуропаның 
күш жинай бастау факторы, Азияның әлсірей түсуі кезеңімен дөп түсіп 
жатыр. 
Еуропалық мемлекеттер мен қауымдастықтардың әлеуметтік, саяси 
және технологиялық өмірін күрт өзгерткен тың бастамалар мен озық әрекеттерді 
азиялық нұсқада пайдалануға келмеді. Түркі әлемінде басқарудың феодалдық 
тәсілін ұстап қалу мен монархияны сақтап қалу мемлекеттік құрылымның 
қорғанышы ретінде қабылданды. Тіпті, империя тарап кеткеннен кейінгі 
уақыттардың өзінде де жекелеген мемлекеттер мен хандықтарда басқарудың 
монархиялық, династиялық үлгісі жалғасып қалды. Мемлекет пен қоғамның 
консервативтік жүйенің қысымында қалып қоюы, оны табиғи түрде құлдырауына 
алып келді. Исламдық Шығыс мемлекеттерінің не себептен құлдырап, мұндай 
күйге тап болғандығы жөнінде ұлы Мирза Фатали Ахундзаде өз кезінде айтып 
кеткен болатын. Жаңаруға бет алған Еуропа мен ескіліктен арыла алмаған 
Азия арасындағы тамыры тереңге кеткен ұзақ ғасырлық бәсекелестік, әрине, 
алдыңғысының жаңғыруына алып келді. Осы тұстағы заңдылықтай көрінетін 
жайт деп, Азиядағы үш алып түркі империясының құлдырау кезеңі Еуропа 
мемлекеттерінің күш ала бастауымен сәйкес келіп жатуын айтуға болар еді. 
Туындаған ішкі алауыздықтар салдарынан Сефевидтер империясы бірнеше 
ұсақ хандықтарға бөлініп кетіп, соңынан 1760 жылы ол ресми түрде тіршілігін 
тоқтатты, ал осыдан тура 68 жыл өткенде (1828 жылы) көптен келе жатқан көне 
мемлекетті Парсылар мен Ресей өз ара бөлісіп алды. Осыдан-ақ, күйреген бір 
империяның дәрменсіз денесін тарихтың қас-қағым сәтінде өзге империялардың 
пышақ үсті бөлісіп ала қоятынын көруге болады. Теңіз билігін бірте-бірте 
қолына ала бастаған Ұлыбританияның қарулы күштері 1764 жылы (Сефевидтер 
империясы құлағаннан кейін) Үнді түбегінде жағаға шығып, Бұқсара шайқасы 
кезінде жеңіске жетті. 1858 жылы Ұлыбритания Үндістандағы толық басып алды 
(Ресейдің Кавказ бен Орта Азияны өздеріне қаратып алғанынан шамалы уақыт 
кейін). Осыдан кейін-ақ, бір кездері арындап тұрған Моғол империясының күні 
бітті.
Сонымен жер бетінде жалғыз түркілік – Осман империясы ғана қалды, оның 
өзінде де бұл кездері ол іштен шыққан іріткі салдарынан әбден әлсіреп, бұрынғы 
қаhары мен қуатын көрсетуден қала бастаған еді. Осман империясын Еуропадан 
ығыстыру саясаты Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталған кезге дейін жалғасып 
келді. Осман империясының дәрменсізденуі мен Ресей империясының қуат ала 
бастауы Еуразиядағы күштің тепе-теңдігіне өзгерістер енгізді. Атлант мұхитына 


53
Империяның патшалығында
шығуға жолдары ашық Шығыс Еуропа мемлекеттерін экспансиялау басталған 
XV ғасырдың басы мен кейінгі жүзжылдықтар аймақтық геосаясатқа үлкен 
өзгерістер алып келді. Ғылым, техника мен капитализацияны игеруде алдыңғы 
қатарға шыққан Еуропа бірте-бірте әлемдік империализмнің орталығына 
айналып сала берді. Планетамыздың Батыс және Шығыс жарты шарларында 
Еуропаның колониялары пайда бола бастады. Наполеонның «біртұтас Еуропа» 
құру жөніндегі талпынысы Еуропаны «әлем билеушісіне» айналдыру секілді 
империялық пиғылдан туындаған құлшыныс екендігі даусыз... XVII-XVIII 
ғасырлардан бастап, ХХ ғасырға дейінгі аралықта Франция, Британия және 
Ресей секілді империялар күшейіп жатқанда, Шығыс өркениетінің соңғы ұлы 
да азулы империясы – османдықтар әлсіреген үстіне әлсірей түсіп, құс қанаты 
талғандай ұлан-ғайыр жерлерінен де айрыла бастады. Ақыр аяғында олардың 
табан тіреп, тұрақтап қала алған жері қазіргі Түркия аумағы болды (88, 48 
бет). Азуын айға білеген Еуропа тұрғанда, Азияның бұрынғы даңқына қайта 
оралуына әлі де көп уақыт керек... 
Дегенмен, ағындаған өтпелі үдерістердің бойынан «жылт еткен» Таңғы 
Шапақты ең алғашқы болып, түрік Мұстафа Кемел Ататүрік көре алды. 
Феодалдық монархия негізінде құрылған империя қаншалықты қуатты болса 
да, оның әлемдік мемлекет құрудың жаңа жобаларына сәйкес келмейтіндігін 
ол бірінші болып түсінді. Сондықтан да Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 
Ататүріктің жақтастарының көздеген басты мақсаты Түркия мен түркі ұлтын 
ғана құтқарып қалу емес, ең маңыздысы Осман империясының қалған династия- 
сын аман сақтап қалу болды. Түбінде Осман империясының бәрібір де ыдыра-
май қоймайтындығы 1792 жылдардың өзінде белгілі болған. Империяны сақтап 
қалу үшін қандай шараларға барып, ұлтты ұлықтайтын және жеңімпаздықты 
насихаттайтын, рухты көтеретін әрекеттер қолданылғанымен де, құлай бастаған 
ұстынның үдемелі сықыры сол кездері әлемнің түкпір-түкпіріне естіліп жатты. 
Сөйтіп, ең ұзақ (620 жыл) және ең соңғы түркі империясының саяси өмір сүруі 
1922 жылы тоқтатылып: 1923 жылдың 29 қазанында түркі әлемінде жалғыз және 
тәуелсіз мемлекет – Түркия Республикасы дүниеге келді. Кеңес өкіметі билеген 
ХХ ғасырдың соңында түркі республикаларының жүрегіне тәуелсіздіктің үміт 
отын жаққан дәл осы шырақ болатын, оның үстіне – түркі республикаларының 
қол жеткізген тәуелсіздіктерін де бірінші болып нақ осы Түркия мойындап 
отырды. Сонау Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде (Ұлыбритания, Фран-
ция және Ресейдің) Шанаққала (1915 жылы) маңындағы «Антанта» аталатын 
әскери-саяси блокқа қарсы жан беріп-жан алысқан алапат ұрыста Түркия ора-
сан жеңіске қол жеткізді. Және дәл осы кездері өздерінің ахуалы да тым ауыр 
бола тұра, олар Әзербайжан Демократиялық Республикасына да көмек қолын 
созды, сөйтіп, осы әркеті арқылы әлемдегі барлық түркі ағайындар арасын-
да бауырластық негізін қалауға болатындығын дәлелдеп берді. Ендігі жерде 


54
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
олар жалғыз емес, осыдан тура үш мың жыл бұрынғы кездегідей, оларды дәп 
қазір Еуразияның тәуелсіз түркі мемлекеттері қоршап тұр! Осылайша, біздер 
империяның шарықтау және құлдырау диалектикасына зер сала қарай отырып, 
бір ғана тарихи фактіге куә боламыз: түркі рухы жеңілмейді, ол шығармашылық 
рух және осы рух әлі де қуатты империялар құруға өте қабілетті. Дегенмен, осы 
рух тарих талабына сәйкес бір кездері алып та азулы империя құра алған болса, 
ол енді тағы бір кездері ешқашан мызғымайтын Бірлікті де құра алады!


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет