көне
түркі тілі
- түркілік этномәдени жүйені тұтастай сақтап қалудың ең күшті
факторы
Көне түркі тілі ойлаудың бай қуаты мен мәдени жиынтығына ие,
оның құрсағынан ұлттық түркі тілдері мен мәдениеттері туылғаннан кейінгі
эволюциялық үдерістің жаңа кезеңінде,
ұлы түркі әлемінің жан-жақты әдеби
тілі ретінде қалыптасқан-
түркі
- тілі,
ұзақ ғасырлар бойына қатынас құралы
болып қалыптасты. Түркілік және әлемдік мәдениеттегі алып жәдігерлер де осы
86
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
тілде өмірге келді. Түркілер алғаш рет шығыс өркениетімен кездесіп, олармен
де тығыз қарым-қатынастар орната бастаған кездердің өзінде өз тілдерінің және
мәдениетінің күшіне шүбәсіз сенді. Оларды өзара қарым-қатынасты орнатудың
тәжірибе алаңына ешқандай да қауіп-қатер ойламай алаңсыз шақырды.
Түркі
тілі мен мәдениеті осы екі ортада көп уақыт өтпестен, Шығыстың жазба әдеби
дәстүрге ие мәдени-өркениеттік жүйесінен орын тауып, өздерінің тарихи
тіршілігінің жаңа кезеңін тың ортада бастап кетті.
Алдымен түркілер пайдаланған әдеби түркі тілі, содан кейін осы тілден
сараланған
ұлттық түркі тілдері
Орта ғасырларда Орталық Азиядан бастап
Шығыстың да барлық аймағында жетекші тілдердің бірі ретінде қабылданды.
Сонымен қатар, сол уақыттағы Исламдық Шығыста түркі тілінің қолданылу
аясының өте кең болғандығы да естен шығарылмауы тиіс. Шамамен ХІV
жүзжылдықтарға дейінгі аралықта түркілік басқарушылардың көпшілігі өз
сарайларында негізінен араб және парсы тілдерінің қолданылуына басымдық
беріп келді. Әйтсе де, осы айтылғандарға қарамастан, көп уақыт өтпей
жатып-ақ түркі тілі ең жоғарғы саяси-мәдени деңгейлерде қолданылатын
әмбебап қатынас құралына айналды және Шығыс өркениетінің маңызды
функционалдылық тілі мәртебесіне ие болады.
Ерте ортағасырда түркі этномәдени жүйесінің басымдық жағдайларға
ие болуы төмендегідей жағдай туғызады, атап айтқанда түркі ұлыстары мен
мемлекеті үш тілде, яғни – араб, парсы және түркі тілдерінде жазды. Өзінің
артықшылығы бола тұра оны өз пайдаларына қарай бұрмаламай, мүдделері үшін
пайдаланып кетпей, басқа тілдер мен мәдениеттерге қатысты кемсітушіліктерге
бармауы түркі тілінің әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан теңдессіз үлесінің
бірі болып табылады. Керісінше, олар өздерінің ана тілдерін Шығыстың көне
тілдерінің полигонына алып шығарады. Мұнысымен олар ұтылмады, керісінше
өз тілдерін мәңгіліктің төріне шығарды. Нәтижесінде түркі мәдениеті басқа
да мәдениеттердің тасасында қалып немесе жұтылып кетпеді (мұндайға
ұшыраған үлкен халықтар болды), есесіне, өзге мәдениеттерді қорғаушы,
«өркениет қалқаны» қызметін жемісті атқара алды. Сондықтан да тек түркі
тіліндегі тарихи дереккөздер ғана емес, сонымен қатар көптеген өзге тілдердегі
дереккөздер де түркілер, олардың мемлекеттері мен мәдени мұраларының
теңдессіздігі туралы көптеп жазып қалдырды (143). («Оғыз Қаған», «Китаби
Деде Горгуд», «Көрғұлы», «Манас», «Эмсалы-Түркі» – қанатты сөздер
жинағы), секілді түркілердің өмірлік тарихы, кейде аңызға айналып кеткен
бірақ нақты жағдайлар туралы баяндайтын көптеген эпостары немесе оғыздың
жазба мұралары, көркемдік-эстетикалық ойлаудың ең жоғарғы көрсеткіштері
болып табылады. Үлкен мемлекетке біріктірілгендегі оғыздың жазба мұралары
бірыңғай білім жүйесінің құрылуын қолдайды... Оғыздар және олардың ата-
бабалары, оғыз мәдениеті, оғыз мемлекеттігі туралы баяндайтын дастандар
87
Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер
түркілердің өзге аймақтарды өздеріне қаратып алу идеясын тарату мақсатында
жазылған құралдар болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде, оғыздардың жазба мұралары әр уақыттарда
пайда болған әлемдік түркі мемлекеттерінің идеологияларын қорғайды және
оларды оғыздық үлгіде насихаттайды. Оғыздардың түркілер тарихындағы
үлкен мемлекеттер құруларына белсенділікпен қатысқандықтары табиғи
заңдылық, сонымен қатар олар өз мемлекеттерін де құрды. Олар қашанда
сәулелі мемлекет құру идеясын қолдаушылар
болды. Ақиқатында, оғыздың
жазба мұралары тек оғыздардың мемлекеттері туралы ғана эпостық дәстүрде
ақпараттар жеткізумен айналысып қойған жоқ, жалпы алғанда, бұл түркі
этносының тарихи-идеологиялық дастандары болып саналады. Осы тұрғыдан
алғанда көптеген Оғызнамалар сөз жоқ, түркизм идеологияларын саналы түрде
насихаттаған Орхон-Енисей жазбалары Қашқаридың «диуанымен» бір қатарда
тұрды... Ержүректікке бағытталған түркілік дастандардағы батырлықтың
өлшемі – бұл жанкештілік, батылдық, батырлық пен алып күш иесі, ержүректік.
Ал, дастандардағы жаулап алушылық жөніндегі батырлық белгісі үстемдік
идеяларымен жалғасады. Батыр немесе ержүрек болу әлем билеушісі ретінде
қабылданады. Батырлық, жанкештілік және үстемдік етушілік Оғызнаме
дастандарында Алла Тағаланың болмысы ретінде ұсынылады. Сондықтан да
Орта ғасырдағы авторлар кей уақыттарда түркі әскерін дұрыс жолдан тайып
кеткендерді жазаға тартатын заңдылық пен тәртіпті белгілеуші күш ретінде
көрсетеді (26, 89,100 бет).
«Китаби Деде Горгуд» және «Көрғұлы» дастандары Оғызнамаға кіретін
және барша түркі халықтары арасындағы ең танымал және көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан алып қарағанда да барып тұрған кемел де құнды
дүниелер. «Китаби Деде Горгуд» әлемдік мәдениеттің орасан зор жазба әдеби
жәдігерлерінің бірі болғандықтан, онда оғыздық түркілердің мемлекеттігі
мен оның алғашқы қалыптаса бастаған кезеңінен бергі ахуалдарды, олардың
ғибраттық-адамгершілік құндылықтарын, мемлекет пен жер үшін күрескерлік
рухты, қандай жағдай қалыптаспасын оғыз тайпалары арасындағы бірлікті
сақтап қалуға жанқиярлылық секілді құндылықтар анық та толық ашылып
көрсетілген (54).
Ал, «Көрғұлы» (149) туралы айтар болсақ, мұнда қаһармандық жаңа
қырларынан айшықталады. Халықтың арасынан жарып шыққан батырлар оның
құқын қорғау міндетін өз қолына алады, әділдікті жер бетіне қайта орнату
үшін, тіпті биліктің өзімен күресуге әзір. Ақиқатында түркі эпостарының осы
тектес мағынадағы айтпақтары – бұл ұлы даналықтың мақұлдануы: түркілер
ендігі жерде мемлекет деңгейінен шығып, алып империяға айналғаннан кейін
осымен іс бітті деп, халыққа қырын қарамауы керек. Өйткені, ол осыншалықты
биікке халықтың қолдауымен ғана жетті. Ал, халықтан сырт айналған кез-
келген мемлекет келе-келе сарай деңгейіне дейін кішірейеді, ал халықтың
|