129
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
емес екендігін көрсететін сындарлы қатынас пен шынайы түсінікті алға тартты.
Тарихтың эволюциялануы, саяси құрылымданудың қазіргі ахуалы, Еуразияның
дамуы мен геосаясатының келешегі, өзін-өзі танытудың қажеттілігін жүктейтіні
соншалықты, құрлық тек қана еуразиялықтардың ұлттық-саяси қалауымен
және жаһандық ықпалдастықтың табиғи динамикасымен басқарылуы тиіс, өзге
жол жоқ. Еуразиялық геосаясаттың «жергілікті ойыншылары» «сырттан келген
ойыншылардың» ықпалына еріп кетпеуі тиіс. Бұл – Еуразияның нағыз қисынды
шынайылығының қарапайым ғана шындығы. Еуразиялық геосаясат пен оның
қазіргі заманғы даму тарихында қандай шоғырландырушы күш жетекші
саналмақ? Әрине, тек қана түркілер!
Егер де Еуропа тарихы мен оның бүгінгі этносаяси географиясын бейнелейтін
картаға, сондай-ақ осы аумақтағы мемлекеттердің эволюциялық үдерістері
барысына назар салып қарайтын болсақ, онда түркіден тарайтын топонимдердің
Еуразия кеңістігінде түгелдей, құдды бір аспандағы жұлдыздар секілді
шашылып жатқанын көреміз. Сонымен қатар, Еуразияның тарихи дамуының
екіталай күн кешкен кезеңдеріне де бір сәт үңілер болсақ, мұнда да бірінші
кезекте алдыңғы қатарда келе жатқан түркі батырлары көзге ұшырасады. Мен
өзім негіздеуге тырысқан парадигманы былай деп қысқаша білдірдім:
Достарыңызбен бөлісу: