ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
қарғысына ұшыраса тіпті жер бетінен жойылып та кетеді. Екі эпостың да
түркі халықтарына тиісті екендігі,сонымен қатар әзербайжанның да мәдениеті,
адамгершілігі және этногеографиясының жемісі болып табылатыны біздер
үшін өте маңызды. Түркіден тарайтын қырғыздардың «Манас» эпосы да көлемі
жағынан әлемдегі ең ірісі болып табылады (Ол Гиннес рекордтар кітабына
енген) (170). Халық ауыз әдебиетінің озық үлгісі болған бұл дастан жүздеген
жылдар бойы жыршылар орындаумен толықтырылып келді, үнемі өзгеріп
отыратын мына өмірде халықтың айнасы болды.
Ал, мынау «Амсалы Түркі» аталатын жазба жәдігерді қанатты және пікір
сөздердің атасы ретінде мойындалып, өз бағасын алып қойды. Осы ғақлиялы
Оғызнамадан ежелгі Орта ғасырларда қолданылған қысқа да нұсқа сөздер
арқылы тіл мен мәдениеттің шеберлігінің қалай жеткізілетінен көруге болады.
Яғни, бұл сөздер біздің халқымыздағы мақал-мәтелдер, мәселен: «Арамшөп
ексең, астық күтпе», «Ұнамас үйге құр қол бар», «Ескі қалалар – темір қақпан»,
«Астыңдағы атыңды досыңдай етіп сақта, жауыңдай етіп мін» және басқалар
(67, 75, 50, 58; 32; 158беттер).
Парсы тілді ислам тарихшысы, нәсілі еврей Фезуллах Рашид ад-Диннің
(ХІV ғасыр) «Джами ат-тауарих» аталатын орнықты шығармасы түркілік
және әлемдік мәдениет үшін тарихи-хронологиялық Оғызнаменің аса құнды
үлгілерінің бірі болып табылады. Осы шығармада оғыз түркілерінің саяси-
мәдени тарихы тұңғыш рет әлемдік тарих мәнмәтінінде көрініс береді. Әлемдік
деңгейдегі тарихтанушының осы жәдігері түркі халқына, оның мемлекеттігіне,
тілі мен мәдениетіне, сондай-ақ оның ислам әлеміндегі жоғары ұстанымына
ерекше құрмет көрсетіле жазылған, оның үстіне мұнда тарихқа аздап қиялдау мен
дәріптеу де қосылған. Фезуллах Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарихі» бұған
дейін әлемнің көптеген тілдеріне аударылып келген болса, түркі руларының
шежіресін, түркі мемлекеттерінің тарихи эволюциясы мен түркі мәдениетінің
жалпыәлемдік сипаттарын зерттеуде әлі күнге дейін ең маңызды дереккөз
саналады. Әлемде алғаш рет түркі тілдерінің лингвистикалық болмысы, басқа
тілдермен салыстырғандағы оның грамматикасы, тіл мәдениеті мен оның жан-
жақтылық қасиеттерінің ерекшеліктері шамамен осыдан мың жылдан астам
уақыт бұрын түркілік ғалым-энциклопедияшы Махмұд Қашқарлының «Диуани
лұғат-ат-түрк» (XI ғасыр) атты еңбегінде жан-жақты зерттелгені белгілі
(121). Сол уақыттарда Еуропада грамматикаға арналған бірде-бір кітаптың
болмағандығын осы жерде ескерте кеткен өте орынды деп білеміз. Ұлы
түркі жаулаушысы Алып-Арслан 1071 жылғы 26 тамызда Малазгит қорғаны
маңындағы шайқаста Византияның (Шығыс-Рим империясы) сансыз қаптаған
әскерін жеңіп, Анадолының қақпасын ашты.
Бұл жеңісті де Бағдад жұрты үлкен қуанышта барша сән-салтанатымен
лайықты түрде атап өтті. Алғашқы мұсылмандық түркі мемлекеті Караханид-
тер уақытында дүниеге келген Махмұд Қашқарлы дәл осы кезде түркі
89
Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер
империясының басқа аумағы – Атабек мемлекетіндегі Бағдадта «Диуани лұғат-
ат-түрк» еңбегін жазу үстінде болатын:
«Тарих осы оқиғаға көзін тігіп, қадағалау жасап отырғанда, Махмұд
Кашқарлы ғылым майданында түркілерді бүкіл әлеммен таныстырды» (99,
22 бет). «Махмұд Қашқарлы арабтар мен арабтілді халықтарға түркі тілінің
кеңдігі мен түркі ұлтының беделін жай көрсетіп қана қойғысы келген жоқ, ол
түркілердің әлемді тек қылыштың жүзімен ғана емес, сонымен қатар мәдениеті,
тілі және өркенді өнегелілігімен де билейтіндігін мойындатты. Мұның барлығы
да ұлы ғалымның «Диуани лұғат-ат-түрк» еңбегінде жақсы көрсетілген»
(99,87бет).
Махмұд Қашқарлының көрнекті замандастарының бірі Жүсіп Баласағұн-
ның (ХІ ғасыр) «Құтты білік» шығармасы да түркі мемлекеттері мен
қоғамдарының эволюциялық тарихы жөнінде аса құнды дереккөз болып
табылады. Жүсіп Баласағұн еңбектерін таза түркі тілінде жазды және мұның
өзін де үлкен ерлікке балауға болады. Саналы түрде түркішіл болғандықтан,
түркі тілі мен оның ұлттық болмысын сақтап қалу мақсатында, ол өзінің
монументалдық еңбегін туған тілінде жазуға шешім қабылдайды. Бұған дейін
оның тілінде үлгі етерліктей деңгейде жазылған бірде-бір маңызды әдеби
туынды болмаса да, ол осынау қасиетті істі қолға алып, «Шахнама» аталған
еңбегін белгіленген мерзім ішінде түркі тілінде жазып шығады (38, 114-бет).
XVII ғасырдағы түркілік көрнекті әскер басыларының бірі және тарихшы
Әбілғазы Баһадур ханның «Шеджереи-Тарикиме» (түркі халықтары есімдерінің
кітабы) – бұл түркімен нұсқасындағы Оғызнаманың құнды дереккөзі (21).
Фезлулах Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарих», Әбілғазы Баһадурханның
«Шеджереи-Тарикиме» және Язычыоглу Алидің «Сельджукнаме» еңбектеріне
жасалған салыстырмалы зерттеулердің қорытындысына қарағанда, осы аталған
тарихи-хронологиялық жәдігерлердің барлығы да Оғызнама стилінде жазылған
болып шықты. Демек, мұны түркі тарихы мен мәдениетін географиялық
кең ауқымда да немесе өзге де баламалы негіздегі зерттеулерге үлгі ретінде
ұсынуға болады. Түркілер және одан да басқа көптеген ұлттар түркілердің
тарихын, тілін, әдебиетін және өнерін соншалықты қызығушылық таныта
отырып зерттеді. Бұған қоса түркілер әдебиетті, өнерді және ислам әлемінің
мәдениетін дамыту ісіне де ерекше ынтамен қатысып, үлкен қызығушылығы
мен жауапкершіліктерін көрсете алды. Араб және парсы тілді әдебиеттің,
ғылым мен теологияның, философия мен өнердің, жалпы алғанда барлық ислам
мәдениетінің прогрессивтік деңгейде дамуына түркілердің қосқан үлесі ерекше
және бұл даусыз да. Ата тегі түркіден тараған ислам мәдениетін жасаушылар-
дың есімдері: Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Абдулхамид ибн
Түрік, Әл-Газали, Ас-Сюхреверди, Бахманьяр, Хатиб Тебризи, Низами Гәнжәзи,
Джелаледдин Руми, Имадеддин Насими, Мухаммед Физули, Абдуррахман
|