69
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
бастысы Түркия Президенті Мұстафа Кемел Ататүріктің ең жақын үзеңгілес
серігіне айналып, оның саясат және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі
қызметтерін атқарады. Түркизм идеологы Юсуф Ақшора 1931 жылы Түркі
Тарихи Қоғамдастығын құруға белсене қатысып, оған 1935 жылға, өмірінің
соңына дейін жетекшілік етті. Юсуф Ақшораның бай мұрағатына зер салар
болсақ, оның ғылыми, саяси және публицистикалық маңыздарға ие болған
жұмыстарының ішінде әсіресе «Саясаттың үш түрі» аталатын трактатының
маңызы ерекше. Сипаты мен маңызы жағынан алып қарағанда, армян зерттеу-
шісі Заревандтың өзі мұны Маркс пен Энгельстің әйгілі «Коммунистік
партияның манифесті» еңбектерімен қатар қойып салыстырған. Мысырдың
«Түркі» газетіне басылған шығармасы, сол жарияланған сәттен бастап-ақ, түркі
интеллектуалдары арасында бірден үлкен талқылау көзіне айналып сала берді.
Әли Камал, Ахмед Фарид, әзербайжан Әли бек Гусейнзаде секілді заманының
озық ойшылдары да аталған газетке өздерінің ой-пікірлерін жазды. Юсуф
Ақшора «Саясаттың үш түрі» трактатында, Осман империясы –
Достарыңызбен бөлісу: